Қадыр Мырза ӘлиТеңеуКөздері қанығыКүдіксіз таныды:Бабамыз болыптыДаланың балығы

Қадыр Мырза Әли

Теңеу
Көздері қанығы
Күдіксіз таныды:
Бабамыз болыпты
Даланың балығы.
Сағымда жүзіпті,
Торларды үзіпті.
Тартыпты азапты
Көрсем деп қызықты.
Не кінә тағасың!
Не пәле жабасың!
Көріпті балық боп,
Тағдырдың табасын!
Мың құрбан,
Жүз құрбан,
Ұл құрбан,
Қыз құрбан.
Балықтай қуырған,
Қуырған,
Шыжғырған.
Қармақты қапқаны
Қызыл қан аққаны,
Қиналып жағада
Қанатын қаққаны.
Бабамның
Балық боп
Міне, осы тапқаны!



Ұқсас жұмыстар

Махамбет – ұлт рухының айбары
Қадырғали Жалайыр
Ертегi естiмеген баланың ертеңi қандай болады?
Қасиетті Қарқаралы
Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері
Қ.Жалаири, М.Х.Дулати, Өтеміш қажы – алғашқы қазақ тарихшылары
Қ. Мырзалиевтың философиялық лирикасы
Қадыр Мырза Әли өлеңдері
Қадырғали Жалайыри
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы
ЖАЛАЙЫР ҚОСЫМҰЛЫ ҚАДЫРҒАЛИ
МЫРЗАҒҰЛҰЛЫ БЕКЕТ
БАЙМЫРЗАҰЛЫ БАЛУАН ШОЛАҚ жайлы жайлы жайлы
Баймырзаұлы Балуан Шолақ жайлы жайлы
Баймырзаұлы Балуан Шолақ жайлы
Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916
Қадырғали Жалайыри зираты
Баймырзаұлы Балуан Шолақ
Қорғаушы мырза
Тана (Тана мырза) Тілемісұлы (1803 - 68) - Құнанбайдың замандасы, құдасы