Қосуды азайтумен тексер

Математика (2-сынып): Қайталау сабағы

Бұл сабақ — бұрын өткен тақырыптарды жүйелеуге, есеп шығару дағдыларын бекітуге және оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталған дәстүрлі емес “саяхат сабақ” форматындағы қайталау сабағы.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: оқушыларды есеп шығаруға дағдыландыру, алған білімдерін жетілдіру.
  • Дамытушылық: тез есептеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік: әсемдікке баулу, мақсатқа жетуде ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа және өздігінен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың типі
Іскерліктер мен дағдыларды жетілдіру
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес (саяхат сабақ)
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік және топтық жұмыс
Көрнекіліктер
Слайдтар, интерактивті тақта, оқулық
Пәнаралық байланыс
Бейнелеу өнері, ана тілі

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Кабинет тазалығын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.

Бүгінгі сабақта еліміздің қалаларын аралап, саяхат жасаймыз. Саяхатымызды бастау үшін алдымен ауа райын “ашайық”: күннің бетін жапқан бұлттарды тарату үшін әр бұлттың артындағы тапсырманы орындаймыз. Күн бұлтты болса, саяхатқа шыға алмай қаламыз.

“Бұлттарды тарату” есептері

Жылдам есептеу

Қосу

19 + 9 = 28

Қосу

37 + 7 = 44

Қосу

55 + 8 = 63

Азайту

50 − 8 = 42

Қосу

64 + 16 = 80

Қосу

42 + 38 = 80

Қосу

28 + 32 = 60

Қосу

46 + 14 = 60

Азайту

60 − 5 = 55

Азайту

30 − 7 = 23

Қосу

75 + 5 = 80

Қосу

51 + 29 = 80

Біз қай қалада тұрамыз? Олай болса, Қызылордадан Алматыға бару үшін автобусқа отырамыз. Бірақ автобус жүргізушісі мынадай шарт қояды: үй тапсырмасын орындағандар ғана автобусқа отырады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Барлығымыз тапсырманы орындадық па?

Олай болса, балалар, сәттілік!

III. Жаңа сабақ: тапсырмалар жинағы

Төмендегі тапсырмалар есептеу дағдыларын бекітуге, бөліп салу, теңдеу шешу және тексеру тәсілдерін қолдануға арналған.

1-тапсырма

12 алманы 4 тәрелкеге тең бөліп салды. Әр тәрелкеге неше алмадан түсті?

2-тапсырма

Әжей шарадағы 4 л қымызды 4 кесеге тең бөліп құйды. Әр кесеге неше литр қымыз құйылды?

3-тапсырма

14 (15, 16, 18) санынан нәтижесінде нөл шығатындай етіп, бірдей сандарды азайт.

Үлгі

  • 15 − 5 − 5 − 5 = 0
  • 15 − 3 − 3 − 3 − 3 − 3 = 0

4-тапсырма: есептер

А)

Наурыз тойында 60 өнерпаз оқушы қатысты. Олардың 20-сы әнші, 6-уы биші, ал қалғандары — домбырашылар. Тойға неше домбырашы қатысты?

Ә)

Өнерпаздар байқауына қатысқан 42 адамның ішінен 6 адам жүлде алды. Байқауға қатысқан неше өнерпаз жүлде ала алмады?

5-тапсырма: теңдеулерді шеш

Теңдеу

27 + x = 90

Теңдеу

90 − x = 63

Теңдеу

x − 27 = 63

6-тапсырма

Бірліктерін қосқанда 18, ал ондықтарын қосқанда бір таңбалы сан шығатын екі таңбалы екі санның қосындысын жаз. Оның мәнін тап. Қосуды азайтумен тексер. Осындай тағы бірнеше қосынды жазып, мәндерін тап та тексер.

7-тапсырма: мысалдарды шығар

Мысал

34 + 19

Мысал

53 − 18

Мысал

5 + 9 − 6

Мысал

72 − 18

Мысал

50 − 17

Мысал

17 − (12 − 5)

Мысал

46 + 25

Мысал

71 − 24

Мысал

90 − (13 − 6)