Шыбынсыз жаз
Сабақтың тақырыбы
«Шыбынсыз жаз»
Сабақтың мақсаты
- Сыни тұрғыдан ойлау арқылы шілдедегі өзгерістерді байқап, тақырыптың мағынасын ашу.
- Диалогтік оқыту әдісін қолдану арқылы тіл байлығын, сөздік қорын және көркем сөйлеу дағдысын дамыту.
- Табиғатқа, елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру; елестету арқылы есте сақтау және еске түсіру қабілеттерін дамыту.
- Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері
Көрнекіліктер
- сызба
- сюжетті суреттер
- оқулық
Нәтижеге бағдар
Сабақ барысында оқушылар табиғаттағы маусымдық өзгерістерді талдап, мәтінді түсініп оқиды, пікір алмасады, сөздік қорын толықтырады және жайлау табиғатының ерекшелігін бағамдайды.
Негізгі өзек
Шілде көрінісі, жайлаудың салқындығы, шыбынсыз жаздың мәні.
Сабақтың барысы
Кезең-кезеңімен жоспар
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
1, 2, 3, 4 — 3, 4, 1, 2
— Кім алда?— Біз алда!
— Кім биікте?— Біз биікте!
— Біз кішкентай ұландар!
Топқа бөлу
Бүгінгі сабақта сынып 4 топқа бөлінеді.
Сұрақ
Балалар, бір жылда неше мезгіл бар? Олар қандай?
Осыған сәйкес топтар: көктем, жаз, күз, қыс.
Әр топқа көшбасшы тағайындалады.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар Абайдың жыл мезгілдеріне арнаған өлеңдерін еске түсіреді.
Ақынның жаз мезгілі туралы өлеңін жатқа айту тапсырмасы орындалады.
Ой қозғау (топтық сұрақтар)
- Жазда қандай өзгерістер болады?
- Ел жайлауда қандай қызықтарға куә болады?
- Балалар жайлауды неге қимай жүр?
- Олар қайда барады?
Топтастыру
Әр топ жаз мезгілін топтастырып, постер жасап, қорғайды.
III. Жаңа сабақ
Жұмбақ арқылы кіріспе
Шидім-шидім шидім құс,
Ши басына қонған құс,
Қарқырауық қара құс,
Хан басына қонған құс.
Жауабы: шыбын
Тақырыпқа бағыттау
Бүгін Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» мәтінімен танысамыз.
Сұрақ
Балалар, қалай ойлайсыңдар: шыбынсыз жаз болуы мүмкін бе?
Оқушылар өз болжамдарын айтады (мысалы: иә, салқын жайлауда болуы мүмкін).
Жұмыс кезеңдері
- 1 Автор туралы қысқаша мәлімет беру.
- 2 Мәтінді мәнерлеп оқып беру.
- 3 Іштей оқу және жалғастырып оқу.
Дәптермен жұмыс
Оқулықтан ағаш, бұта, шөп атауларын теріп жазу. Жазған сөздерді кезекпен оқып шығу.
IV. Сергіту сәті
Ойын: «Қай топ шапшаң?»
Топтық айналым тапсырмасы
- 1 Әр топқа жұмыс парағы беріледі. Тақырыпты оқып, жауап ретінде стикерге фактілерді жазып қосу керек (2 минут).
- 2 Уақыт аяқталған соң, парақ сағат тілі бағытымен келесі топқа беріледі; олар өз стикерлерін жапсырады.
- 3 Барлық топтар парақтармен жұмысын аяқтағанда тапсырма орындалды деп есептеледі.
Түсінгенін тексеру
Оқушылар топ ішінде тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді жасырып, бір-біріне шешкізеді.
V. Бекіту
Сұрақ-жауап
Жаңа тақырыпты оқыған кезде нені білгің келеді?
- Шығармада жылдың қай мезгілі суреттелген?
- Шілдедегі ауа райы қандай болады?
- «Шыбынсыз жаз» тіркесін қалай түсінесің?
- Масасыз, шыбынсыз салқын жайлаудың малға қандай пайдасы бар?
VI. Үй тапсырмасы
Тапсырма:
Мәтінді оқу, мазмұндап әңгімелеу.