Сабақтың тақырыбы. Сабақты бекіту
Сабақтың тақырыбы
WordPad құжатына суреттерді кірістіру. WordPad бағдарламасымен жұмыс.
Сабақтың мақсаты
Білімділік мақсаты
- WordPad құжатына суретті кірістіру туралы толық мәлімет беру.
- WordPad бағдарламасынан шығуды үйрету.
- Редактордың құрал-саймандарын дұрыс пайдалану және командаларды орындау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты
- Эстетикалық талғамды қалыптастыру.
- Нәтижеге ұмтылуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру.
- Ұқыптылыққа, адамгершілікке және компьютерде дұрыс отыру мәдениетіне тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты
- Графикалық жұмыстар арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.
- Пәнге деген қызығушылықты арттыру.
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
II. Өткенге шолу
- Үй тапсырмасын сұрау.
- Тест жұмысы (компьютерде орындалады).
III. Негізгі бөлім
- WordPad құжатына суретті кірістіру.
- WordPad бағдарламасынан шығу.
IV. Көрнекілігі
- Компьютер.
- Проектор.
- Тест тапсырмалары.
Сабақ жоспары: ойындар мен белсенділіктер
«Кім білімді»
Өткенді қайталау және сұрақ-жауап арқылы білімді бекіту.
«Жұмбақ сөз»
Өлең жолдарын дұрыс орналастыру арқылы мәтінмен жұмыс жасау.
«Жалғасын тап»
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу және сәйкес суретпен толықтыру.
«Ұшқыр ой»
WordPad-та мәтін теру, көшіру-қою, түспен ерекшелеу және сурет қосу.
«Кім жылдам»
Тест тапсырмалары арқылы жылдамдық пен дәлдікті тексеру.
Өткенді шолу
Алдыңғы тақырыптарды жинақтап, жаңа сабаққа көпір жасау.
Жаңа сабақ: WordPad құжатына сурет кірістіру
WordPad құжатына дайын суреттерді немесе Paint графикалық редакторында (не басқа графикалық қолданбаларда) жасалған суреттерді кірістіруге болады. Графикалық объектіні енгізу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
- Paint графикалық редакторында сурет салыңыз.
- Немесе суретті суреттер кітапханасынан таңдаңыз.
- Paint-тағы суретті қиып алыңыз немесе көшіріңіз: Түзету (Правка) мәзірінен Көшіру (Копировать) немесе Қию (Вырезать) командаларының бірін таңдаңыз.
- Сурет енгізілетін WordPad құжатын ашып, меңзерді сурет қойылатын орынға орналастырыңыз да Түзету → Кірістіру (Вставить) командасын орындаңыз.
- Сурет құжат ішінде пайда болады.
WordPad бағдарламасынан шығу
WordPad-тан шығу үшін терезені жабу батырмасын басыңыз немесе Файл → Шығу (Выход) командасын таңдаңыз. Егер құжат сақталмаған болса, экранда «Сохранить изменения в файле?» сұрағы бар терезе шығады.
Компьютермен жұмыс
1) Суретпен жұмыс
Оқушылар Аналар мерекесіне орай құттықтау хат жазып, құжатқа сурет кірістіреді.
2) Галереяны шолу
Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын қарап шығып, пікір білдіреді және бағалайды.
Ойындар мен тапсырмалар
«Жұмбақ сөз» ойыны — Тапсырма №1
Өлең жолдарын дұрыс тауып, ретімен компьютерде теріп орындаңыз.
Балалық шағың Тіл жетпес тағы, Патшаның оны бағалап. Көп өтпей жыл, Сағалап, Тек жүрмей, Біл күнді тек. «Балалық шақ» — М. Жұмабаев
«Жалғасын тап» ойыны — Тапсырма №2
Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, компьютерде орындаңыздар және сәйкес сурет қойыңыздар.
- Өнер алды — ..............
- .............., қол батыр.
- Аяз .........., .......... біл.
- ........... — зор байлық.
- Әке — ............, ..... — шалқар көлің.
«Ұшқыр ой» ойыны
- Пуск → Программы → Стандартные → WordPad командасын орындаңыз.
-
Қайталанатын үзінділерді көшіріп қою арқылы мәтінді теріңіз. Көшірілген үзінділерді басқа түспен ерекшелеіңіз.
Көбелек Ақ қанатты көбелек, Көк қанатты көбелек, Қызыл қанатты көбелек, Бақшамызға келе кет. Гүлдер, гүлдер көктесін, Көбелектер көп келсін. Ақ қанатты көбелек, Бақшамыздан кетпесін. Көбелек-ау, көбелек, Бақшамызға келе кет.
- Тақпақты жазып болғаннан кейін көбелектің суретін кірістіріңіз.
«Кім жылдам» ойыны
Тест тапсырмалары беріледі. Жауабыңыз дұрыс болса фигура жасыл түске, дұрыс болмаса қызыл түске боялады.
Сергіту сәті
Көзге арналған жаттығулар жасау.
Сабақты бекіту
- Мәтін ішіне суретті кірістіру үшін қандай іс-әрекеттер орындалады?
- WordPad құжатынан шығудың неше тәсілі бар?
Қорытынды бөлім
Оқушыларды бағалау
Оқушылардың жұмысы тапсырмаларды орындау сапасына, дәлдігіне және уақытты тиімді пайдалануына қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
WordPad-та қысқа мәтін теріп, кемінде бір сурет кірістіріп келіңіз.