Бөлу амалы

Сабақтың тақырыбы

Бөлу амалының мағынасын пысықтау сабағы.

Білімділік мақсаты

Оқушылардың есептеу дағдыларын қалыптастыру, өткен сабақта алған білімдерін бекіту, көбейту мен бөлуге қатысты жағдайларды қайталау.

Дамытушылық мақсаты

Логикалық тапсырмалар арқылы ойлауды дамыту, есеп түрлері бойынша білімін жетілдіру, шығармашылық қабілетін арттыру және ауызша әрі жазбаша есептеу дағдыларын нығайту.

Тәрбиелік мақсаты

Нақтылыққа, дәлдікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру, табиғатты сүюге баулу, құстардың пайдасын ұғындырып, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың типі
Аралас сабақ.
Сабақтың түрі
Пысықтау, жинақтау.
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау, өз бетінше жұмыс, топтық жұмыс, ой қозғау, іздендіру, түсіндіру.
Көрнекіліктер
Геометриялық фигуралар, есеп мазмұнына арналған суреттер, кестелер, дидактикалық материалдар.
ТСО
Оверхед-проектор.
Пәнаралық байланыс
Бізді қоршаған әлем, қазақ тілі.

Сабақтың барысы

Сабақ құрылымы оқушыларды ұйымдастырудан бастап, үй тапсырмасын тексеру және өткен материалды пысықтау арқылы жаңа тақырыпқа кіріспеге ұласады.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға басамыз.

Есептерді шығарып,

Өсіп алға басамыз.

II. Үй тапсырмасын сұрау және тексеру

№5 (50-бет): есептеу, шешімді тексеру.

Ережелер

  • Қосындыны тексеру: қосындының мәнінен бірінші қосылғышты азайтсақ, екінші қосылғыш шығады; ал мәнінен екінші қосылғышты азайтсақ, бірінші қосылғыш шығады.
  • Айырманы тексеру: айырманың мәніне азайтқышты қоссақ, азайғыш шығады.

76 + 18 = 94

76 − 18 = 58

63 − 37 = 26

51 + 45 = 96

94 − 76 = 18

58 + 18 = 76

26 + 37 = 63

96 − 45 = 51

94 − 18 = 76

96 − 51 = 45

III. Өткенді пысықтау

Сұрақ: Өткен сабақта қандай амалды өттік?

Жауап: Бөлу амалы.

Ойын «Тең бөлемін»

IV. Жаңа сабаққа кіріспе

Күн реті бойынша қысқаша әңгіме жүргізіледі.

Сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем

Сұрақ: «Көктем» сөзінде неше әріп бар? 6 әріп

Сұрақ: Неше буын? 2 буын

Тапсырма: 2 және 6 сандарынан екі таңбалы екі сан құрастырайық. 26, 62

Көркем сан: 62 (сан құрамы талданады).

Сабақтың келесі кезеңі: математикалық диктант.

Автор туралы мәлімет

Өңір

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы.

Мекеме

К. Э. Циолковский атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектеп.

Пән мұғалімі

Рсалиева Сайран.