Стакандағы суға саз салып араластыру

Мақсат және күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты — судың адам өміріндегі маңызын ұғындыру, «сусыз тіршілік жоқ» қағидасын түсіндіру және оқушыларды суды қорғауға тәрбиелеу.

А) Дағды

Тәжірибе жасай алады.

Ә) Түсінік

Судың маңыздылығын ұғынады.

Б) Құндылық

Судың тіршілік үшін маңызын бағалайды.

Әдіс-тәсілдер мен ресурстар

Қолданылатын тәсілдер

  • Түрткі сұрақтар, сұрақ-жауап
  • Топтық әңгіме, диалогтік оқыту
  • «Крестиктер мен нөлдіктер» әдісі
  • Жаппай, топтық, жұптық, жеке жұмыс

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Оқулық, дәптер
  • Флипчарт, фломастер, маркер
  • Карточкалар, суреттер (су, бу, мұз, тамшы)

Кіріспе

Амандасу және психологиялық дайындық

Оқушылармен амандасып, көңіл күйді көтеруге арналған қысқа жаттығу орындалады.

Күлім қағып қолымды,
Бір, екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.

Жылы жүзбенен,
Маңдайынан сипайын.
Жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер, қысайын.
Амандасып өзіңмен,
Құшақтап бір алайын.

Топқа бөлу және бақылау күнделігі

Оқушылар «су», «бу», «мұз», «тамшы» суреттері арқылы топтарға бөлінеді. Талқылау сұрағы: «Қолдарыңдағы сурет туралы не айта аласыңдар?»

Ауа райын бақылау

  • Бүгін ауа райы қандай?
  • Жауын-шашын бар ма?
  • Ауа температурасы қандай?

Үй тапсырмасын тексеру

«Крестиктер мен нөлдіктер» әдісі арқылы судың қасиеттері мен күйлерін қайталау сұрақтары қойылады.

1) Су қандай болады?
2) Судың түсі қандай?
3) Судың пішіні бар ма?
4) Суды қандай жерлерде кездестірдің?
5) Су адам үшін қандай маңызды?
6) Судың неше күйі болады?
7) Мұз судың қай күйіне жатады?
8) Жаңбыр судың қай күйіне жатады?
9) Судың бу күйінде кездесетіні туралы не айта аласың?

Тұсаукесер: миға шабуыл

Үш шыны ыдысқа сүт, су, сұйық май құйып, оқушыларға олардың ішінен суды табу ұсынылады.

Талқылау: «Суды қалай анықтадыңдар? Қандай белгілеріне сүйендіңдер?»

Негізгі бөлім: топтық тәжірибелер

Оқушылар әр топта тәжірибе жасап, заттардың суда еру-ерімеуін бақылайды және қорытынды шығарады.

1-топ: Қант

  • Суға қант салып, араластырдық.
  • Қант еріп кетті, су мөлдір қалды.
  • Судың дәмі тәтті болды.
  • Қорытынды: қант суда жақсы ериді.

2-топ: Тұз

  • Суға бір қасық тұз салып, араластырдық.
  • Тұз еріп кетті, су мөлдір қалды.
  • Судың дәмі тұзды (ащы) болды.
  • Қорытынды: тұз суда жақсы ериді.

3-топ: Құм

  • Стакандағы суға құм салып, араластырдық.
  • Құм түбіне шөкті, ерімеді.
  • Қорытынды: құм суда ерімейді.

4-топ: Саз

  • Стакандағы суға саз салып, араластырдық.
  • Су лайланды.
  • Тұндырған кезде саз түбіне шөкті.
  • Қорытынды: саз суда ерімейді.

Кесте: суда жақсы еритін заттар

Зат Бақылау Қорытынды
Қант Ериді, су мөлдір қалады, дәмі тәтті Жақсы ериді
Тұз Ериді, су мөлдір қалады, дәмі тұзды Жақсы ериді
Құм Түбіне шөгеді Ерімейді
Саз Су лайланады, тұндырғанда түбіне шөгеді Ерімейді

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейіні сергітіледі.

Дәптермен жұмыс

Жасаған тәжірибелер бойынша кестені дәптерге толтыру: «Не істедік? Нені бақылаймыз?»

Шығармашылық тапсырма: ойланайық

Әңгіме

Екі есек жүк арқалап келе жатты: біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта болды. Екеуі терең өзеннен өтуі керек еді. Тұз артқан есек судан шығысымен жеңілдеп, жүрісін тездетті. Ал мақта артқан есек ауырлап, әрең қозғалды.

Талқылау сұрақтары

  • Оларға не болды? Неліктен?
  • Барлық заттар суда ери ме?
  • Заттардың бәрі бірдей ерімегені жақсы ма, жаман ба? Неге?
  • Су қоймаларындағы судың түсі, иісі, тазалығы қандай болуы керек?
  • Бұл суды ішуге бола ма? Неліктен?
  • Қандай сулар ішуге жарамды?
  • Су қоймаларының тазалығын сақтау үшін не істеу керек?
  • Су маңында қандай өсімдіктер өсіп, қандай жануарлар тіршілік етеді?

Қорытынды, рефлексия және бағалау

Аяқталмаған сөйлем

Оқушылар сөйлемдерді жалғастырып, өз түсінігін қысқа әрі нақты білдіреді:

  • Су — ...
  • Су — ...
  • Су — ...

«Баспалдақ» әдісі және өзіндік бағалау

Оқушылар өз деңгейін «Баспалдақ» әдісі арқылы көрсетіп, өзіндік бағалау парағын толтырады.

  1. 1 Түсіндім: су не үшін қажет екенін айта аламын.
  2. 2 Орындай аламын: тәжірибені дұрыс жүргіземін, бақылауды жазамын.
  3. 3 Қолданамын: суды қорғау жолдарын ұсынамын.

Автор туралы мәлімет

Білім беру ұйымы
Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі КММ
Мұғалім
Жақыпбекова Майра Берікболовна