Еуразияның климаты

Сабақ жоспары • География (7-сынып)

§18–19. Еуразияның климаты. Климаттық белдеулері

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Бейнеу гимназиясы — география пәні мұғалімі Бекібай Марал Кітабайқызы.

Климат Климаттық белдеулер Картамен жұмыс

Сабақ тақырыптары

  • 1

    Еуразияның климаты

    Материк климатының ерекшеліктері және климат қалыптастырушы факторлар.

  • 2

    Климаттық белдеулер

    Еуразиядағы климаттық белдеулердің таралуы мен ерекшеліктері.

Мақсаты

  • Оқушылар Еуразияның климатын және климат қалыптастырушы факторларды анықтайды.
  • Климаттық белдеулердің ерекшеліктерін түсіндіреді.
  • Өз бетінше ізденіп, шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланады.
  • Ойларын еркін, сауатты және нақты жеткізеді.

Күтілетін нәтиже

Мәтіндегі негізгі ойды анықтау арқылы материк климатының ерекшелігін ажыратады; климаттық белдеулердің айырмашылықтарын картадан көрсетіп, түсіндіре алады.

Ойлау құралдары

Көрнекіліктер

Физикалық карта, атлас.

Техникалық құрал

Интерактивті тақта.

Бағалау

Бағалау парақшасы.

Жұмыс форматы

Топтық, жұптық және жеке жұмыс.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Екі шеңбер» әдісі «Мені түсін — оқыта үйрету» ойыны Венн диаграммасы

Сабақ барысы: сұрақтар мен тапсырмалар

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • «Шаттық шеңбері» арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
  • Оқушыларды смайликтер арқылы топтарға бөлу.

2) Білу

Теориялық материалды еске түсіру арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. «Екі шеңбер» әдісі арқылы материк бойынша өткен мәліметтерді қайталау.

3) Түсіну

Тақырыптың мақсаты мен міндеттерін ашу: «Мені түсін — оқыта үйрету» ойыны.

Тапсырма

Берілген мәтінді оқып, мәтіннің негізгі ойын ашатын шамамен 10 сөзді дәптерге жазыңыз.

№1 оқушы

Арктикалық, субарктикалық белдеу

№2 оқушы

Қоңыржай белдеу

№3 оқушы

Тропиктік, субтропиктік белдеу

№4 оқушы

Экваторлық, субэкваторлық белдеу

4) Қолдану

Климаттық картамен жұмыс.

Картамен жұмыс

50° с.е. бойынша қоңыржай белдеудің теңіздік және континенттік климатын салыстырып, кестені толтырыңыз.

5) Жинақтау

Тақырыпты қорытындылау: топтық талқылау сұрақтары.

1-топ

Климатқа әсер ететін факторлар

Еуразияның климаттық жағдайына географиялық орны, жер көлемі, жер бедері және мұхиттардан алыс-жақындығы қалай әсер етеді?

2-топ

Климаттық белдеулердің саны мен таралуы

Материкте неше климаттық белдеу бар? Қай белдеу ең үлкен аумақты қамтиды?

3-топ

Жергілікті климат

Өздеріңіз тұратын жердің климаты туралы қандай қорытынды жасайсыздар?

4-топ

Климаттың шаруашылыққа әсері

Климаттың адамның тұрмысына және шаруашылық қызметіне әсерін мысалдармен дәлелдеңіз.

6) Кері байланыс

Оқушылардан сабақ бойынша рефлексия алу: не түсінікті болды, қандай сұрақ қалды, қандай тапсырма тиімді болды?

Үй тапсырмасы

§18–19. Еуразияның климаты. Климаттық белдеулері.

Оқу • Қайталау