Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланысты жаз

Сабақ туралы

Пән / сынып

Физика, 9-сынып

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту

Тақырып

Дене импульсі. Күш импульсі. Импульстің сақталу заңы

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға өмірде кездесетін физикалық құбылыстарды мысалға ала отырып, дене импульсі, күш импульсі және импульстің сақталу заңы туралы түсінік қалыптастыру. Негізгі формулаларды тұжырымдау және оларды есеп шығаруда қолдануға үйрету. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, бірін-бірі бағалауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

  1. Оқушылар импульс ұғымының мағынасын түсінеді.
  2. Дене импульсінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі және есептерде қолданады.
  3. Күш импульсінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі және есептерде қолданады.
  4. Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланысты түсіндіреді және есептерде қолданады.
  5. Импульстің сақталу заңын тұжырымдап, есеп шығаруда қолдана алады.

Әдіс-тәсілдер мен құралдар

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Сын тұрғысынан ойлау (СТО)
  • Топтық және жеке жұмыс
  • «Гармошка» әдісі
  • «Себет» тәсілі
  • «Араласып кеткен есептер» әдісі
  • «Бас бармақ» тәсілі
  • Формативті бағалау

Көрнекіліктер

  • Постер қорғау
  • Суреттер
  • Үлестірме карточкалар
  • Семантикалық карта

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әр топқа Ньютонның I заңы, II заңы, III заңы және Бүкіләлемдік тартылыс заңы жазылған қағаздар таратылады. Оқушылар өздеріне түскен қағаздағы заңды анықтап, сол атаумен топ құрайды.

II. Қызығушылықты ояту

«Гармошка» әдісі бойынша әр оқушы өткен тақырыптарға қатысты үш сұрақ құрастырады. Сұрақтар жазылғаннан кейін төрт топ бір-бірімен алмасып, жауаптарды тыңдайды және өзара бағалайды.

III. Мағынаны ашу

Миға шабуыл: сурет бойынша жұмыс

Суреттерге қарап, қандай құбылысты байқайсыңдар?

  • Өлшемдері бірдей шарлардың соқтығысуы.
  • Өлшемдері әртүрлі шарлардың соқтығысуы.
  • Бірнеше шарлардың соқтығысуы.

Негізгі ұғым: «импульс»

«Импульс» сөзі латынның impulsus сөзінен шыққан, мағынасы — «соққы». Механикада бұл термин екі шаманы білдіреді: дене импульсі және күш импульсі.

«Себет» тәсілі: жіңішке сұрақтар

  1. Дене импульсі дегеніміз не? Белгіленуі, формуласы, өлшем бірлігі.
  2. Күш импульсі дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі.
  3. Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланысты жаз.
  4. Тұйық жүйе дегеніміз не?

Оқушылар жауаптарын жазып, «себетке» жинайды.

Жуан сұрақтар

  1. Дене импульсінің бағыты қалай анықталады? Себебін түсіндір.
  2. Күш импульсінің бағыты қалай бағытталады? Себебін түсіндір.
  3. Ньютонның екінші заңын импульс түрінде тұжырымда.
  4. Импульстің сақталу заңын тұжырымда.

Түйінді анықтамалар мен формулалар

Дене импульсі

Дене импульсі — дененің массасы мен оның жылдамдығының көбейтіндісіне тең физикалық шама. Белгіленуі: p.

Формула

p = m · v

Өлшем бірлігі (SI)

kg · m / s

Векторлық қасиеті

Масса — скаляр, ал жылдамдық — вектор. Сондықтан дене импульсі де векторлық шама.

Бағыты

Дене импульсінің векторының бағыты жылдамдық векторының бағытымен сәйкес келеді.