Шырша бейнесі

Бекітемін:

«Ақбота» балабақшасының әдіскері: Ұ. М. Ақжігітова

Сабақ туралы мәлімет

Білім беру саласы
Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Мүсіндеу
Тақырыбы
Шырша бейнесі

Мақсаты

  • Балалардың мүсіндеу дағдыларын жетілдіру.
  • Табиғатты сүйе білуге, аялауға және қорғауға тәрбиелеу.
  • Ұқыптылық пен әсемдікке баулу.
  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер

Ермексаз Кескіш Тақтайша Сүлгі Слайд тақта Жай тақта Үшбұрышты пішіндер

Сөздік жұмыс

Негізгі сөз: шырша.

Билингвальды компонент

  • Шырша елка
  • Жасыл зеленая

Сабақ барысы

Төмендегі бөлімдер сабақтың мотивациялық және ұйымдастырушылық кезеңдерін қамтиды.

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түссін даламыз.

Қайырлы таң, достарым,

Қайырлы таң, келген қонақтарым.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог балалармен жыл мезгілдері туралы әңгімелесіп, сұрақ-жауап арқылы ой қозғайды.

  • Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Жыл неше айдан тұрады?

  • Ай аттарын атаңдар.

  • Қыс мезгілінің ерекшелігі неде?

  • Қыс мезгілінде қандай мерекелер болады?

Сюжеттік сәт: «Орман поштасы»

Оқиға желісі

  • Осы кезде әуен қосылады.
  • Есік қағылып, «Орман поштасы» келеді.

Диалог

Орман пошташысы: Балалар, сәлеметсіздер ме?

Педагог: Қош келдіңіз! Төрлетіңіз! Сіз кім боласыз?

Орман пошташысы: Мен — Орман пошташысымын.

Педагог: Қандай бұйымтайыңыз бар?

Орман пошташысы: Мені Орман патшасы жіберді. Қолымдағы конверттің ішінде сіздерге арналған тапсырмалар бар.

Педагог: Конвертті алып, хатты оқиды.

«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен — Орман патшасымын. Сендерге арналған үш тапсырмам бар. Оларды орындауға дайынсыңдар ма?»

Педагог: Қане, балалар, дайынбыз ба? Ендеше тапсырмаларды оқиын.

Автор туралы мәлімет

Өңір

Маңғыстау облысы

Аудан / ауыл

Түпқараған ауданы, Баутин ауылы

Мекеме және автор

«Ақбота» балабақшасы

Бейнелеу өнері жетекшісі: Сақтағанова Света Келдібайқызы

Ескерту: Бастапқы мәтінде «жүктеу» деген белгі болғандықтан, құжат жүктеу жазбасын мазмұннан бөлек қалдырдық.