Электр тогын үйде өлшейтін құрал

Сабақтың тақырыбы

«Тұрақты электр тоғы» тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: «Тұрақты электр тоғы» тарауы бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау.
  • Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін дамыту; оқушылардың қарым-қатынасын жетілдіру; үлгерімі төмен оқушыларды белсенді қатыстыру; сөйлеу мәдениетін дамыту.
  • Тәрбиелік: тапқырлықты, зейінді, ойлау икемін және оқу ынтасын дамыту.

Сабақтың форматы

Сабақ түрі
Қайталау және меңгерту сабағы.
Сабақ типі
Ойын-сабақ.
Бағалау
Әр дұрыс жауапқа — 1 балл. Жауап нақты әрі жылдам болуы керек.

Әдістер мен ресурстар

Әдіс-тәсілдер

  • ойын элементтері арқылы тапсырма орындау
  • сөзжұмбақ шешу
  • тәжірибе жасау
  • есеп шығару шапшаңдығы

Көрнекілік құралдар

Компьютер, интерактивті тақта, бейнепроектор, тапсырма парақтары, үлестірмелі карталар.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих, математика.

Сабақты ұйымдастыру

Топқа бөлу

Сабақ басталар алдында сынып екі топқа бөлінеді:

1-топ

Кернеу

2-топ

Кедергі

Ұйымдастыру кезеңі

  1. А Оқушылармен амандасу («Сәлем — сөздің анасы»).
  2. Ә «Шаттық шеңбері» арқылы сабақты бастау: бір-біріне жылы лебіз айту.

«Шаттық шеңбері» мәтіні

Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін)
Қуанасың сен де, (жанындағы досымды көрсетемін)
Қуанайық, достарым, (бір-біріміздің қолымыздан ұстаймыз)
Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)

Бұл бөлімнің мақсаты — сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және бірлескен жұмысқа жұмылдыру.

Ереже

Қай топ бірінші қол көтерсе, сол топ жауап береді.

Сабақтың құрылымы

  1. 1 Сұрақ–жауап (тұрақты ток тарауын қайталау).
  2. 2 Үй тапсырмасын тексеру.
  3. 3 «Кім жылдам?» (формулалардың сыңарын табу).
  4. 4 «Орнына қой» (сұрақтарды аяқтау).
  5. 5 Эксперименттік жұмыс (құралдар беріледі).
  6. 6 «Ғалымдар тақтасы».
  7. 7 Ой толғаныс (өлең жолдарын құрастыру).
  8. 8 Есеп эстафетасы (есеп шығару).
  9. 9 Тест және қорытындылау (тест тапсырмаларын орындау).

Сұрақ–жауап бөлімі

Бұл кезеңде жауап нақты әрі тез берілуі тиіс.

1. Электр тогы дегеніміз не?

Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы.

2. Ток күші деп нені айтады?

Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы белгілі бір уақыт аралығында өтетін электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы.

3. Ом заңы қалай тұжырымдалады?

Тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.

4. Асқын өткізгіштік дегеніміз не?

(Жауапты толықтыруға арналған сұрақ.)

5. Қуаттың өлшем бірлігі қандай?

Вт (ватт).

6. Қысқа тұйықталу дегеніміз не?

Тоқ көзінің қысқыштарын кедергісі өте аз өткізгішпен тұйықтау құбылысы қысқа тұйықталу деп аталады.

7. Тізбектегі ток күші, кернеу және кедергі арасындағы байланысты тағайындаған кім?

(Жауапты толықтыруға арналған сұрақ.)

8. 10 кОм неге тең?

(Жауапты толықтыруға арналған сұрақ.)

9. Меншікті кедергінің өлшем бірлігін ата.

(Жауапты толықтыруға арналған сұрақ.)

10. R әрпінің математикалық және физикалық мағынасы қандай?

(Жауапты толықтыруға арналған сұрақ.)

11. Үй жағдайында электр тогын өлшейтін құрал қалай аталады?

(Жауапты толықтыруға арналған сұрақ.)

12. «Керуен» сөзін физикалық шамаға айналдыр.

(Шығармашылық тапсырма.)