Елбасы жолдауы - қалың бұқараны сара жолға салатын жол

«Қазақстан – 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел, бір тағдыр

Бұл материалдың мақсаты – Қазақстан Республикасының болашақ азаматы ретінде оқушылардың мемлекетіміздің келешегіне деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі ете отырып, бағыт-бағдар беру. Сонымен бірге елдің ішкі және сыртқы ахуалымен үнемі танысып отыруға баулу, өз ойын ашық айту дағдысын дамыту, ұлтжандылыққа, ауызбірлікке, адалдыққа, достыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Өткізу түрі

Сұрақ-жауап, пікірталас

Көрнекіліктер

  • Суреттер, буклеттер
  • Шарлар
  • Елбасының фотосуреттері
  • Слайд-презентация

Бастапқы бөлім

Мемлекеттік Әнұран орындалады. Одан кейін кіріспе сөз айтылады.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы және «Қазақстан – 2050» стратегиясы

Бүгінде Елбасының Жолдауы қоғамда кеңінен талқылануда. Жолдау – көпшілікті ортақ мақсатқа жұмылдыратын, даму бағытын айқындайтын маңызды бағдар. Ал стратегиялық Жолдау – елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл-ауқатын көтеруге және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған қысқа және ұзақ мерзімді бағдарламалар жүйесі.

Оқушының ой-толғауы

Халқым күткен Елбасының Жолдауын,
Елбасымыз күткен елдің қолдауын.
Бізге керек түсіністік, парасат —
Бәрі осы бүгін айтар толғауым.

Елбасының ойлайтыны – ел қамы,
Зиялы елді тебіренту – толғамы.
Қазақ деген елге керек әрдайым
Ерен бірлік, ынтымақтың болғаны.

Негізгі мақсат

Басты міндет – 2050 жылға қарай мықты мемлекетке, дамыған экономикаға және жалпыға ортақ еңбек қағидатына сүйенген берекелі қоғам құру.

  • Мықты мемлекет жоспарлауға, ұзақмерзімді дамуға және экономикалық өсімге сүйенеді.
  • Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс.
  • Жаһандық бәсекеге дайын болу үшін нысаналы әрі шабытты еңбек қажет.

Талқылау бөлімі: «Егер мен болсам…»

Пікірталасқа арналған сұрақтар оқушының азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, жауапкершілік пен бастамашылдықты дамытуға бағытталған.

Мемлекеттік басқару және қоғам

  1. Елбасы болсаң, ел дамуына қандай үлес қосар едің?
  2. Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғыртуда қандай үлес қосар едің?
  3. Жемқорлыққа қарсы күресте қандай қадам ұсынар едің?
  4. Ауыл әкімі болсаң, ауылдың дамуына қандай үлес қосар едің?

Экономика, ресурстар, ауыл

  1. Салық саясатын жетілдіру үшін қандай ұсыныс айтар едің?
  2. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін не істер едің?
  3. Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға қандай үлес қосар едің?
  4. Су ресурстарын қорғау және үнемдеу үшін қандай шешім ұсынар едің?

Денсаулық, бала құқығы, спорт

  1. Денсаулықты қорғау саласында қандай бастама көтерер едің?
  2. Баланы қорғау бағытында қандай қолдау шараларын ұсынар едің?
  3. Ауылдағы медициналық қызмет сапасын арттыру үшін не істер едің?
  4. Спортты дамытуға қандай үлес қосар едің?

Білім, тіл, тәрбие

  1. Білім беру жүйесін жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізер едің?
  2. Қазақ тілін дамытуға қандай нақты ұсыныс айтар едің?
  3. «Балапан» бағдарламасын қолдау үшін қандай жоба ұсынар едің?

Халық достығы және Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Ол қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 жылғы 1 наурызда құрылды.

Ассамблеяның қызмет бағыттары

  • Тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді жаңғырту және насихаттау
  • Отансүйгіштікті қалыптастыру
  • Ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту
  • Елде тұратын этнос өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға ұсыныстар әзірлеу

Құқықтық және қоғамдық маңызы

Ассамблея Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі қызметіне қолдау көрсетеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Ассамблеяның өмір бойғы Төрағасы болып табылады.

Тәрбие өзегі: бірлік

Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс-құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса, тыныштық!

Бірлік дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз? Төмендегі ұғымдар арқылы «бірлік гүлін» құрастырып көрейік:

  • келісім
  • қосылу
  • достық
  • үміт
  • бейбітшілік
  • қайырымдылық