Ажардың күйзелісі
5-сынып
Тақырыбы: Діни әңгімелер
Сілтемелер
- Мұғалімге арналған нұсқаулық
- Оқулық: Ә. Дайыр, Қ. Айтқалиев, Ш. Беркімбаева, Г. Құрманбай (2010)
Негізгі идея
«Саясат күнде өзгереді, ал дін — мәңгілік. Біздің тегіміз — түрік, дініміз — ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін Қасиетті кітап — Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауға тиіспіз.»
— Н. Ә. Назарбаев
Құрал-жабдықтар
Мультимедиа, слайдтар, электронды оқулық
Оқыту тәсілдері
Жаңа әдістер, Блум таксономиясы, АКТ, жеке/жұптық/топтық жұмыс
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға Құран Кәрім, аят пен хадистің мәні, Смайылдың дүниеге келуі, Әби Зәмзәм суының пайда болуы, Алла Тағаланың шапағаты мен шексіз мейірімділігі туралы мәлімет беру. Әңгімені оқыту және кейіпкерлер туралы пікір қалыптастыру.
Дамытушылық
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту; жазу арқылы сөз байлығын молайту; логикалық ойлау қабілеті мен ізденімпаздықты қалыптастыру; тақырыпқа қызығушылықты, шығармашылық белсенділік пен танымдық дербестікті арттыру.
Тәрбиелілік
Әңгіменің мазмұны арқылы имандылық сезімін ояту; мейірімділікке, адамгершілікке, ізгілікке және имандылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер
- Діни әңгімелер туралы білім қалыптасады.
- Өзіндік ойды ортақ пікірге тоғыстыра алады.
- Әрекетті сыни бағалауды үйренеді.
- Сөйлеу мәнері мен мазмұндау дағдысы дамиды.
- Топпен жұмыс істеу мәдениеті қалыптасады.
Сабақ барысы
Әр кезең нақты уақытпен жоспарланып, оқушының белсенді қатысуына бағытталған.
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
Мұғалім әрекеті
Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастырады, оқушыларды топқа бөледі, бағалау парақтарын таратады.
Оқушы әрекеті
Бір-біріне жылы тілектер айтады (мысалы: «Сабира — сабырлы бол», «Нұрсұлтан — нұрлы бол», «Нұрзада — жайдарлы бол»). Діни әңгіме кейіпкерлері бойынша топтарға бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру
5 минут
Мұғалім әрекеті
Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын тексереді.
- Адам ата күллі ғаламды қалай жаратты?
- Періштелерге не туралы уағыз айтты?
- Алла адамды қалай жаратты?
- Оның есімі кім?
- Адам ата мен Хауа ананы кім азғырды?
- Алланың Ібіліске берген жазасы қандай?
Оқушы әрекеті
Сұрақтарға жауап береді, жеке жұмыс орындайды.
Негізгі бөлім
Оқу әрекеттері кезең-кезеңімен
1) Білім
5 минут
Мұғалім әрекеті
Әңгімелерді топтарға бөліп, оқуға береді.
Оқушы әрекеті
Берілген мәтінді оқып шығады.
2) Түсіну
10 минут
Жоспар
- Ибраһим – Сара – Ажар арасындағы жағдай
- Бала тілеуіне байланысты Ибраһимнің Ажарға үйленуі
- Нәрестенің дүниеге келуі
- Қызғаныш
- Ибраһимнің жұбайының сөзін орындауы
- Ибраһим пайғамбардың зары
- Ажардың күйзелісі
- Бала өкшесінің астынан судың шығуы
- Зәмзәм суы
- Аллаға Ажардың ризашылығы
Оқушылар жоспар бойынша әңгімені мазмұндайды.
Сергіту сәті
«Рухани тазару әлеміне саяхат» — ән тыңдау
1 минут
3) Қолдану
3 минут
Мұғалім әрекеті
«10 сұрақ» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс ұйымдастырады.
Оқушы әрекеті
Әр топ 3–4 сұрақ дайындайды. «Ыстық орындыққа» отырған оқушы сұрақтарға жауап береді.
4) Талдау
10 минут
Мағынаны ажырату: «Кубизм» стратегиясы
1) Зерттеңіз
Әңгіменің идеясын және тақырыбын ашу.
2) Суреттеңіз
Кейіпкерлерге мінездеме беру. Ажар мен Сараның іс-әрекетін талдау.
3) Салыстырыңыз
Әңгімедегі әйелдер бейнесін салыстыру (Венн диаграммасы).
4) Нақыл сөз
Шыдамдылық пен төзімділік туралы мақал-мәтелдер жазу.
Топтық жұмыс
- I топ: зерттеу — идеясы мен тақырыбын ашады.
- II топ: суреттеу — кейіпкерлерге мінездеме береді.
- III топ: салыстыру — Ажар мен Сараны Венн диаграммасы арқылы салыстырады.
5) Жинақтау
6 минут
Мұғалім әрекеті
«Ой толғаныс» кезеңінде оқушыларға алған әсері бойынша шығармашылық жұмыс орындатады.
Оқушы әрекеті
Эссе жазады: «Дінімізге адал болайық».
6) Бағалау
3 минут
Мұғалім әрекеті
Топ басшыларының бағалауымен салыстыра отырып, қорытынды бағаны қояды және сабақты қорытындылайды.
Оқушы әрекеті
Топ басшысы бағалайды; топ мүшелері бір-бірін және өзара жұмыстарын бағалайды.
Кері байланыс
2 минут
«Кері әсер парағы» сұрақтары
- Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
- Не білдім?
- Не ұнады?
- Сабақтан алған әсерім.
Үй тапсырмасы
1 минут
- Имандылық пен дін туралы әңгімелер оқып келу.
- Ақындардың қысқа шумақты өлеңдерін жаттау.