Тәжірибе арқылы мұздың қасиетімен таныстыру

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Негізгі деректер

Білім беру саласы
Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Айналамен таныстыру
Сабақтың тақырыбы
Күміс қыс
Түрі
Ашық сабақ
Типі
Дамыта оқыту (Тәй-тәй бағдарламасы)

Мақсаттары

  • Білімділік

    Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Тәжірибе арқылы мұздың қасиеттерімен таныстыру және қыстың табиғи құбылыстарын меңгерту.

  • Дамытушылық

    Танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, тілін жетілдіру, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылығын арттыру.

  • Тәрбиелілік

    Табиғатқа және қоршаған ортаға сүйіспеншілікке баулу, ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап Топпен жұмыс ТРИЗ Тірек-сызба Алгоритм Тәжірибелік жұмыс Көрнекілік Ойын Сөздік жұмыс Схема арқылы әңгіме құрау

Көрнекіліктер мен құралдар

  • «Таңғажайып алаңы» ойыны
  • Схемалар мен суреттер
  • Мұз және зерттеу құралдары
  • Зертхана құралдары
  • Майшам
  • Бояу
  • Стік (қалақша)
  • Сүлгі, карточкалар
  • Қатты қағаз
  • Мата мен жіп

Сабақтың барысы

1) Амандасу және көңіл күй орнату

Балалармен әртүрлі тілде амандасу ұйымдастырылады: «Қайырлы күн», «Сәлеметсіз бе?», «Хош келдіңіздер», «Төрлетіңіздер», «Good morning!»

Амандасу түрлері көрсетіледі: қол алысу, басынан сипау, бетінен ұстап жылы сөз айту, құшақтау.

Шаттық шеңбері

Амансың ба, нұрлы күн!
Амансың ба, қара жер!
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!

2) Ұйымдастыру кезеңі: «Қысты елестетейік»

Балаларға өздерін сыртта, таза ауада тұрғандай елестету ұсынылады. Мұғалім бағыттаушы сұрақтар арқылы қыстың белгілерін анықтауға жетелейді: қардың түрі, мұздың ерекшелігі, ауаның салқындығы, терезедегі қырау.

Қыс қандай болады?

Қарлы, боранды, аязды.

Қыста аулада қандай құстарды кездестіреміз?

Балалардың жауаптары тыңдалып, қорытынды жасалады.

3) Ғылым орталығы: қыс құбылыстары және тәжірибе

Қыста табиғатта не өзгереді?

  • Жерді қар басады.
  • Өзен-көлді мұз басады.
  • Құстардың сайрауы сирейді.
  • Ағаштардың өсуі баяулайды.
  • Жәндіктер тығылып, қыстап шығады.
  • Адамдар қалың киінеді.

Қыс айлары

Желтоқсан

Жыл аяғы, қыстың басы. Суық, ызғарлы болады.

Қаңтар

Жыл басы, қыстың ортасы. Ең қарлы ай, үскірік аяз жиі болады.

Ақпан

Жел мен боран күшейетін ай. Қарлы бораны қатты болады.

Қар дегеніміз не?

Қар — кішкентай мұз кристалдарынан тұратын жауын-шашын. Қатты аязда қар қиыршықтанып түседі, ал күн жылығанда жапалақтап жауады. Аязды күні аяқ астында қар сықырлайды.

Маңызды ереже

Қарды жеуге болмайды: оның құрамында микробтар болуы мүмкін, бұл денсаулыққа зиян.

Балалардың тақпақтары

Жігер

Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр болып жатады.

Раушан

Аулада ойнап шулайды,
Қар лақтырып балалар.
Сырғанақта зулайды,
Шаңғышылар, шаналар.

Жұмбақ

Суда қалқиды, жылыда балқиды.

Жауабы: Мұз

Аңыз: Су-ана

Ерте, ерте, ертеде Су-ана өмір сүріпті. Оның үлкен отбасы болыпты. Ұлдары — тұман, жаңбыр, қар, қыздары — шық, мұздық және Қарша қыз. Мінездері әртүрлі болғандықтан, әрқайсысы табиғатта өзінше көрініс береді.

Бүгін біз Су-ананың қызы — мұздықтың қасиеттерін тәжірибе арқылы зерттейміз.

Мұздың қасиеттерін зерттеу

  1. 1) Еруі

    Мұз текшесін жылы жерге қойсақ, ол ериді.

  2. 2) Түстің өзгеруі

    Еріген суға бояу қосып қайта қатырсақ, мұздың түсі өзгереді.

  3. 3) Дәмі мен иісі

    Мұздың дәмі бар ма? Иісі бар ма? (Талқылау арқылы қорытынды жасалады.)

  4. 4) Температурасы

    Мұз үнемі бірқалыпты суық бола ма? Неліктен?

  5. 5) Салмағы

    Мұз ауыр ма, әлде жеңіл ме? (Салыстырып көру ұсынылады.)

Мұздың пайдасы

  • Балмұздақ жасауға көмектеседі.
  • Сырғанақ жасауға болады.
  • Су асты тіршілік иелеріне мұз қабаты қорған бола алады.

Мұздың зияны

  • Мұзды (және қарды) жеуге болмайды.
  • Тайып құлау қауіпті, жарақат алдыруы мүмкін.
  • Мұз лақтыру — қауіпті ойын.
  • Өзен-көлдің мұзына шығуға болмайды.

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін біз нені зерттедік? — Қар мен мұзды.
  • Қарды жеуге бола ма? — Жоқ.

Қысқа сергіту сәті

Балалар ортаға шығып, қыс тақырыбына сай қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындайды.

4) Өнер орталығы: білімді бекіту және шығармашылық жұмыс

Жылдам сұрақтар

Жыл мезгілдері
Қыс, көктем, жаз, күз
Қыс айлары
Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Қыста не жауады?
Қар
Қардың түсі қандай?
Ақ
Қар жауғанда қандай ойындар ойнаймыз?
Сырғанау, шана тебу, шаңғы тебу, аққала жасау (балалардың жауаптары толықтырылады).

Қыс туралы тақпақтар

Аружан

Ақ қарға әсем көміліп,
Қыс келді тағы далаға.
Жаураған қолды жылытып,
Тұрамыз кейде тізіліп.

Жанайым

Қыс дегенің аймақ па?
Қатып жатқан қаймақ па?
Қыдырамыз шанамен,
Қыр басынан сай жаққа.

Хат: Аққаланың өтініші

Балаларға хат келеді. Хаттың иесі — Аққала:

«Балалар, бүгін менің туған күнім. Маған көмектерің керек: өзім сияқты достар жасап берсеңдер, ол мен үшін үлкен сыйлық болады».

Шығармашылық тапсырма

Балалар аққалаға көмектесуге келіседі. Алдыңғы оқу іс-әрекетінде басталған жұмысты бүгін аяқтайды: мата мен жіп арқылы аққала жасап, оны әшекейлейді, бұрын тігілген киімдерін кигізеді.

Қорытынды: «Бүгін біз не жасадық?» — Аққала.
«Неден жасадық?» — матадан, жіптен.

Сергіту

Балалар қысқа сергіту жаттығуын жасап, келесі орталыққа ауысады.

5) Аспаздық орталық: «Аяз ата» салаты

Тақырыпқа кіріспе

Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын —
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Жауабы: Қыс мезгілі

Қыс белгілері

Қар жауады, аяз болады, боран соғады.

Қауіпсіздік және тазалық

  • Қолды жуу
  • Алжапқыш тағу

Қыс мерекелері

Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл.

Қажетті өнімдер

Жұмыртқа Қызанақ Сәбіз Мейіз Болгар бұрышы (ұсақтау үшін)

Дайындау алгоритмі

  1. 1Жұмыртқаны 10–15 минут қайнату.
  2. 2Піскен жұмыртқаны қабығынан аршып, үгіткіштен өткізу.
  3. 3Жұмыртқаның ағы мен сарысын бөлек дайындау.
  4. 4Қызанақты турау.
  5. 5Сәбіз бен мейізді әсемдеу үшін қолдану.
  6. 6«Аяз ата» бейнесін үлгі суретке қарап құрастыру.

Топтық жұмыс

Мұғалім алдын ала жұмыртқаны пісіріп әкеледі. Балалар жұмыртқаны аршып, ағы мен сарысын бөліп дайындайды. Осы уақытта көкөністер ұсақталып, барлығы бірге «Аяз ата» салаты құрастырылады.

Жұмыстан кейін

Қолды жуу және жұмыс орнын жинастыру.

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін біз не дайындадық? — «Аяз ата» салатын.
  • Қандай өнімдер қажет болды? — жұмыртқа, сәбіз, қызанақ (және әсемдеуге мейіз).

Қорытынды сергіту сәті

Сабақ соңында балалар ортаға шығып, қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындайды. Тақырып бойынша қысқаша қайталау жүргізіліп, сабақ қорытындыланады.