Өлеңді мәнерлеп оқу

Сабақ жоспары: «Қайран, Қарасазым-ай!»

Бұл сабақта оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысып, «Қайран, Қарасазым-ай!» өлеңінің мазмұнын ашып түсінеді. Сабақ құрылымы оқушының тіл байлығын, ой-өрісін, сөздік қорын дамытуға және табиғатты аялауға тәрбиелеуге бағытталған.

Сабақ туралы

Түрі
Жаңа сабақ
Әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі
Ақынның суреті, топтастыру, плакаттар

Сабақтың мақсаты

Танымдық

  • М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім қалыптастыру.
  • «Қайран, Қарасазым-ай!» өлеңінің мазмұнын ашу және түсіндіру.

Дамытушылық

  • Ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын арттыру.
  • Сөздік қорын дамыту, мәнерлеп оқуды жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Табиғатты аялауға, сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
  • Туған жерге деген сүйіспеншілікті тереңдету.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Оқушылар хормен айтады:

Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену,
«5»-ке қолды жеткізу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. 3–4 оқушы «Теңіз жыры» өлеңін жатқа айтады.
  2. Сұрақ-жауап:
    • Ақынның туған күні туралы не делінген?
    • Ертіс өзені қайда орналасқан?
    • Өлеңді ақын қандай көңіл күймен жазған?

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақта М. Мақатаевтың өмірі мен «Қайран, Қарасазым-ай!» өлеңін оқып, танысамыз.

Мұқағали Мақатаев туралы қысқаша

  • Мұқағали Мақатаев (1931–1976) — қазақтың аса дарынды ақыны.
  • Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген.
  • Көптеген өлеңдері мен поэмалары жарық көрген, балаларға арналған жырлары да мол.

Мысал шығармалары

«Өмір-өзен» «Шолпан» тағы басқа

Талқылау: Ақынның тағы қандай өлеңдерін білесіңдер?

Әдебиет теориясы: кейіптеу

Шығармада табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеуді кейіптеу деп атайды.

IV. Оқулықпен жұмыс

  • Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.
  • Оқушылар өлеңді кезекпен мәнерлеп оқиды.

V. Сергіту сәті

Би билегім келеді,
Бірақ қалай бастаймын?
Оң аяқ, сол аяқ —
Өзімді-өзім айналам.

Бас аяқты топ-топ,
Алақанмен соқ-соқ.
Оң аяқ, сол аяқ —
Өзімді-өзім айналам.

Басымызды иеміз,
Би билейміз, күлеміз.
Оң аяқ, сол аяқ —
Өзімді-өзім айналам.

VI. Ойын: «Ұйқасын тап»

Берілген ұйқасқа сүйеніп, қысқа өлең құрастыр.

...... сүйемін
...... күйемін

...... ағаларға
...... иемін

VII. Бекіту (сұрақтар)

  1. Ақынның туған жеріне деген ыстық сезімі қандай сөздермен берілген?
  2. Туған жер туралы мақал-мәтел айт.
  3. Өлеңнен су жағасындағы елік туралы айтылған шумақты тауып оқы.
  4. Ақын туған жерінің келбетін қалай елестетеді?
  5. Туған жердің несін еске алады?
  6. Өлең саған ұнады ма? Неліктен?
  7. Өлеңдегі жан-жануарлардың, құстардың, балықтардың аттарын ата.
  8. Өлең жолдарында нелер туралы айтылады?
  9. М. Мақатаевтың өлеңіне жазылған әнді орында.

VIII. Үй тапсырмасы

  • Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіріп айту.
  • Өлеңде кездесетін жан-жануарлардың, құстардың, балықтардың суреттерін салу.

IX. Бағалау

Оқушыларды текшелер арқылы бағалау.