Text Box компанентіне қосымша жасау сабақты компьютер арқылы қосымша жасау арқылы түсіндіру

Информатика, 10-сынып

Интеграцияланған сабақ жоспары: Visual Basic компоненттері

Light mode

Сабақтың тақырыбы

TextBox, Label, CommandButton компоненттері

Сабақтың түрі

Интеграцияланған сабақ

Технологиясы

Компьютерлік технология

Көрнекілігі

Компьютер, слайдтар

Мақсаты

TextBox, Label және CommandButton компоненттерін меңгерту; компоненттер арқылы қосымшалар құру барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Міндеті

Компоненттермен қосымша жасау, бағдарлама құру және қателермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Әдістері

  • «Кім епті?» сұрақ-жауап ойыны
  • Түсіндіру
  • «Бағыңды сынап көр» шығармашылық жұмысы

Ғылымилығы

Оқушыларды шығармашылық ізденіске баулиды және электрондық оқулықтар жасауға ынталандырады.

Дамытушылығы

Ой-өрісті кеңейтеді, қиялды дамытады және ғылыми көзқарасты қалыптастырады.

Тәрбиелік мәні

Шапшаңдыққа, жүйелілікке, ізденімпаздыққа, ұжымдық жұмысқа және бірізділікке тәрбиелейді.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • а Сәлемдесу, оқушылардың қатысуын тексеру.
  • б Сабаққа психологиялық және техникалық тұрғыда дайындау.

2) Жаңа сабақты түсіндіру

Visual Basic бағдарламасын іске қосу жолы мұғалімнің слайдтары арқылы түсіндіріледі (көрнекілік ретінде көрсетіледі).

TextBox

Қосымшаға әртүрлі ақпарат енгізу және шығару үшін қолданылады. Қосымша орындалған кезде пайдаланушы бұл өрістегі мәтінді өңдей (редакциялай) алады.

Label

Ақпаратты көрсетуге арналған компонент. Қасиеттері TextBox-қа ұқсас, бірақ қосымша орындалғанда мәтінді өңдеуге болмайды. Қажет жағдайда оны батырма ретінде де қолдануға болады.

CommandButton

Батырма жасауға арналған ең жиі қолданылатын пайдалы компоненттердің бірі. Әдетте әрекеттерді (есептеу, тазалау, шығару) іске қосады.

Мысал: TextBox көмегімен мәтін шығару

Практика

Бір ғана TextBox компонентінен тұратын қосымша іске қосылғанда Text1 алаңында төмендегі мәтін шығуы керек:

Мен Алмат Мақсат Жалағаш ауданы Мырзабай ахун ауылында тұрамын. №122 мектептің 10-сыныбында оқимын.

Қосымша құру қадамдары

  1. 1 Формаға Text1 компонентін орналастырып, қажетті өлшемге келтіріңіз. MultiLine қасиетін True етіп орнатыңыз.
  2. 2 Форманың бос жерін екі рет шертіп, код терезесіне төмендегі процедураны жазыңыз.
Private Sub Form_Load()
  Text1.Text = "Мен Алмат Мақсат Жалағаш ауданы Мырзабай ахун " & _
               "ауылында тұрамын. №122 мектептің 10-сыныбында оқимын."
End Sub
  1. 3 Қосымшаны Run → Start командасы арқылы іске қосыңыз — мәтін Text1 алаңында көрінеді.

4) Шығармашылық жұмыс: «Бағыңды сынап көр»

Теория + практика

TextBox, Label және CommandButton компоненттерін қолданып, y = 5 · x³ өрнегін есептейтін қосымша құрыңыз.

Интерфейсті баптау

  1. 1 Форманың Caption қасиетіне y = 5*x^3 деп жазыңыз.
  2. 2 Нәтиже үшін Label1 қойып, Caption мәнін бос қалдырыңыз.
  3. 3 CommandButton1 қойып, Caption қасиетіне Есепте деп жазыңыз.
  4. 4 CommandButton2 қойып, Caption қасиетіне Тазала деп жазыңыз.
  5. 5 Text1 енгізу өрісін қойып, Text мәнін босатыңыз.
  6. 6 Түсіндірме үшін Label2 қойып, Caption қасиетіне X= деп жазыңыз.

Код жазу

CommandButton1 (Есепте) батырмасын екі рет шертіп, есептеу процедурасын енгізіңіз:

Private Sub Command1_Click()
  Dim x As Double
  Dim y As Double

  x = Val(Text1.Text)
  y = 5 * x ^ 3
  Label1.Caption = "Y=" & Str(y)
End Sub

CommandButton2 (Тазала) батырмасына мәтін өрісін тазалайтын процедура жазыңыз:

Private Sub Command2_Click()
  Text1.Text = ""
  Label1.Caption = ""
End Sub

Соңында қосымшаны іске қосып, әртүрлі x мәндері үшін нәтижені тексеріңіз.

5) Сабақты қорытындылау

Бүгінгі тақырыпты меңгеру деңгейі «Кім епті?» сұрақ-жауап ойыны арқылы тексеріледі.

Үй тапсырмасы

Компоненттерді қайталау және шағын қосымша құрып келу (мұғалімнің нұсқауы бойынша).

Бағалау

Практикалық жұмыстың орындалуы, кодтың дұрыстығы және жауап беру белсенділігі ескеріледі.

Рефлексия

Қандай компонент қиын болды? Қай бөлімі қызықты болды? Нені жақсартуға болады?