Оқушыға сұрақ айдары әдісі

Сабақтың тақырыбы

«Наурыз» — Сәкен Сейфуллин. «Үздік ұстаз» конкурсына арналған әдебиеттік оқу сабағы (4-сынып).

Сабақтың мақсаты

  • С. Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңін мәнерлеп оқыту.
  • Сыни ойлауды дамыту, өлең мазмұнын жан-жақты талдауға үйрету.
  • Оқушыларды жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу.
  • Топтық жұмыс арқылы бірлесіп әрекет ету дағдысын қалыптастыру, Наурыз айындағы табиғи өзгерістер туралы білімдерін кеңейту.
  • Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

«Оқушыға сұрақ қою» «Бес жол өлең» Венн диаграммасы «Екі түрлі түсініктеме» күнделігі Сөзжұмбақ Эссе / ой толғаныс

Күтілетін нәтиже

  • Өлеңді мәнерлеп оқи алады.
  • Өлең мазмұны бойынша ой қорытып, тұжырым жасай алады.

Көрнекіліктер

Бейнеклип, ақын-жазушылардың портреттері, Наурыз мейрамының суреттері, топ ережесі, бағалау парағы, кері байланыс парағы.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1

    Топқа бөлу

    Әр оқушы парақта жасырылған көктем айларының атауына сәйкес топқа бөлінеді: Наурыз, Сәуір, Мамыр.

  2. 2

    Топ ережесін құрастыру

    • Топ мүшелерінің пікірін тыңдау.
    • Ойды еркін әрі нақты жеткізу.
    • Уақытты тиімді пайдалану.
  3. 3

    Топ жетекшісін сайлау

    Топ жетекшісі анықталып, бағалау парақтары таратылады.

  4. 4

    Топ атын қорғау

    Әр топ өз атауын қысқаша таныстырып, мәнін түсіндіреді.

Қызығушылықты ояту кезеңі

Наурыз мейрамы туралы бейнеролик көрсетіледі.

Талқылау сұрақтары

  • Бейнеролик қандай мейрам туралы?
  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы?

Мағынаны ажырату кезеңі

Тапсырмалар

  • 1, 2, 3-топтарға өлеңді іштен оқыту.
  • Өлеңді мәнерлеп оқыту.
  • «Оқушыға сұрақ» әдісі арқылы сұрақ-жауап ұйымдастыру.

Автор туралы мәлімет

Мекеме

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы әкімдігінің №26 орта мектебі КММ

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі — Шакенова Медина Еренгаиповна

Толық нұсқасын жүктеу