Бүгін біз үшін ерекше сабақ
Сабақ туралы мәлімет
Мекеме
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №11 орта мектеп
Пән
Әдебиеттік оқу, 4-сынып
Мұғалім
Джандарбекова Айтгүл Шамшиевна (бастауыш сынып мұғалімі)
Сабақтың тақырыбы
«Мен таңдайтын мамандық…» (Ө. Ақыпбекұлы)
Сабақтың мақсаты
Білімдік мақсат
Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыру; әр маман иесінің қызметі мен еңбегін түсіндіру арқылы олардың қоғамдағы маңызын ұғындыру. Кәсіпті дұрыс таңдап, меңгеру үшін оқу мен білімнің қажет екенін нақтылау.
Дамытушылық мақсат
Әңгіме құрастыру барысында өз ойын, арманын анық әрі түсінікті жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Шығармашылық белсенділікті дамыту.
Тәрбиелік мақсат
Әртүрлі мамандықтарға қызығушылық ояту және еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары
| Кезең | Мазмұны | Уақыты |
|---|---|---|
| 1 | Ұйымдастыру кезеңі | 1 мин |
| 2 | Үй тапсырмасын тексеру, қызығушылықты ояту, берілген тапсырманы орындау | 9 + 1 + 2 мин |
| 3 | Жаңа сабақ (түсіндіру) | 25 мин |
| 4 | Оқулықпен жұмыс | — |
| 5 | Сабақты бекіту (сұрақ-жауап), қорытындылау | 2 + 2 мин |
| 6 | Бағалау (смайликтер арқылы), үй тапсырмасы | 2 + 1 мин |
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, сабаққа назар аударту, сәттілік тілеу.
-
Психологиялық сәт:
Бақыт менде, бақыт сенде,
Бейбітшілік, бейбітшілік.
Бейбітшілік менде,
Бейбітшілік сенде,
Бейбітшілік барлық жерде.
II. Өткенді пысықтау
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар (топтық жұмыс)
- 1-топ: Сансызбай Сарғасқаев кім?
- 2-топ: «Сынған аквариум» туралы түсінік айту.
- 3-топ: «Сеніңше, өтірік айтуға бола ма?» — өз ойларыңды жазу.
Қосымша тапсырмалар
- 1-топ: «Адал тер» ұғымын қалай түсінесіңдер?
- 2-топ: Адамның жаман қасиеттері туралы өлеңдер оқу.
- 3-топ: Еңбек туралы мақал-мәтелдер айту.
Топ атаулары (мамандыққа байланысты)
III. Жаңа сабаққа көшу
Оқушылардың ойлауын белсендіру үшін төмендегі сұрақтар қойылады:
- 1-топ: Мамандық иесі болу үшін не істеу керек?
- 2-топ: Еңбек деген не?
- 3-топ: Мамандық деген не?
IV. Жаңа сабақ
Тақырыпқа кіріспе
- Бүгін ақын Өтепберген Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық…» өлеңімен танысамыз.
- Ақын туралы қысқаша мәлімет беріледі.
- Дәптерге күн ретін және тақырыпты жазу.
Өлеңмен жұмыс
- Өлеңнің мазмұны мамандық таңдауға бағытталғаны түсіндіріледі.
- Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
- Оқушылар іштей оқиды.
- Әр шумақты оқушылар кезекпен оқиды (слайдта шумақ және мамандыққа қатысты суреттер көрсетіледі).
Ө. Ақыпбекұлы — «Мен таңдайтын мамандық…» (үзінді)
Ай-һой, ғажап қандай бұл! Ал, қане, кәсіп таңдай біл: Аламын қандай мамандық, Алдымда толған таңда. Әлемге ән боп жалғанар, Әйгілі небір тарландар. Әуелей ұшқан аққудың Әсерлі үнін салған дәл Әміре менен Күләштай, Әнші болсам, не арман бар? Кәсіпкер болсам егер де, Бар әлемді кезем де: Бар пайданы ойламай, Барымды берем мен елге.
Ескерту: берілген мәтін үзінді түрінде ұсынылды.