Дыбыстың сипаттамалары
Сабақ мазмұны
Бұл сабақта дыбыс толқындарының табиғаты, дыбыстың негізгі сипаттамалары, акустикалық резонанс, дыбыстың шағылуы мен жаңғырық құбылысы, сондай-ақ ультрадыбыс пен инфрадыбыс туралы жүйелі түсінік қалыптастырылады.
Эпиграф
«Бәріміз — біріміз үшін»
Мақсаты
- Білімділік: дыбыс толқындары туралы түсінік беру; дыбыстың сипаттамаларын және музыкалық дыбысты қарапайым мысалдармен түсіндіру.
- Тәрбиелік: ұлттық өнерге баулу; дыбыстың адам өміріндегі маңызын ашу; домбыраның құрылысымен таныстыру; этнопедагогикалық тәрбие беру.
- Дамытушылық: пәнге қызығушылық пен қабілетті дамыту; ультрадыбыс және инфрадыбыс туралы түсінік қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар топқа бөлінеді. Сабақта өзара қолдау мен жауапкершілікке ерекше мән беріледі.
II. Қызығушылықты ояту (үй тапсырмасын тексеру)
«Жедел сұрақтар» стратегиясы арқылы өткен тақырыптар еске түсіріледі.
- 1 Механикалық толқын дегеніміз не?
- 2 Толқынның неше түрі бар?
- 3 Бойлық толқын дегеніміз не?
- 4 Көлденең толқын дегеніміз қандай толқын?
- 5 Толқын ұзындығы дегеніміз не?
- 6 Толқын жылдамдығы деп нені түсінесіздер?
- 7 Толқынның энергия тасымалдайтынын қалай түсіндіруге болады?
- 8 Жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуынан пайда болатын толқын қалай аталады?
- 9 Ауырлық және беттік керілу күштерінің әсерінен туындайтын толқын қандай?
Қосымша тапсырма: 25-жаттығу есептерін шығару.
III. Мағынаны тану (жаңа сабақты меңгеру)
Ой шақыру
Қазір өмірімізді радио мен телехабарларсыз, телефон байланысынсыз елестету қиын. Механикалық толқындар әлемінде біз көрмейтін, бірақ соның көмегімен бір-бірімізбен қарым-қатынас жасап, музыка тыңдайтын толқын түрі бар. Ол қалай аталады?
Жауап: дыбыс.
Адам еститін диапазон
Тербеліс жиілігі 16 Гц-тен 20 000 Гц-ке дейін болатын механикалық толқындар адамда дыбыс түйсігін туғызады.
Жылдамдық және орта
Ауадағы дыбыс жылдамдығын алғаш рет 1636 жылы француз физигі М. Мерсен анықтаған.
Орта тығыздығы артқан сайын, әдетте, дыбыстың таралу жылдамдығы да артады.
Қаттылықты өлшеу: бел және децибел
Дыбыстың қаттылық деңгейін өлшеу үшін логарифмдік шкала қолданылады. Қаттылық бірлігінің ондық үлесі: 1 бел = 10 децибел.
Децибел (дБ) атауы телефонды ойлап тапқан американдық өнертапқыш А. Бель құрметіне берілген.
Бағытталған оқу және тәжірибе
- Жаңа тақырыпты меңгеру: постер дайындау және қорғау.
- Демонстрация: темір сызғыш, камертон және басқа құралдар арқылы дыбыстың пайда болуын бақылау.
- Топтарды бағалау: көк, сары, қызыл түстер арқылы.
Проблемалық әдіс үшін қолданылатын құралдар: темір сызғыш, стакан, ағаш қасық, пакет, электронды оқулық.
Музыкалық дыбыс және дауыс жиілігі
Парижде ән салған Әміре Қашаубаевтың даусы (бас) секундына шамамен 350 тербеліс жасайды. Ал Бибігүл Төлегенованың дауысы секундына 2018 тербеліс жасайды.
Секундына шамамен 3000 тербеліс жасайтын дыбыстар, әдетте, музыкалық тондарда қолданылмайды.
Музыкалық аспап үнінің сапалы шығуы аспаптың арнайы ағаштан, шеберлікпен және дәлдікпен жасалуына байланысты.
IV. Ой-толғаныс (сабақты бекіту)
1) Физикалық диктант (иә/жоқ)
- Дыбыс — есту түйсігін туғызатын серпімді толқын.
- Жиілігі 20 Гц-тен жоғары толқындарды адам құлағы естиді.
- Найзағай — табиғи дыбыс көзі.
- Акустика — дыбысты зерттейтін физика бөлімі.
- Дыбыс қаттылығы тербеліс жиілігімен анықталады.
- Дыбыс тоны тербеліс жиілігімен анықталады.
- Ауадағы дыбыс жылдамдығы шамамен 330 м/с.
- Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігі — бел.
- Медицинада ультрадыбыс адам денесін тексеруге (УДЗ) қолданылады.
- Инфрадыбыстың адам ағзасына кері әсері болмағандықтан, ол кең қолдау тапқан.
Тапсырма: «Бір-біріңді тексер!»
Жауаптарды жұппен салыстырып, дәлелдеңдер.
2) Есептер шығару
№1
Адам үңгірдің алдына келіп қатты айқайлады. Ол жаңғырығын 3 секундтан соң естіді. Үңгірдің тереңдігі қандай?
№2
Бақылаушыдан 5 км қашықтықта найзағай түсті. Қанша уақыттан соң бақылаушы оның дыбысын естиді?
№3
Судағы дыбыс толқынының ұзындығын анықтаңдар. Оның жылдамдығы 1480 м/с, ал жиілігі 740 Гц.
3) «Бес жол өлең» (синквейн)
- 1-жол: зат есім
- 2-жол: сын есім
- 3-жол: етістік
- 4-жол: сөйлем
- 5-жол: балама сөз
Рефлексия
- Бүгінгі сабақтан мен не білдім?
- Мен үшін қандай жаңалық болды?
- Сабақ туралы пікірім.
- Неге таң қалдым?
Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
- §31–35 оқу.
- 26–27-жаттығу тапсырмаларын орындау.
- «Шудың пайдасы мен зияны және онымен күресу жолдары» тақырыбында эссе жазу.
Құқықтық және әлеуметтік байланыс
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы №1270 қаулысы: «Шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердің нормаларын бекіту туралы».
Бағалау: бағалау парағы бойынша жүргізіледі.