Шаянтектестер класына тән белгілерді жинау

Сабақ туралы мәлімет

Сабақ тақырыбы
Кенелер. Ауыл шаруашылығының зиянкестері
Сабақ типі
Аралас сабақ
Сабақ түрі
Дәстүрлі
Әдістері
Индуктивті Дедуктивтік Иллюстративтік
Құрал-жабдықтар
Суреттер, «Емші» газеті, ТСН.
Ұйымдастыру
Сыныпты түгелдеу, топқа бөлу, топ басшысын сайлау.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға өрмекшітектестер класына жататын кенелер туралы, олардың ауыл шаруашылығына келтіретін зияны, түрлері және ерекшеліктері жөнінде жүйелі түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Өзіндік ойлау мен салыстыру дағдыларын дамыту; өзгелерді тыңдай білуге, өз біліктілігін көрсетуге үйрету. Топтық жұмыс арқылы белсенділікті арттыру.

Тәрбиелік

Ауыл шаруашылығы зиянкестерінің алуан түрлілігін таныту, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

  1. «Биологиялық пошта» ойыны
  2. «Мұғалім сұрағы»
  3. «Анықтап жаз»
  4. «Танып ал»
  5. «Венн диаграммасы»
  6. «Семантикалық карта»
  7. Бағалау
  8. Қорытынды
  9. Үй тапсырмасы

«Биологиялық пошта» ойыны

Тапсырма: берілген белгілерді екі класқа бөліп жинақтау.

1) Шаянтектестер класына тән белгілерді жинау

Төмендегі тізімдегі белгілердің сәйкес келетіндерін таңдаңыз.

2) Өрмекшітектестер класына тән белгілерді жинау

Төмендегі тізімдегі белгілердің сәйкес келетіндерін таңдаңыз.

Белгілер тізімі

  • 01

    Баскөкірек және құрсақ бөлімдері бар.

  • 02

    Қанайналым жүйесі ашық.

  • 03

    Жабыны үш қабатты.

  • 04

    Жүйке жүйесі күрделі.

  • 05

    Жүретін аяқтары — 8.

  • 06

    Қорегі: құрттар, балықтар, өсімдіктер.

  • 07

    Кейбір құрттардың дамуында аралық иесі болады.

  • 08

    Демтүтік (трахея) арқылы тыныс алады.

  • 09

    Желбезек туындысы — өкпе.

  • 10

    Табиғатта «санитар» рөлін атқарады.

  • 11

    Сатана безі және мальпигий түтікшелері бар.

  • 12

    Түйінді жүйке жүйесі бар.

  • 13

    Зәр шығару бездер арқылы жүзеге асады.

  • 14

    Жынысты жолмен көбейеді.

  • 15

    Кейбір өкілдері балықтарға жем болады.

  • 16

    Көпшілігі дара жынысты.

Ескерту

Тізімдегі белгілер екі класқа да тән болуы мүмкін. Тапсырма мақсаты — белгілерді талдап, дәлелмен жіктеу.