Оқушылардың зат есімнің жіктелуінен алған білімдерін пысықтау
Сабақтың тақырыбы
Зат есімнің жіктелуі
Сабақтың типі
Берілген білімді пысықтау
Сабақтың түрі
Инновациялық сабақ
Сабақтың әдісі
Топтық жұмыс, СТО
Көрнекілігі
Флипчарт
Сабақтың мақсаты
1) Білімді пысықтау және қолдану
- Оқушылардың зат есімнің жіктелуі бойынша алған білімдерін бекіту.
- Зат есімнің түбір күйіндегі және тәуелденген түрлерін жіктеуге үйрету.
- Жіктелген сөздерді сөйлем ішінен тауып, орынды қолдануға машықтандыру.
2) Шығармашылық қабілетті дамыту
- Ойды жинақтап, жүйелі жеткізу дағдысын қалыптастыру.
- Өз пікірін дәлелді түрде қорғауға үйрету.
3) Жазу мәдениетін қалыптастыру
- Сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері
Сабақ соңында оқушылар:
Тақырыптық құзырет
Зат есімнің жіктелуін меңгереді.
Командалық жұмыс
Топпен жұмыс жасау дағдысын дамытады.
Сөйлеу мәдениеті
Ойды анық жеткізу, тыңдау мәдениеті қалыптасады.
Оқу мотивациясы
Сабаққа қызығушылығы артады.
Міндеттері
- 1 Тақырып бойынша ойлануға дұрыс бағыт беру.
- 2 Мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.
- 3 Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыру.
- 4 Оқушыларды ұйымшылдыққа және бір-бірін мұқият тыңдауға баулу.
- 5 Мұғалім еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1) Мозайка құрастыру
Алдарыңыздағы бөліктерге бөлінген қағазда өлеңнің екі жолы жазылған. Оны дұрыс оқу үшін алдымен мозайканы құрастыру керек.
Оқушылар қағаз бөліктерінен мозайка құрастырады.
2) Көңіл күйді реттеу
Балалар, менің қазіргі көңіл күйім көгілдір аспандағы жылы әрі жұмсақ күннің шуағына ұқсайды. Ал сендердікі ше?
Ендеше, көңіл күйімізді реттеу үшін мозайкадағы өлең жолдарын кезекпен оқып, қимыл-қозғалыспен көрсетейік.