Оқушылардың бойындағы математикаға деген қызығушылықты ояту, әрбір ұстаздың басты міндеті

Оқушылардың бойындағы математикаға деген қызығушылықты ояту — әрбір ұстаздың басты міндеті. Өз тәжірибемде сабақ барысында түрлі сайыстарды, өзара тексеруді, тест тапсырмаларын, математикалық диктанттарды және әртүрлі деңгейлік тапсырмаларды қолдана отырып, оқушылардың меңгерген білімін жүйелі түрде бақылап отырамын.

Төменде 7-сыныпта өткізілген «Үшбұрыштың түрлері» тақырыбындағы сабақтың қысқаша мазмұны ұсынылады.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Үшбұрыштардың түрлері туралы оқушыларға нақты әрі жүйелі ақпарат беру.
  • Осы тақырыпқа арналған есептерді шығаруға үйрету.
  • Сызбамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың іскерлік қабілеттерін дамыту.
  • Шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

Тәрбиелік

  • Жолдастарының алдында жауапкершілік сезімін арттыру.
  • Еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастыруды қадағалау.