Қазақтың хан сайлау мәтінін оқып
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Білімділік
Хан сайлауының рәсімі туралы мәліметтерді жан-жақты түсіндіру, халықтың ұлттық дәстүрлерін оқушыларға жеткізу.
Дамытушылық
Ізденіс әрекетін қалыптастыру; ойлау, елестету, сөздік қорды байыту; еркін сөйлеу және өз ойын дәл жеткізу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Ұлттық салт-дәстүрге құрмет, отансүйгіштік, адалдық, шыншылдық және ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Жылы атмосфера- Оқу құралдарын түгелдеу.
- Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері (өлең жолдары):
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
II. Психологиялық дайындық
ЫнталандыруМұғалімнің сөзі: «Жер бетінде адам өмір өткізер, бар нәрсеге білім қолды жеткізер». Демек, ерінбей, жалқаулыққа берілмей білім алуымыз керек.
Математикалық диктант
Тәуелсіздік туралы сұрақтар
- Тәуелсіздікке — 21 жыл.
- Тәуелсіздікті қашан, қай жылы алдық? — 1991 жылы.
- Тәуелсіз елдің тірегі — білімді ұрпақ.
Шығармашылық тапсырма
Берілген сөздерді пайдаланып өлең құрастыр:
III–IV. Үй тапсырмасын тексеру және бекіту
ҚайталауСұрақтар
- Мағжан Жұмабаев кім?
- Оқулықтағы М. Жұмабаевтың «Өткен күн» өлеңін мәнерлеп оқу.
- Әдеби кітаптардан жаттаған өлеңдерді жатқа айту.
Бекіту
Оқушылар сұрақ парақтарына жауап жазады. Жауаптар талқыланып, негізгі ойлар нақтыланады.
V. Жаңа сабаққа кіріспе
СалыстыруИнтерактивті тақтадан Президентті ұлықтау кезеңінен бейнеүзінді көрсетіледі. Оқушылармен қазіргі басқару жүйесі туралы әңгіме жүргізіледі.
Сұрақ-жауап
- Қазіргі таңда елімізде қандай басқару жүйесі бар? — Президенттік.
- Қазақстан Республикасының Президенті кім? — Н. Ә. Назарбаев.
- Президент сайлауы неше жылда бір өтеді? — 7 жылда бір рет.
- Сайлау қашан болды? — 2005 жылғы 4 желтоқсан.
- Дауыс беруге кім құқылы? — 18 жасқа толған әрбір азамат.
Қорытынды: Бүгінгі таңда халықты Президент басқарса, хандық дәуірде елді Хан басқарған. Қазақ халқының белгілі хандары: Хақназар, Абылай, Тәуке, Қасым, Есім, Әбілқайыр және т.б.
Ой қозғау: «Сенің ойыңша, хан қандай болуы керек?»
VI. Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмысТақырып
Мұхтар Мағауиннің «Қазақтың хан сайлауы» әңгімесімен танысу.
Мұхтар Мағауин туралы қысқаша
Мұхтар Мағауин — жазушы, әдебиет зерттеушісі, біртуар тұлға. Ол ауыл мұғалімінің отбасында дүниеге келген. 1957 жылы Баршатас ауылындағы қазақ орта мектебін бітіріп, С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Университеттің филология факультетін 1962 жылы, ал қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасын 1965 жылы аяқтаған.
Мәтінмен жұмыс алгоритмі
- 1 Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды.
- 2 Оқушылар мәтінді әңгімелеп береді (мазмұндау).
- 3 Мазмұнға сай сұрақтар қойылып, жауап алынады.
- 4 Сөздік жұмыс жүргізіледі.
Сөздік жұмыс
Мағыналарды нақтылауКең майданда
Бұл жерде: кең, жазық жерде.
Алқа-қотан
Айнала қоршап, топтаса отыру.
Орда
Қазақ хандығының ордасы (хан ордасы).
Ұлыс
Бұл жерде: қазақ халқы, ел.
Сұлтан
Шыңғыс ханнан тараған төре тұқымдары.
Жәмиғат
Ел, халық.
Асылзада
Бұл жерде: айтулы, беделді азамат.
Алаш
Қазақ деген ұғым.
Кінәрат
Кемшілік.
Тәбәрік
Киімді қасиетті зат деп ырымдап, жыртып алынған жыртыс.
Пышақ үстінде
Қолма-қол, шұғыл түрде.
Топпен жұмыс (1-кезең)
- I қатар: мәтінді оқиды.
- II қатар: мәтінді мазмұндайды.
Сергіту сәті
Жабырқауды білмейміз.
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз — таланты ас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан!
Топпен жұмыс (2-кезең)
I қатар (зерттеу)
- Хандар туралы не білесіңдер?
- «Тәбәрік» дегеніміз не?
- Ырымды тағы қай жерде қолданады?
II қатар (ойлан, тап!)
Қайсысы дүкенде сатылмайды?
Мақал:
«Өзге елге сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол».
VII. Жаңа сабақты бекіту
РефлексияОқушыларға сұрақтар қойылып, мәтіннің негізгі ойы, хан сайлауының ерекшеліктері және сөздік жұмыс бойынша түсініктері тексеріледі. Жауаптар арқылы жаңа тақырып қорытындыланады.
VIII. Үй тапсырмасы
Жалғастыру- 1 «Қазақтың хан сайлауы» мәтінін оқып, мазмұндау.
- 2 Мәтін мазмұны бойынша сурет салу.
- 3 Ел басқарған хандар туралы зерттеу жүргізу.
IX. Бағалау
ҚорытындыОқушылардың сабаққа қатысуы, мәтінді түсініп оқуы, мазмұндауы, сұрақтарға жауап беруі және топтық жұмыстардағы белсенділігі бойынша бағаланады.