Ладтың биіктігі

Ашық сабақ жоспары

Пән

Негізгі музыка теориясы

Курс, бөлім

II курс, Ән–хор бөлімі

Сабақ тақырыбы

Ладтың басқа түрлері

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды негізгі ладтардан бөлек басқа да лад түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық

Ойлау қабілетін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Жан-жақты білімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Әдістері
Командалық жұмыс, топтастыру, сұрақ–жауап, Венн диаграммасы, «Полиглот», «Ойлан да аяқта».
Сабақ түрі / типі
Біріккен сабақ, аралас.
Пәнаралық байланыс
Музыка әдебиеті
Көрнекіліктер
Тақта, нетбук, мультимедиа проектор, компьютер, оқулықтар.

Сабақтың құрылымы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    Назар аударту, түгендеу

    Оқушылардың назарын сабаққа аудару, тізім бойынша түгендеу.

  2. II. Кіріспе нұсқауы (өткен тақырыпты қайталау)

    I кезең: «Полиглот»

    Әр команда («Мажор» және «Минор») бір-біріне сұрақ қояды. Жауап екі тілде беріледі: қазақша және орысша.

    Команда: Мажор

    • 1.Ладтың биіктігі? — Тональдік.
    • 2.Ладтарға қай аймақтардың аты берілді? — Греция.
    • 3.Табиғи минорда кездесетін көне халық лады? — Эолийлік.
    • 4.5 дыбыстан тұратын лад? — Пентатоника.
    • 5.7 дыбыстан тұратын лад? — Диатоника.

    Команда: Минор

    • 1.Народный лад, с повышенной VII ступенью? — Миксолидийский.
    • 2.Лад, состоящий из 3 звуков? — Трихорд.
    • 3.Система взаимоотношений между устойчивыми и неустойчивыми звуками? — Лад.
    • 4.Народный лад, равный натуральному мажору? — Ионийский.
    • 5.Вид минора, с повышенной VII ступенью? — Гармонический.

    II кезең: Венн диаграммасы

    Өткен мәліметтерді салыстыру және жүйелеу.

    Мажор

    • 1.Негізінде: Ү5 3.
    • 2.Үйлесімді түрінде: VI төмендетіледі.
    • 3.Әуендік түрінде: VI және VII төмендетіледі.
    • 4.Халық ладтары: ионийлік, лидийлік, миксолидийлік.

    Екеуіне ортақ

    • 1.Екеуі де ладтарға жатады.
    • 2.Үш түрі бар.
    • 3.Пентатоника лады кездеседі.
    • 4.Тональдікке байланысты қолданылады.

    Минор

    • 1.Негізінде: К5 3.
    • 2.Үйлесімді түрінде: VII жоғарылатылады.
    • 3.Әуендік түрінде: VI және VII жоғарылатылады.
    • 4.Халық ладтары: эолийлік, дорийлік, фригийлік.

    III кезең: Қызығушылықты ояту

    «Ойлан да аяқта» тапсырмасы (топтастыру арқылы).

    IV кезең: Сергіту сәті — «Фотоаппарат»

    Топпен жұмыс: үстел үстіндегі заттарға 1 секунд қарап, көзді жұмып, жатқа айтып беру.

  3. III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

    1) Мағынаны тану

    «Джигсо» әдісі, мәтінді бөліктерге бөлу, қысқаша лекция-конспект тарату.

    Параллельді мажор мен минор қолданылатын лад параллельді ауыспалы лад деп аталады. Ауыспалы ладтың тағы бір түрі — мажор–минор немесе минор–мажор. Бұл ладта бір аттас мажор мен минор кезектесіп отырады.

    Кейбір халықтардың (венгр, болгар, еврей, сыған, әзербайжан, түрік, араб және т.б.) музыкалық фольклорында екі гармониялық тетрахордтан тұратын ладтар кездеседі. Олар қос гармониялық мажор және қос гармониялық минор деп аталады.

    Қос гармониялық мажор

    II және VI сатысы төмендетілген (араб лады).

    Қос гармониялық минор

    IV және VII сатысы жоғарылатылған (венгр немесе сыған лады).

    XIX ғасырдан бастап кейбір шығармаларда ұлғайтылған лад кездеседі. Бұл — бүтін тондарға негізделген алты сатылы гамма (бүтінтондық, «целотонная» гамма). Оны алғаш рет М. И. Глинка «Руслан мен Людмила» операсында қолданған.

    Н. А. Римский-Корсаков кішірейтілген ладты алғаш рет «Садко» операсында қолданған. Бұл ладта тон мен жарты тон кезектесіп келіп, сегіз сатылы гамма түзіледі. Аталған ладтар фантастикалық, аңыз-ертегі бейнелерін суреттеуде жиі пайдаланылады.

    2) Музыка тыңдау

    1. 1.Е. Крылатов — Ю. Энтин: «Крылатые качели»
    2. 2.Saint-Preux: Allegories (g moll – B dur)
    3. 3.М. Мусоргский: «Картинки с выставки» — «2 еврея»
    4. 4.М. Глинка: «Марш Черномора» («Руслан мен Людмила» операсынан)

    3) Ой қозғау

    Тест-сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты бекіту.

    Тест №1

    4) Музыкалық викторина

    Тыңдалған шығармалар бойынша сұрақтар мен тапсырмалар.

  4. IV. Сабақты қорытындылау

    Негізгі ұғымдарды жинақтау, қысқаша кері байланыс.

  5. V. Бағалау

    Командалық және жеке жұмыс нәтижелері бойынша бағалау.

  6. VI. Үй тапсырмасы

    Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беру (конспект, анықтамалар, мысалдар).