Көрмесең мейлің, көзіңе сенің ұрынбан
Мұқағали Мақатаев
- Көрмеймін! - дейсің,
Көрмесең, мейлің, көрмегін!
Көретін көктен тәңірім емес сен менің.
Көрмедің, мейлің,
Көңлінді маған бөлмегін,
Мен - дағы қарап өлмедім,
Түсіңнен, бәлем, шошытар,
Мендегі леп, мендегі үн.
Сезіне тұра, келмейді - ау, сірә, білмегің...
Білмегін, мейлің, білмегін!
Сезеді мені сенсіз де,
Мазасыз өткен күндерім,
Ұйқысыз өткен түндерім.
Уақыттармен біргемін.
Көрмесең, көрме,
Білмесең білме,
Шырағым менің сөнбейді,
Шыдамын таусып сендейдің,
Мазасыз жаным, маған бір тыным бермейді,
Дариға - жүрек жоқ нәрселерге шөлдейді.
Көрмесең мейлің, көзіңе сенің ұрынбан.
Ұрынбан, бірақ бұғынбан!
Есіңде болсын!
Құлагері де Серінің
Сөреге жетпей жығылған...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Қамар сұлу
Абай - лирик ақын
Түс көрудің поэзиядағы рөлі
Халықта Нысап-діннің жартысы деген сөз
Мұқағали Мақатаев жайында
Тимур және оның командасы
Хадистер туралы
МАТАСА БАЙЛАНЫСҚАН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ, ОЛАРДЫҢ СЫҢАРЛАРЫНЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Cұлтанмахмұт Торайғыровтың ағартушылық идеясы
Ақиқат сыйы дидактикалық сарында жазылған шығарма
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Мұғалім сенің тәрбиелеушің
Сенің балаларың бір кемпірді мазақ қылды, балаларыңды тыйып қой
Көзіңе қарасаңшы
Көкеңді көзіңе көрсетейін
Ғалым да, шахтер да бас иетін, Ұстазым барсенің қасиетің
Бұт - борбайыңды шөпке жырғызып, жалаңаш жүрген сенің тіршілігің құрысын
Спорт сенің серігің - Жанға дауа, қолға күш
Сенің қолтығыңдағы алтын кебіс осы хан қызының кебісі
Біріңді қазақ бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос