Парасат тобының ІІІ спикері
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларды адамгершілікке, Отанды сүюге және оны қорғауға баулу; Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру арқылы өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
- Екіжақты позицияны қорғау барысында сөз мәдениетін дамытып, объективтілікке, елжандылыққа, принципшілдікке тәрбиелеу.
- Тақырыпқа қатысты деректер, материалдар, фактілер және статистикалық мәліметтерді талдау арқылы оқушылардың танымдық-эвристикалық қабілеттерін арттыру.
Сабақ әдісі
Пікірталас, сұрақ–жауап
Жаңа технология
Проблемалық полемика, аймақтық компонент
Пәнаралық байланыс
Тарих, АӘД, саясат, экономика, әлеуметтану
Көрнекілік
Слайд, интерактивті тақта, буклет, сөздер жазылған кюветка
Өткізілу барысы
- 1 Кіріспе
- 2 «Ұлы Жеңіске мың тағзым!» бөлімі
- 3 Пікірталас
- 4 Қорытынды
Кіріспе: Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Сабаққа қош келдіңіздер. Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толады. 9 мамыр — Жеңіс күні — бүкіл әлем бойынша атап өтілетін үлкен мереке. Бұл күн, әсіресе, екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын көтерген, Отан үшін от кешіп, қан майданда қайсарлықпен шайқасқан ардагерлеріміз үшін ерекше қастерлі.
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,
Қирады талай арман көңілге алған.
Ұлы Отан соғысына қатысқан қаһармандар қатарында: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов және жерлестеріміз — Василий Бунтовских, Петр Журба, Мұхамедқалым Шаяхметов, Әбілқайыр Мусин, Ахмедкәрім Ахмадиев, Құмаш Нұрғалиев, Жүнісқали Ықиев және басқа да көптеген азаматтар бар.
Күршімнен майданға аттанғандар
7 658
Оралмағандар
2 475
Жарақаттан қайтыс болғандар
574
Сұрапыл күндер алыстаған сайын ардагерлер қатары сиреп барады. Елін қорғаған ерлердің есімі мәңгі сақталады. Біз оларға құрметпен бас иеміз. Ал бейбіт өмірге жете алмай, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық.
Үнсіздік минуты: 1 минут
Жеңіс туын желбірету жолында жанын қиған боздақтарды еске алу.
1941 жылдың 22 маусымында таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан сәтте елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын кезеңді бастан өткерді. Фашистік Германия опасыздықпен басып кірді.
Қазақстанның соғыс жылдарындағы үлесі (дерек)
- Соғысқа дейінгі халық саны
- 6,2 млн
- Майданға аттанғандар
- 1 196 164
- Еңбек армиясына жіберілгендер
- 700 000
Соғыс жылдары әскери комиссариаттар арқылы Қазақстаннан шамамен 1,9 млн адам сапқа тұрды. Соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде-кем еді.
Қан майданда қаза тапқан ерлердің рухына және бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға тағзым етейік. Олардың ерлік істері ешқашан ұмытылмауға тиіс.
Келесі бөлім — оқушылар пікірталасы. Тақырып: «Батырлардың ұрпақтары».
Пікірталас: тақырып және ереже
Тақырып
«Ұлы Отан соғысы» ұғымын «Екінші дүниежүзілік соғыс» атауымен алмастыру дұрыс па, бұрыс па?
Сарапшылар
- Тарих пәнінің мұғалімі: Акчаганова Күлзия
- ҚР мәдениет саласының үздігі, аудандық мұражай басшысы: Нүрзияш Дүкенқызы
Қатысушылар және позициялар
Парасат тобы
Жақтаушы позиция: «Ұлы Отан соғысы» атауын «Екінші дүниежүзілік соғыс» деп алмастыру дұрыс емес.
Ақиқат тобы
Даттаушы позиция: «Ұлы Отан соғысы» атауын «Екінші дүниежүзілік соғыс» деп алмастыру дұрыс.
Сөйлеу тәртібі
Әр спикерге 3 минут беріледі. Жақтаушы тарап әр сөзден кейін қарсы тараптың уәжіне тойтарыс беріп, содан соң өз дәлелдерін ұсынуға міндетті. Әр спикер ойды жинақтап, қорытынды жасайды.
- 1Парасат тобының I спикері
- 2Ақиқат тобының I спикері
- 3Парасат тобының II спикері
- 4Ақиқат тобының II спикері
- 5Парасат тобының III спикері
- 6Ақиқат тобының III спикері
Қорытынды
Сабақты қорытындылау үшін сарапшылардың пікіріне құлақ түреміз: тарих пәнінің мұғалімі Акчаганова Күлзия және аудандық мұражай басшысы Нүрзияш Дүкенқызы.
Дауыс беру тәртібі
Қай топтың дәлелі басым болғанын анықтау үшін қатысушыларға топ атауы жазылған дөңгелекшелер таратылады:
- Парасат тобы — қызыл түсті дөңгелекше
- Ақиқат тобы — көк түсті дөңгелекше
Әр қатысушы таңдаған тобына бір дауыс береді.
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі көктемнің шуақты күнімен қатар келіп отыр. Бұл ұлан-ғайыр дала талай сынақты бастан өткерді. Соғыс аяқталды, ауыр да азапты жылдар артта қалды. Еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы баладан, баланы анадан айырған сұм соғысқа енді ешқашан жол берілмеуі тиіс.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды.
«Жеңіске жеткен Ұлы күн» атты іс-шарамыз осымен аяқталды. Қонаққа келгендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Денсаулықтарыңыз мықты болсын, әрдайым жеңістен жеңіске жете беріңіздер. Қатысқан барлық оқушыларға ризашылығымызды білдіреміз. Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!
Сау болыңыздар!