Кім айтады балалар
Білімділік саласы: Қатынас
Бөлімі: Қоршаған орта
Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншықтарым»
Сабақтың мақсаты
- Балалардың қоршаған ортадағы ойыншықтар туралы түсінігін кеңейту.
- Ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын молайту.
- Суреттер бойынша сөйлем құрауға үйрету.
- Достыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және жағымды көңіл күйді сезіне білуге баулу.
- Ойыншықтарды сүйіп, таза әрі ұқыпты ұстауға тәрбиелеу; ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Әдіс-тәсілдер
Көрнекіліктер
- Ойыншықтар
- Үйшіктер
- Үй жануарлары
- Жабайы аңдар
- Жұмсақ ойыншықтар
- Құрастырмалы ойыншықтар
- Үнтаспа
- Суреттер
- Плакаттар
Сабақтың барысы
Амандасу
Балалар, сабақты бастамас бұрын жарқыраған Күнмен, Жер Анамен және қонақтармен амандасайық.
Амансың ба, Алтын Күн! Амансың ба, Жер Ана! Амансың ба, достарым! Сендерді көріп қуандым. Қуан шаттан, алақай! Күліп шықты күн бүгін! Қайырлы таң, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Шаттық шеңбер: «Күлкі сыйлайық»
Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне күлкі сыйлауға шақырады.
Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ тию не керек, Күліп өмір сүрейік.
Сұрақ-жауап және ой қозғау
Жыл мезгілі туралы жұмбақ
Жеміс-жидек пісіп жатыр, Түсіп жатыр бау-бақта. Жапырақтар түсіп жатыр, Ұшып жатыр жан-жаққа.
Жауабы: Күз мезгілі
Тәрбиеші
Балалар, біз күнде қайда келеміз?
Балалар
Балабақшаға келеміз.
Тәрбиеші
Топтың атауы қалай аталады?
Балалар
«Балапан».
Тәрбиеші
Балабақшада біз не істейміз?
Балалар
Ойыншық ойнаймыз, сабақ оқимыз, тамақ ішеміз, ұйықтаймыз, ойын ойнаймыз, далада ойнаймыз, би билейміз.
Тақпақтар: балабақша және ойыншықтар
Бекмұхамбет
Бала, бала баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз.
Дамира
Балабақша есігін Үш тола ашқанбыз. Балапандай өсіріп, Мәпелейді бақшамыз.
Тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп, сұрақ қояды: «Не көріп тұрсыңдар?» Балалар өз ойларын айтып, құлыншақ, қуыршақ, қоян, машина, доп сияқты ойыншықтарды атайды.
Іші толы бөлменің — Ойыншығым мол менің. Босқа тізіп қоймайық, Келе ғой, дос, ойнайық.
Нұрдана
Ойыншықтарым көп менің, Бәрін жақсы көремін. Кешке дейін жалықпай, Бірге ойнап жүремін.
Алтынзер
Ойыншығым — қуыршақ, Не берсем де жемейді. Еркелігі соншама, Көтермесем жүрмейді.
Дидактикалық ойын: «Ненің төлі?»
Ойынның шарты
Тәрбиеші балаларға көзін жұмдыртып, кез келген дыбыс шығарады. Балалар дыбысты тыңдап, оның қай жануардың дауысы екенін табады.
Үлгі сұрақ-жауап
Тәрбиеші
Ненің дауысы?
Бекмұхамбет
Күшіктің дауысы.
Тәрбиеші: Жарайсың! Ендеше бізге тақпақ айтып бер.