Дәстүріңді сақтай біл

«Біз бақытты отбасы» сайысының мақсаты

Ата-аналарды сайысқа қатыстыра отырып, баланың ата-ана өміріндегі маңызын ашу, ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігін көрсету. Халық ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр туралы білімдерін байқау. Отбасының Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі

Жиналыппыз сәтті күн бәріміз де,
Үлкен-кіші, жасымыз бар, кәріміз де.
Төрлетіңдер, қадірлі қонақтарым,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.

Отбасы — бір түбірден тараған өмір мектебі. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Бала — бақыт, бала — қуаныш, өмірді жалғастырушы. Ал ата-ана — тәрбиелеуші, демеуші.

Әке — асқар тау, Ана — мөлдір бұлақ, Бала — жағасындағы құрақ. Тәрбие — тал бесіктен басталады.

Әке мейірімі мен қайратын сезініп, ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Отбасы — қоғамның негізі. Баланың ертең жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасындағы тәрбиеге тікелей байланысты.

Бүгін балабақшамызда «Біз бақытты отбасы» атты сайыс өтеді. Ендеше, сайысқа қатысушы отбасыларды ортаға шақырайық.

Қатысушы отбасыларды таныстыру (шақыру мәтіндері)

1-отбасы

Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл-сана.
Көркіне ақылы да сай келетін
____________ отбасы ортамызда.

2-отбасы

Қуантады білімімен бәрімізді,
Қол соғып қарсы алайық енді оны.
____________ отбасы келіп қалды —
Татулықты ту еткен отбасы бұл!

3-отбасы

Жігітке ақыл, білім жарасады,
Нағыз ер халқыменен санасады.
Сайысқа бар күшімді саламын деп,
____________ отбасы таласады.

4-отбасы

Отбасылық ойынға,
Келдік біздер асыға.
Жұлдыздай болып жарқырап,
Шығамыз біз топ жарып —
____________ отбасы!

Сайыс кезеңдері

  1. 1 Таныстыру
  2. 2 Дәстүріңді сақтай біл (көрініс)
  3. 3 Мақал-мәтелді жалғастыр. Жұмбақтың шешуін тап
  4. 4 Көңілді аспаздар
  5. 5 Полиглот
  6. 6 Сурет салу
  7. 7 Сән үлгісі

Келді міне бүгін сынауға,
Сыналып, үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділқазы әділ баға.

Әділқазылар

  • 1) ____________
  • 2) ____________
  • 3) ____________

I кезең: Таныстыру

Бәйге жарыс деген соң жарысайық,
Мәреде бәрімізге табысайық.
Бұл байқауды «Бисмиллә» деп бастау үшін,
Алдымен әулеттермен танысайық.

II кезең: «Дәстүріңді сақтай біл» (көрініс)

Ата-ана деген тіршіліктің иесін,
Сыйлайтынын адал бала білесің.
Өмір балын тамызар да ерініңе,
Шымырлатып еріткен бар жүйесін.

III кезең: Мақал-мәтел және жұмбақ

Шебер болсақ, тіл байып,
Шешендіктер — бір ғайып.
Мақал-мәтел үйреніп,
Тілімізді шыңдайық.

Тапсырма 1

  • 1) Қарға баласын «аппағым» дер, кірпі баласын __________ (жұмсағым дер).
  • 2) Атаның көңілі балада, баланың __________ (көңілі далада).
  • 3) Отан __________ басталады (отбасынан).
  • 4) Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. Кітап.
  • 5) Қардай аппақ, балдай тәтті-ақ. Қант.

Тапсырма 2

  • 1) Ине өткен жерден __________ (жіп өтер).
  • 2) Інісі бардың тынысы бар, ағасы бардың __________ (жағасы бар).
  • 3) Балалы үй — базар, баласыз үй — __________ (қу мазар).
  • 4) Ұрсаң жерде зулайды, жерде қарғып тұрмайды. Тиіп кетсе басына, ешбір зиян тимейді. Доп.
  • 5) Жылт-жылт еткен, жырадан өткен. Су.

Тапсырма 3

  • 1) Бас екеу болмай, мал __________ (екеу болмас).
  • 2) Ананың ізін қыз басар, атаның __________ (ізін ұл басар).
  • 3) Жылы-жылы сөйлесең, __________ (жылан інінен шығады).
  • 4) Әрі қызыл, әрі тәтті. Татқан жанды таңырқатты. Алма.
  • 5) Тілден ұшып, құлаққа қонады. Сөз.

IV кезең: «Көңілді аспаздар» (аналар сайысы)

Кірпігімнің әр қағысын санаған,
Көз аудармай күндіз-түні қараған.
Айналамда жүргендердің бірінен
Бар ма анамдай тірлігіме жараған?

V кезең: Сурет салу (әкелер сайысы)

Ыстық-ау, кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
«Алдымен адам бол» деп жетелеген.

Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсем дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған?

Шарт

Сайысқа қатысушы әкелер белгілі бір уақытта кез келген тақырыпқа сурет салып ұсынады.

Ән: Аруна

VI кезең: Полиглот

Қатыссаңдар, көтерер көңіл күйін,
Ойынның ойнайсыздар неше түрін.
Сөздерден көп жаңа сөз құрап шықса,
Мақсатқа жетеміз-ау біз де бүгін.

Тапсырма

«Алтыбақан» сөзінен жаңа сөздер құрастыру.

VII кезең: Сән үлгісі

Әдемі болыңдар, әсем болыңдар,
Сонымен бірге ақылды болыңдар.
Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар,
Сонымен бірге саналы болыңдар.

Сабырлы болыңдар, салиқалы болыңдар,
Сонымен бірге салауатты болыңдар.

Иә, жақсылыққа шын сенейік,
Отбасын бір биікке теңейік.

Енді отбасылар өз қиялдарынан жасаған сән үлгісін балаларына кигізіп, көрсетеді.

Қорытынды сөз

Сөз кезегін әділқазыларға берейік.

Құрметті ата-аналар, балалар және қонақтар! «Отбасы — бақыт мекені» апталығы аясындағы «Біз бақытты отбасы» сайысымыз өз мәресіне жетті. Барша отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рақмет!