Сенің досың кім

4-сыныптар арасындағы интеллектуалды сайыс

Тақырыбы

Тапқыр достар

Мақсаты

4-сыныптар арасындағы білім сайысы арқылы оқушылардың білімін шыңдау, логикалық әрі шапшаң ойлау дағдыларын дамыту, дарынды да білімді оқушыны анықтау, жеңімпаз болуға және озаттыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Бетшелер
  • Жасырын сөздер
  • Ребустар бетшесі

Түрі

Сайыс

Командалар

  • 1-топ: Болашақ
  • 2-топ: Арман

Ұйымдастыру (жүргізуші сөзі)

Ал, қанеки, келіңдер, келіңдер! Бір-біріңе серік болып еріңдер. Білгендеріңді тексеріп, еске түсіріп, интеллектуалды сайыста бақтарыңды сынап көріңдер!

Білім сайысына келген оқушылар суреттерді құрастыру арқылы топтарға бөлініп, топ атауын құрастырады.

Ескерту: Шын жүйріктер сыналады жарыста. Жарысқа қатыс та, орта жолда қалыспа! Әділқазы бағалайды сіздерді: жеңіс мәресі жақын ба, әлде алыс па?

Сайыс жоспары

  1. 1Сен білесің бе? — сұрақ-жауап.
  2. 2Кәне, ойлан! — ребус шешіп, шыққан сөз төңірегінде ой өрбіту.
  3. 3Есіңе сақтадың ба? — сөздерді есте сақтап, дәл сол қалпында жазу.
  4. 4Мақалды жалғастыр… — мақалдың жалғасын табу.
  5. 5Кім шапшаң? — берілген сөзден сөз шығару (1 минут).
  6. 6Сөз тапқанға… — әріп суырып, сол әріптен басталатын сөзбен сұраққа жауап беру.

Ұран: Білім — биік шың, бақытқа жеткізер. Білім — ақылшың, қиындықтан өткізер.

1-бөлім: «Сен білесің бе?» (сұрақ-жауап)

1-топ: Болашақ

  1. Үш би
    Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
  2. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа ұшқан қазақ кім?
    Тоқтар
  3. Суық аймақта кездесетін құс?
    Жауабы көрсетілмеген
  4. Ақ жолағы бар талды ата
    Аққайың
  5. 100 жасқа толған қазақ батыры, Халық қаһарманы
    Бауыржан
  6. Сөйлем айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
    Хабарлы, лепті, сұраулы
  7. Қазан айы қай мезгілге жатады?
    Күз
  8. 1 000 000 : 10 нешеге тең?
    100 000
  9. Жалқы есімге мысал келтір
    Жауабы көрсетілмеген
  10. Кітап, бор, бояу, сызғыш — бір сөзбен қалай аталады?
    Оқу құралдары

2-топ: Арман

  1. Бес арыс
    Шәкәрім, Мағжан, Міржақып, Ахмет, Жүсіпбек
  2. Қазақ балаларына арнап тұңғыш мектеп ашқан кім?
    Ыбырай
  3. Атағы әлемге әйгілі қазақ палуаны
    Қ. Мұңайтпасов
  4. Қысы-жазы бір түсті ағаш?
    Жауабы көрсетілмеген
  5. Қазақтың алғашқы кәсіби суретшісі, «Амангелді сарбаздары», «Түрксіб» шығармаларының авторы
    Ә. Қастеев
  6. Тұрлаусыз мүшелерді ата
    Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш
  7. Тамыз айы қай мезгілге жатады?
    Жаз
  8. 10 000 × 100 нешеге тең?
    Миллион
  9. Қабырғасы 3 см шаршының ауданы нешеге тең?
    9 см²
  10. Ұйқыдан тұру, жуыну, тамақтану, сабаққа бару т.б. — бір сөзбен қалай аталады?
    Күн тәртібі

2-бөлім: «Кәне, ойлан!»

Ребусты шешіп, шыққан сөз төңірегінде ой өрбіту.

Тапсырма

Ребус шешілгеннен кейін, әр топ табылған сөздің мағынасын түсіндіріп, сол сөзге байланысты 2–3 сөйлем құрастырады.

3-бөлім: «Есіңе сақтадың ба?»

Сөздерді есте сақтап, кейін дәл сол қалпында қайта жазу.

1-топқа берілетін сөздер

Қамал Лақ Қаз Зере Елек Күн Намыс Сағат Тамаша Алаш

2-топқа берілетін сөздер

Ақпан Намаз Зат Тоқым Маса Алмас Самал Леген Намыс Сан

4-бөлім: «Мақалды жалғастыр…»

Мақал оқылады. Қай топ бірінші болып белгі берсе, сол топ жауап береді.

Мақалдар

  • Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
  • Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар.
  • Аққуды атпа, досыңды сатпа!
  • Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
  • Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді;
    Атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді.
  • Астың дәмін тұз келтірер, ауылдың сәнін қыз келтірер.
  • Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп.
  • Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
  • Білетінің біреуі — тоғыз, білмейтінің — тоқсан тоғыз.
  • Бөтен жердің гүлінен туған жердің тікені артық.

Бағалау ұсынысы

  • Дұрыс әрі толық жауап — 1 ұпай
  • Жауапқа қосымша түсіндірме — қосымша 1 ұпай (қазылар шешімімен)
  • Тәртіп, ұйымшылдық, белсенділік — мадақтама

Қос нүктелер () мақалдың жалғасын табуға арналған бос орын екенін білдіреді.

5-бөлім: «Кім шапшаң?»

1 минут ішінде берілген сөзден мүмкіндігінше көп сөз шығару.

Берілген сөз

С А Й Қ Ы М А З А Қ

Ереже: Бір сөзді қайталамау, мағынасы бар сөздер ғана есептеледі.

6-бөлім: «Сөз тапқанға…»

Әріп суырылады. Сол әріптен басталатын сөзді қолданып, сұраққа жауап беріледі.

1-топ: Болашақ

Әріп: Б
  • Суды немен ішесің?
  • Сенің досың кім?
  • Бүгін сенде неше сабақ?
  • Қандай тағамды ұнатасың?
  • Қай көшеде тұрасың?
  • Жасың нешеде?
  • Қай ертегіні ұнатасың?
  • Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
  • Көршің кім?
  • Ағаңның есімі кім?

2-топ: Арман

Әріп: М
  • Сенің көршің кім?
  • Дос қызыңның есімі кім?
  • Қандай ертегіні ұнатасың?
  • Қай жануар ұнайды?
  • Зат есімге мысал келтір
  • Көйлекті неден тіккен?
  • Пырылдап ұйықтайтын не?
  • Сүйікті пәнің қандай?
  • Күн ішінде не бар?
  • Үй тапсырмасын орындауға кім көмектеседі?

Қорытынды

Бұл сайыс оқушылардың білімін бекітіп қана қоймай, ойлау жылдамдығын, тапқырлығын, есте сақтау қабілетін және топпен жұмыс істеу мәдениетін дамытады. Әділ қазылар алқасы ұпайды саралап, жеңімпаз топты анықтайды.