Қазына аралы

Ертеңгілік (1-сынып)

Тақырыбы

«Рахмет саған, Әліппе!»

Мақсаты

  • Оқушылардың «Әліппе» пәнінен меңгерген білімдерін және жетістіктерін көрсету.
  • Алфавитті, дыбыстарды, мәтіндер мен өлеңдерді еске түсіру және қайталау.
  • Әсемдікке тәрбиелеу, білімге деген ынтасын арттыру.
  • Татулыққа баулу.

Көрнекілігі

мақал-мәтелдер оқушылардың шығармашылық жұмыстары шарлар гүлдер әріптер жазылған қағаздар жалаушалар

Ертеңгіліктің барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Сахна құрылымы

Сахна төрт бөлікке бөлінеді. Саяхатшылар әр аралға қонаққа барады. Әр аралды және саяхатшыларды бір-бір оқушы басқарады.

  1. 1 Білім аралы
  2. 2 Қазына аралы
  3. 3 Өнер аралы
  4. 4 «Болашақ бүгіннен басталады»

Мұғалімнің сөзі

Құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Бала — біздің болашағымыз. Ертең ел тізгінін ұстар ұрпақты жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын, білім шуағын сіңіру — ата-ана мен ұстаздың ортақ міндеті.

Соның бір көрінісі — бүгінгі «Рахмет саған, Әліппе!» ертеңгілігі. Тамашалаңыздар!

Саяхат көріністері

1) «Теңізшілер» биі

Көрініс теңіз әуенімен басталады. Саяхатшылар «Әліппе» кемесіне мініп, жолға шығады.

Диалог

Капитан:

— Теңізшілер! Бүгін біз жолға шығамыз!

Теңізшілер:

— Қайда сапарға аттанамыз?

Капитан:

— Өзіміздің «Әліппе» кемемізбен Білім теңізіне қарай сапарға шығамыз. Ең алдымен Білім аралына барып, Сүлеймен патшамен жүздесеміз. Одан кейін Қазына аралына аттанамыз. Сонан соң Өнер аралына саяхатқа шығамыз. Сапарымыз сәтті аяқталса, Болашақ аралына қадам басамыз!

Капитан:

— Ендеше, достарым, сапарға аттандық!

Сахналық белгі

  • «Теңізшілер» әуені ойналады.
  • Сүлеймен патша мұзтастардың орнын ауыстырып, ойланып жүреді.

2) Сүлеймен патшамен кездесу

Көрініс

Теңізші:

— Сүлеймен патшаны қараңдар! Мұзтастармен ойнап жүр.

Капитан:

— Амансыз ба, Сүлеймен патша? Не істеп жүрсіз?

Сүлеймен патша:

— Жол болсын, теңізшілер! Қайда сапар шектіңдер?

Капитан:

— Білім аралына бармақшымыз.

Сүлеймен патша:

— Мен де Білім аралына бармақ едім. Мұзтастардың орны ауысып кетіпті. Оларды орны-на қоюға көмектесіп жіберіңдерші.

Капитан:

— Әрине, көмектесеміз, Сүлеймен патша!

Тапсырма

Бір оқушы мұзтастардың орнын дұрыс орналастырып, сөз құрайды.

Нәтиже

Отан

Нәтиже

Ана

Нәтиже

Мектеп

Сүлеймен патша: — Рахмет сендерге, теңізшілер!

Музыка ойналады.

3) Білім аралы

Сүлеймен патша: — Балалар, Білім аралына қош келдіңіздер! Бұл аралда «Әліппе» оқулығынан нені меңгергендеріңді айтып, игерген білімдеріңді көрсетесіңдер!

1-топ

Дауысты дыбыстарды жазу (15 әріп)

а ә е и о ө ү ұ у ы і э ю я

2-топ

Дауыссыз дыбыстарды жазу (25 әріп, 2 белгі)

б ң ғ қ һ х з щ ш г н к ц й ф в п р л д ж т м с ч ъ ь

3-топ

Қазақ әліпбиін жазу (40 әріп, 2 белгі)

Ескерту: Жұмысқа уақыт шектеуі қойылады. Тапсырма аяқталған соң, топтар жұмыстарын тақтаға іліп, оқиды. Қателер болса, оқушылар бірігіп түзетеді.

Хор

«Жарқын жүзді ұстазым!»

Сүлеймен патшаның тілегі

— Рахмет сендерге, жас теңізшілер! Сапарларың сәтті болсын!

Сахнаны айналып шығады.

4) Келесі көрініс: Су перісі

Су перісі моншақтардың орнын ауыстырып, ойнап жүреді.

Теңізші: — Су перісін қараңдар! Моншақтармен ойнап жүр!