Балалардың табиғат жайлы білімдерін арттыру, табиғат сыйы туралы жан - жақты түсінік беру
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Негізгі мәліметтер
- Білім беру саласы
- Әлеуметтік орта
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі
- Қоршаған орта
- Тақырыбы
- Күн, су, ауа: пайдасы мен қажеттілігі
Мақсаты
- Балалардың табиғат туралы білімдерін кеңейту, табиғаттың сыйы жайлы жан-жақты түсінік қалыптастыру.
- Табиғатқа қамқорлық сезімін оятып, оның ғажайып құбылыстарын түсінуге үйрету.
- Күн, су, ауаның денсаулыққа пайдасы туралы ұғымдарын бекіту.
- Қоршаған ортаны бүлдірмеуге, таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы
Қайнар көзі, күн, мөлдір, таза су, оттегі.
Билингвальді компонент
- күн сольнце
- су вода
- ауа воздух
Көрнекіліктер
АТК құралы, тәжірибеге қажетті құралдар, судың ыдыстары, суға қажетті қоспалар, суреттер.
Әрекет кезеңдері
1) Мотивациялық-қозғаушы
Әуенмен релаксациялық жаттығу орындатылады.
2) Іздену-ұйымдастырушы
Балалар, табиғат — айналамызды қоршаған бүкіл әлем. Ал адам — өмірдегі керемет жаратылыс. Табиғат бізге ғажайып сыйлықтар береді. Бүгін табиғаттың адам денсаулығына аса қажет үш байлығын еске түсіреміз.
Жұмбақ:
Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан.
Бұл не?
Жауабы: Күн
- Күнге ұқсау үшін не істейміз? Қол ұстасып, дөңгелене тұрайық. Қазір біз неге ұқсадық?
- Жер бетіндегі тіршіліктің қайнар көзі — Күн. Ол бізге не үшін керек?
- Бір-бірімізге жылы лебіз айтып, жылу сыйлайық.
Күн — әлемге жарық пен жылу беретін жұлдыз. Ол орасан мол энергия бөледі. Ғалымдар күн батареясын ойлап тауып, күн энергиясы арқылы үйді жылытып, электр қуатын алуға болатынын дәлелдеді.
Күн сәулесі көрінетін және көрінбейтін сәулелерден тұрады. Көрінбейтін сәулелердің бірі — ультракүлгін сәуле. Оның әсерінен теріде адам ағзасына маңызды D дәрумені түзіледі.
Талқылау сұрақтары:
- Күннің адамға тигізетін пайдасы қандай?
- Күн сәулесін дұрыс пайдаланбасақ, қандай зияны болуы мүмкін?
Күн — табиғи дәрі. Ал дәрі әрқашан нақты мөлшерді талап етеді. Сондықтан күн сәулесін дұрыс пайдалануды үйренеміз.
Күн бізге нұрын төгеді, ал біз Күнге ақ тілегімізді айтайық (барлығы бірге).
Жұмбақ:
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң қорын тек,
Барша тіршілік қурайды.
Бұл не?
Жауабы: Су
Су өзен, көл, теңіз, мұхит болып бөлінеді. Судың қасиеті: мөлдір, түссіз, дәмсіз, иіссіз сұйық.
Су бізге не үшін керек? Лас суды ішуге бола ма? Біз қандай суды ішеміз?
Зерттеу-тәжірибе
- Ыдыстағы суға бояғыш қосамыз — судың түсі өзгеретінін байқаймыз.
- Дәмсіз, иіссіз суға дәм келтіргіш қоспа қосып, судың дәмі өзгеретінін көреміз.
- Мұзды еріту арқылы судың пайда болуын, ал судың суықта мұзға айналатынын көрсетеміз.
Тәжірибеден кейін балалардың пікірлері тыңдалады.
Суға қатысты тыйым сөздер
Балалар суға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
Су — ортақ қазына. Оны ретсіз төгуге, ысырап етуге болмайды. Үнемдеу үшін балабақшада да, үйде де кранды жауып жүру керек.
Жұмбақ:
Көзге көрінбейді,
Жұтсам білінбейді.
Бұл не?
Жауабы: Ауа
Терезенің желдеткішін ашып, таза ауамен терең дем алайық. Табиғаттың ғажайып сыйының бірі — таза ауа. Таза ауа ағзамызға пайдалы әсер етеді.
Біз оттегімен дем алып, көмірқышқыл газын сыртқа шығарамыз. Ауа бізге не үшін керек?
Сурет бойынша талқылау
- Қай жерде жақсы дем алуға болады: орманда ма, әлде қалада ма?
- Неліктен орманда, табиғат аясында еркін дем аламыз?
- Қалада ауа таза болуы үшін не істеуіміз керек?
Ағаштар ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, оттегіне айналдыруға көмектеседі.
Билингвальді компонент: күн — сольнце, су — вода, ауа — воздух.
Ойын: «Егер де... не болар еді?»
Мақсаты: Қарапайым себеп-салдар байланыстарын табуға және қарым-қатынастарды түсіндіруге үйрету.
Құралдар: Заттық түрлі суреттер.
Ойын барысы: Балаларға қоршаған ортаның (күн, ауа, су) өзара байланысы туралы сұрақтар қойылады.
- Егер де күн болмаса, не болар еді?
- Егер де су болмаса, не болар еді?
- Егер де ауа болмаса, не болар еді?