Сұрақ қой
Сабақ: қазақ тілі
Тақырыбы: Үстеу. Үстеу түрлері
Көрнекіліктер
Кесте, суреттер.
Әдіс-тәсілдер
Жұптық, топтық жұмыс, СТО стратегиялары.
Мақсаты мен міндеттері
1) Білімділік
- Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
- Үстеу және оның түрлері туралы түсінік беру.
2) Дамытушылық
- Сөз таптарын ажырата білу қабілетін дамыту.
- Сөз таптарының сұрақтарын білу дағдыларын жетілдіру.
- Оқушы белсенділігін арттыру.
3) Тәрбиелік
- Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сабаққа назар аударту, сыныпты ұйымдастыру.
- Қызығушылықты ояту.
2) Қызығушылықты ояту
Суреттер арқылы сөздік диктанты: суретте берілген заттарды атап, дәптерге жазу.
Каллиграфиялық минут.
3) Мағынаны тану
Тапсырма: кеше, ертең, қыстыгүні, қыста, тез, қазір сөздеріне сұрақ қойыңдар.
Олар нені білдіреді деп ойлайсыңдар?
Ереже
Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табын үстеу дейді. Үстеулер қашан? қайда? қалай? сұрақтарына жауап береді.
Мысалдар
- Кемел кітапты тез оқиды.
- Алмас қазір келді.
- Түнде қар жауды.
4) Кубизм стратегиясы
1-жаттығу
- Мен бүгін ауылға жүремін.
- Жолаушылар ілгері жүріп кетті.
- Қарлығаш төмен ұшса, жаңбыр жауады.
- Үсен әдейі үндемеді.
- Айдын айтқанды тез ұғады.
1) Сұрақ қой
Үстеуге тиісті сұрақтарды анықта.
2) Түсіндір
Сөздің мағынасын ашып бер.
3) Байланыстыр
Үстеудің қай сөзге қатысты тұрғанын көрсет.
4) Дәлелде
Неліктен үстеу екенін негізде.
Топтық жұмыс: «Әдебиет үйірмесі»
1-топ
Зерттеушілер
2-жаттығу: былтыр, күндіз, төмен, кенеттен, кезде, жорта, жоғары.
- Сөздерді етістіктермен тіркестіріп жаз.
- Әр үстеуге сұрақ қой.
- Іс-әрекеттің қандай белгісін білдіретініне назар аудар.
7-жаттығу: мәтін бойынша жұмыс (ереже бойынша талдау).
2-топ
Жазушылар
9-жаттығу: берілген үстеулерді қатыстырып сөйлем құра.
3-топ
Дәнекерлер
Үстеуді қолданып, мақал-мәтелдер құрастыр.
5) Ой толғау
3-жаттығу
Ребусты шеш (өзіндік жұмыс).
4-жаттығу
Жұмбақты көшіріп жаз, шешуін тап.
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді.
Дәлелдеу үлгісі: іс-әрекеттің мезгілін (мекенін, сын-қимылын) білдіреді. Бұл — үстеу, өйткені қалай? (қашан? қайда?) сұрағына жауап береді.
6) Үй тапсырмасы
- Ережені пысықтау.
- 5-жаттығу.
7) Бағалау
Оқушылардың жұмысы тапсырмаларды орындауына, белсенділігіне және дәлелдеуіне қарай бағаланады.