Көктемде бірінші гүлдейтін гүл
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша түрде қалдықпен бөлу.
Сабақтың түрі
Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың мақсаты
- Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша қалдықпен бөлу туралы білім қалыптастыру.
- Есептерді шығара білу дағдыларын дамыту және бекіту.
- Оқушылардың белсенділігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру.
- Өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Сөзжұмбақ, карточкалар, ойындар, тест сұрақтары.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды дұрыс отырғызып, сабаққа назарын аудару. Үй тапсырмасын тексеріп, өткен материалды еске түсіру.
1) «Компьютер ойнайық» ойыны
Көбейту кестесін ауызша қайталау.
2) Еске түсіру тапсырмалары
- Сәуле
- Үштің квадраты
- Қырық екі мен алтының бөліндісі
- В нүктесі
- Тоғыз бен сегіздің көбейтіндісі
3) Арифметикалық диктант
- Жиырма үш пен үштің көбейтіндісі
- Алпыс тоғыз бен үштің бөліндісі
- Елу мен онның қосындысын екіге көбейту
- Сегіз бен төрттің қосындысын төртке бөлу
- Он мен бестің айырмасын беске бөлу
- Қырық үш пен жетінің бөліндісі
- Елу жеті мен алтының бөліндісін табу
II. Жаңа сабақ
Кіріспе: сөзжұмбақ
Сөзжұмбақ шешу арқылы оқушылар бүгінгі сабаққа кім «қонаққа» келетінін анықтайды.
Шешуі: Білгіш
Ойын элементіМұғалім: «Дұрыс таптыңдар. Білгіш қонаққа келді. Ол бізге тапсырмалар әкеліпті: білімдеріңді тексеріп, сыйлық ретінде гүл ұсынбақ».
Топқа бөлу
Оқушылар екі топқа бөлінеді және топ басшылары сайланады.
1-тапсырма: сұрақ-жауап
- Қазір қай мезгіл?
- Көктем айларын ата.
- Көктемнің сәні неде деп ойлайсыңдар?
- Көктемде ең бірінші гүлдейтін гүл қайсы?
Тақтаға айы мен күні жазылады. «Сынып жұмысы» орындалады.
Көктем туралы шумақ
Сәуір келіп жетті енді,
Дала гүл-гүл жайнайды.
Жырға қосып көктемді,
Әнші құстар сайрайды.
Ауызша есептеу
Мысалдарды ауызша орындау:
15 : 4
Жауабын табу
17 : 6
Жауабын табу
19 : 9
Жауабын табу
Жазбаша бөлу үлгісі (қалдықпен)
Мысал: 76 : 6 = 12 (қалдық 4)
Түсіндіру- Бірінші толымсыз бөлінгіш: 7 ондықты 6-ға бөлеміз.
- Бөліндіде 1 ондық шығады.
- Қалдық пен келесі цифрды ескере отырып, бөлуді жалғастырамыз.
Автор туралы
Баратай негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Искендирова Сұлушаш Ауталипқызы.