Өтілген дыбыстар бойынша сөздерді оқыту
Сауат ашу сабағы
Тақырыбы: «Ш» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды «ш» дыбысы және әрпімен таныстыру; сөздерді оқытып, дұрыс жазуға үйрету.
Дамытушылық
Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік
Оқушыларды адамгершілікке баулу, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Көрнекіліктер
Әріптер, суреттер, өтілген дыбыстарға байланысты сөздер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аудару.
II. Психологиялық даярлық
Қуан, шаттан, қуан, шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін.
III. Өтілген сабақтарды қайталау
Қайталау сұрақтары:
- Қандай дыбыстармен таныстық?
- Дыбыстар айтылу ерекшелігіне қарай нешеге бөлінеді?
- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
Ойын: «Мұқият бол!»
Өтілген дыбыстарға байланысты сөздерді оқыту арқылы зейінді шоғырландыру.
Қайталау тапсырмасы
Өтілген дыбыстар бойынша сөздерді хормен және жеке оқыту.
IV. Жаңа сабақ: «Ш» дыбысы мен әрпі
Ш әрпін айтсақ жасырмай,
Ұшы айыр басында.
«Ш» дыбысының айтылуына назар аударту, дыбыстау ерекшелігін салыстыру.
Айтылуына қарай «ш» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру.
«Ш» дыбысына байланысты сөздерден мысалдар келтіру.
V. Оқулықпен жұмыс
Оқу
Оқулықтағы сөздерді оқу, мағынасын түсіндіру; хормен және жеке-жеке оқыту.
Ереже: бас әріп
Шара, Шора сөздерінің адам аттары екенін айтып, бас әріппен жазылатынын түсіндіру.
Буынға бөлу
- шор-тан
- ша-ға-ла
- ша-ра
- ша-на
Әріп таңбасымен таныстыру
«Ш» әрпінің бас және кіші әріптерін көрсету, жазылу техникасын түсіндіру.
VI. Жазу дәптерімен жұмыс
«Ш» әрпіне байланысты сөздерді жазғызу.
Оқушылардың дұрыс отыруына, таза әрі көркем жазуына көңіл бөлу.
VII. Сергіту сәті
Жазу жазып өзіміз,
Шаршап кетті қолымыз.
Аздап демді аламыз,
Көркем етіп жазамыз.
VIII. Сабақты бекіту
Электронды оқулық
«Ш» дыбысына байланысты қысқа бейнематериал көрсету.
Ойын: «Үндемес»
Мұғалім суреттер көрсетеді, оқушылар суреттегі заттардың атын жазады. Тапсырмада өтілген дыбыстарға қатысты қысқа сөздер қолданылады.
Мысал сөздер
Қорытынды
Сабақты қорытындылау, оқушылардың жұмысына қысқаша талдау жасау.
Бағалау: белсенді жауап берген және көркем жазған оқушыларды мадақтау.
Үй тапсырмасы
«Ш» дыбысы мен әрпі: оқу және жазу.