Антоним сөздерді ажырату мағынасын түсіну
Байқау туралы мәлімет
Категория
Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы
Антоним дегеніміз не?
Оқу мақсаттары
Синоним, антоним, омоним ұғымдарын меңгерту: сөздікпен жұмыс жасау, сөздерді ажырату, мағынасын түсіну және сөйлеу барысында орынды қолдану.
Күтілетін нәтиже
- Антоним сөздерді ажыратады және мағынасын түсінеді.
- Антонимдерді сөйлеу барысында дұрыс қолданады.
Саралау (оқушылар бойынша)
Барлық оқушылар
Антоним туралы түсінік қалыптастырады.
Көпшілік оқушылар
Тапсырмалар барысында антонимдерді табады және мағынасын ажыратады.
Кейбір оқушылар
Антонимдерді өмірлік жағдаяттарда қолдана алады.
Бағалау критерийлері
- Антоним сөздерді ажыратады және мағынасын түсінеді.
- Антоним сөздерді сәйкестендіре алады.
- Сөйлеу барысында антоним сөздерді қолдана алады.
Ресурстар
Құндылықтарды дарыту
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы құндылықтары негізінде оқушыларды ұлтжандылыққа, бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу және жауапкершілігін арттыру.
Әдіс-тәсілдер
Оқыту тәсілдері
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік, рефлексия.
Пәнаралық байланыс
Музыка, қазақ тілі.
Сабақтың басталуы (5 минут)
Ұйымдастыру сәті
Алақай, сабақ басталды!
Өлең
Гүл өсірсең, терлеп — мұның аты еңбек.
Кесте тіксең, зерлеп — мұның аты еңбек.
Қырға шықсаң, өрлеп — мұның аты еңбек.
Сабағыңа жөндеп әзірленсең — еңбек.
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек!
Еңбек ет те мақтан, ойнап-күл де шаттан!
1-топ
Футболшылар
2-топ
Волейболшылар
3-топ
Баскетболшылар
Ширату өлеңі
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатыр жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.
Талқылау сұрағы
Өлеңде қандай сөздер кездеседі?
Негізгі ұғым: антоним
Анықтама
Антонимдер — мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер.
Шығу тегі
«Антоним» сөзі грек тілінен шыққан: anti — «қарсы», onoma — «атау».