Сабақтың тақырыбымен таныстыру
Сабақ туралы мәлімет
- Сынып
- 5-сынып
- Тақырып
- Қол добы ойынының техникасы
Мақсаты
1) Білімділік
Оқушыларға қол добы ойынының негізгі техникасын үйрету және меңгерген дағдыларын жетілдіру.
2) Дамытушылық
Оқушылардың жылдамдығын, ептілігін, икемділігін және шапшаңдығын дамыту.
3) Тәрбиелік
Патриоттық сезімді нығайтып, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ету.
Керекті құрал-жабдықтар
- 1 Гандбол доптары
- 2 Ысқырғыш
Сабақтың мазмұны
Кіріспе бөлімі
- Сапқа тұрғызу.
- Сәлемдесу.
- Рапорт қабылдау.
- Командалық бұрылыстар: «Оңға!», «Солға!», «Артқа бұрыл!»
- Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Дайындық бөлімі
Жүру жаттығулары және олардың түрлері:
- Бір қалыпты жай жүру.
- Қол белде, өкшемен жүру.
- Қол желкеде, аяқтың ұшымен жүру.
- Қол иықта, жартылай отырып жүру.
- Қолды тізеге, желкеге немесе белге қойып жүру.
- Қол желкеде, оңға және солға отырып секіру.
- Терең тыныс алып жүру.