Жалпы ереже

Қонаққа бару мәдениеті

Қонаққа барғанда үй иелеріне қандай сыйлық алатыныңыз, қандай киім киетініңіз ғана емес, сол ортада өзіңізді қалай ұстайтыныңыз да маңызды. Қонаққа барудың кейбір ережелерін қатаң ұстану — этикетке сай мінез-құлықтың белгісі.

Уақытты құрметтеу

  • Кешігіп бармаңыз — бұл үй иесін сыйламау ретінде қабылданады.
  • Белгіленген уақыттан ерте бармаңыз — үй иесін әбігерге салуыңыз мүмкін.
  • Ең дұрысы — дәл келісілген уақытта келу.

Киім және сыйлық

  • Киімді алдын ала дайындап, мерекеге сай, жарасымды таңдаңыз.
  • Ұқыпты әрі сәнді киіну — үй иесіне деген құрмет.
  • Сыйлықсыз келмеуге тырысыңыз: шағын отырыс болса да, тәтті немесе жеміс әкелген жөн.

Қонақтағы әдеп

Өзіңізді еркін сезініңіз, бірақ табиғи әрі жинақы болыңыз. Қонақтарға жылы шырай танытып, ортақ әңгімеге қосылып, жайлы атмосфера қалыптастыруға үлес қосыңыз.

Дастархан басында жеке мәселелер мен қиындықтарды қозғаудан аулақ болған дұрыс. Уақытты ескеріп, қонақта тым ұзақ отырмаңыз: уақытында келіп, уақытында қайтыңыз.

Қайтарда қонақтармен қоштасып, үй иесіне жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтуды ұмытпаңыз. Осы қарапайым қағидаларды ұстансаңыз, айналаңыз сізді сыпайы әрі мәдениетті адам ретінде таниды.

Мерекелік дастархан басында өзіңді қалай ұстау керек?

Дастархан басындағы мінез-құлық — этикеттің қыр-сыры көп маңызды бөлігі. Көпшілік бәрін бірдей біле бермейді, бірақ негізгі ережелерді меңгеру жеткілікті.

Ас құралдары

  • Қасық пен шанышқыны дұрыс қолдануды білген жөн.
  • Шанышқы мен пышақ берілсе: шанышқы — сол қолда, пышақ — оң қолда.
  • Тек шанышқы ұсынылса, оны оң қолға ұстаңыз.
  • Қасықты ұқыпты ұстап, тағамның тамып кетпеуін қадағалаңыз.

Қозғалыс және әңгіме

  • Тағамға қол созып алыстан алмаңыз — жақыныңыздан алып беруін сұраңыз.
  • Көршіңізбен сөйлескенде тек басыңызды жай бұрып сөйлессеңіз жеткілікті.
  • Дастархан басында көп қимылдамаңыз — айналаңызға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін.
  • Тағамды сынап-мінеу мәдениетсіздік ретінде қабылданады.

Тамақтануды аяқтау

  • Шайнау кезінде қолды төменірек түсіріп, асықпай тамақтаныңыз.
  • Тамақтанып болған соң, ас құралдарын тәрелкенің үстіне қойыңыз — бұл тәрелкені ауыстыруға болатынын білдіреді.
  • Мереке кезінде ыдыс-аяқ сынып қалса, кешірім сұраңыз, бірақ қайта-қайта сөз етпеңіз.

Жалпы ережелер

  1. 1 Қағаз сулықты жайлап ашып, алдыңызға төсеп қойыңыз. Үлкен болса, жинақы болу үшін екі қабаттап қойған дұрыс.
  2. 2 Арқаны түзу ұстап отырыңыз, шынтақты үстел үстіне қоймаңыз. Қолыңызды қайда қоярыңызды білмесеңіз, тізеңіздің үстіне қойып отырыңыз.
  3. 3 Үстел үстіне телефон, темекі, сөмке, көзілдірік сияқты заттарды қоймаңыз. Тамаққа қатысы жоқ бұйымдар үстелде тұрмауы керек.
  4. 4 Жаңа тағам келгенде, бәрінен бұрын ұмтылмай, аздап күтіңіз.
  5. 5 Тамақты асықпай ішіңіз. Асығу — қонақтарды сыйламау болып есептеледі.
  6. 6 Тағамды шағын бөліктермен жеңіз: сұрақ қойылса, жұтып алып, тез жауап беруге ыңғайлы.
  7. 7 Сорпаның түбіндегі 1–2 қасықты ішпей қалдыруға болады — сықырлатып ішіп, ыңғайсыздық тудырмау үшін.

Этика — күрделі әрі көпқырлы сала. Дегенмен осы ережелерді ұстансаңыз, ыңғайсыз жағдайлардың алдын аласыз.

Балаға арналған этикет

Қонаққа бару ережелерін ұстанумен қатар, сол әдеттерді балаға да үйрету маңызды. Баланың жастайынан қонақта өзін қалай ұстау керектігін түсінікті түрде айтып, дағдыландырып отырған дұрыс. Бұл қағидалар бәріне ортақ, тек балаға жеңілдетіп жеткізген жөн: көп тыйым мен шектеуден ол шатасып қалуы мүмкін.

Туған күнге барарда

  • Кішіпейіл және мейірімді болуды ескертіңіз.
  • Заттарға рұқсатсыз тиіспеуді үйретіңіз.
  • Ойын-сауыққа араласып, қонақтармен жылы қарым-қатынас жасауға баулыңыз.
  • Үй иесін сыйлауды, алғыс айтуды еске салыңыз.

Үстел үстіндегі мінез-құлық

  • Тыныш отырып, артық қимылдамау.
  • Ауызды тамаққа толтырып алып сөйлемеу.
  • Қасық-шанышқыны жалап алмау.

Ең тиімді тәрбие — үлгі

Баланы тым көп «жалған» немесе артық күрделі ережелермен шаршатудың қажеті жоқ — олардың бәрін есте сақтау қиын. Ережелерді қарапайым, түсінікті тілмен жеткізіңіз. Ең бастысы: бала мәдениетті мінез-құлықты алдымен сізден көреді. Сіз қалай ұстасаңыз, ол да соған еліктейді.

Дайындаған: Асыл
Дереккөз: otprazdnuem.com
Тақырып: Қонақ күту және қонаққа бару ережелері