Интернат қоймасы мәтінін оқып түсіндіру
Сабақ жоспары: әдебиеттік оқу (3-сынып)
Тақырыбы
Шерхан Мұртаза — «Интернат қоймасы»
Қолданылған модульдер
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру
- Сабақта АКТ пайдалану
- Оқытуды басқару және көшбасшылық
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Мақсаты
Білімділік
Автор туралы және Тұрар Рысқұлов жайлы мағлұмат беру; мәтіннің идеялық мазмұнын ашып, түсіндіру.
Дамытушылық
Мәтінге мағыналық талдау жасау дағдысын, қисынды ойлауды дамыту; топта жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік
Жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.
Мұғалімнің іс-әрекеті
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың назарын сабаққа шоғырландыру, оқу құралдарын дайындату және жұмыс тәртібін еске салу.
2) Қызығушылықты ояту
«Шаттық шеңбері» (психологиялық дайындық)
- Кімнің көңіл күйі өте тамаша — қол көтерсін.
- Кімнің досы осы сыныпта отыр — қол шапалақтасын.
- Кім өзіне сенімді — қол көтерсін.
- Бүгін сабақта не істейтінімізді білетіндер — қол шапалақтасын.
- Әлі де түсінбей тұрғандар — қол көтерсін (сұрақ қоюға ынталандыру).
Оқушыларды топтарға бөлу (3–4 топ).
3) Үй тапсырмасын тексеру
Алдын ала берілген тапсырма: «Аштық пен кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады?» — осы сұраққа дайындалып келу. Оқушылар өз пікірін айтады, ой дәлелдейді.
I топ — «Ойшылдар»
«Бәрі де “шықпа, жаным, шықпа” деп отырған секілді…» деген сөйлем қай әңгімеден алынған?
II топ — «Алғырлар»
«Азаттық жолында» әңгімесін қысқаша мазмұндап бер.
III топ — «Білгірлер»
Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген.
Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген.
Осы өлең жолдарының авторы кім?
IV топ — «Тапқырлар»
Езілген қазақ елінің
Бағы үшін туған ер.
Қалың қазақ елінің
Кегін қанмен жуған ер.
Өлеңнің авторы кім? Өлең кім туралы?
4) Болжау (ребус) және сөздерді талдау
Тақтадағы ребусты шешу арқылы жаңа тақырыпқа болжам жасалады.
Сұрақ-жауап
- «Интернат» дегеніміз не?
- «Қойма» дегеніміз не?
5) Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Қазақстандағы аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған тұлға — Тұрар Рысқұлов. «Ол кім?» деген сұрақ төңірегінде оқушылардың білімін өзектендіру жүргізіледі.
Еске түсіру үшін тірек сөздер
Сұрақтар: Бұл шығарма кім туралы? Шығарма қалай аталады?
Күтілетін жауап: Тұрар Рысқұлов, «Бала Тұрар».
Тарау атауы: «Ата-бабам тарихы — менің тарихым». Бүгін осы тарихи тұлғалардың бірі туралы білімімізді кеңейтеміз.
АКТ
Тұрар Рысқұлов туралы бейнебаян көрсету.
Сабақтың негізгі мәтіні: Шерхан Мұртазаның «Интернат қоймасы» әңгімесі.
6) Оқулықпен жұмыс
«Интернат қоймасы» мәтінін оқып, мазмұнын түсіндіру.
Сөздікпен жұмыс
Мәтіндегі жаңа және күрделі сөздерді анықтау, мағынасын ашу, сөйлем ішінде қолдану.
Сұрақ-жауап
- 1Әңгіме кім туралы?
- 2Тұрар Серікті не үшін сұраққа алды?
- 3Серік неге шындықты айтуға мәжбүр болды?
- 4Тұрар мен Қабылбек қандай шешім қабылдады? Сен олардың орнында болсаң не істер едің?
I топ
Мәтіннің соңғы абзацын қайта оқып, өз сөзіңмен түсіндір.
II топ
Әңгімеге қатысушы балаларды сипатта. Іс-әрекеттеріне баға бер.
III топ
Әңгімеге басқа қандай ат қояр едің? Неліктен олай атағаныңды дәлелде.
IV топ
Серікке ара түскен Тұрар кейін Сталинге неге хат жолдады? Байланысын түсіндір.
7) Сергіту сәті
«Көңілді күн» әуенімен қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары.
8) Бекіту
- Мәтін ұнады ма? Неліктен?
- Қандай кейіпкерлер есіңде қалды?
- Олар қандай іс-әрекеттерімен қызықтырды?
«Не білдік? Не үйрендік?» кестесі
Кесте топтарға таратылып, қысқаша қорытынды жасалады.
9) Үйге тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұндап айтуға дайындалып келу.
10) Рефлексия және бағалау
Оқушылар өз көңіл күйін білдіретін суреттерді таңдау арқылы кері байланыс береді. Мұғалім оқу жетістігін қалыптастырушы бағалау арқылы қорытындылайды.