Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы
Сабақ жоспары
Сабақтың өтілу құрылымы
-
I
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа назар аударту.
-
II
Үй тапсырмасын тексеру
Сөзжұмбақ және тест арқылы өткен тақырыпты қайталау.
-
III
Жаңа сабақты түсіндіру
Операциялық жүйе, жұмыс үстелі, объектілер және басқару элементтері.
-
IV
Карточкамен жұмыс
Негізгі әрекеттер мен ұғымдарды бекіту тапсырмалары.
-
V
Сабақты қорытындылау
Ребус және қысқа тест арқылы қорытынды жасау.
-
VI
Үйге тапсырма беру
Тақырыпты оқып келу.
-
VII
Оқушыларды бағалау
Белсенділік, сөзжұмбақ және тест нәтижелері бойынша бағалау.
Үй тапсырмасын тексеру: ой қозғау
Өлең жолдары арқылы кіріспе
Құтқарып ауыр бейнеттен,
Техниканы үйреткен.
Роботтай — адамды,
Тіл бітіріп сөйлеткен.
Компьютер демей немене?
Білмегенді білдірген,
Өлшеп киім кигізген.
Барлық істі атқарып,
Пайдасын елге тигізген.
Компьютер демей немене?
Бәріңіз маған қараңыз!
Сабағымызды бастайық.
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Мұғалімнің түсіндірмесі
Өткен сабақта «Компьютердің құрылғылары» тақырыбын аяқтадық. Материалды қаншалықты меңгергендеріңізді тексеру үшін сөзжұмбақ пен тест құрастыру тапсырылған еді. Енді сөзжұмбақты дәптерге қарамай шешіп көрейік (компьютерден құрылғылардың суреті көрсетіледі).
Сөзжұмбақ сұрақтары
- Компьютер экранына ақпарат шығаруға арналған программа?
- Компьютерді басқарып, программалардағы барлық командаларды орындайтын не?
- Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы?
- Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы?
- Компьютерге ақпарат енгізуге арналған кілемше үстінде жүретін құрылғы?
- Интернетпен байланысуға мүмкіндік беретін құрылғы?
- Қағаздағы бейнені монитор экранына көрсетуге арналған құрылғы?
Жаңа сабақ: Windows 98 және негізгі ұғымдар
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасақтаманы басқару үшін қажет. Ол компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Операциялық жүйе — компьютер қосылғанда бірге жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.
Жұмыс үстелі
Операциялық жүйе жүктелгеннен кейін экранда жұмыс үстелі пайда болады. Жұмыс үстелінде Windows 98-дің объектілері және басқару элементтері орналасады.
Негізгі идея
Объект — белгілі бір ұғым; әр объектінің өзіне тән қасиеттері болады.
Windows 98 объектілері
- Бумалар, файлдар, терезелер
- Таңбашалар мен белгішелер
- Тышқан көрсеткіші
Мысалдар: «Менің құжаттарым», «Менің компьютерім», «Себет (Корзина)» және т.б. (компьютерден көрсетіледі).
Файл ұғымы
Файл — дискідегі атауы бар аймақ (яғни сақталған дерек бірлігі).
Басқару элементтері
Жұмыс үстелінде объектілерден бөлек, басқару элементтері де бар. Олардың негізгісі — «Іске қосу (Пуск)» батырмасы мен оның командалары.
Есептер тақтасы
Экранның төменгі жағындағы сұр жолақ Есептер тақтасы деп аталады. Оның оң жағында сағат орналасады.
Сағатты баптау
Сағат параметрлерін өзгерту үшін сағаттың үстінен тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерту жеткілікті. Уақыттан бөлек, күнін де өзгертуге болады.
Объектілермен орындалатын негізгі әрекеттер
Windows 98 объектілерімен мына әрекеттерді орындауға болады: белгілеу, жылжыту, қосу, созу, ашу, жабу. Бұл әрекеттерді дұрыс орындау үшін тышқанды дұрыс қолдану қажет.
Терезені басқару батырмалары
-
Жабу
Терезені толық жабады
-
Жиыру
Терезені есептер тақтасына түсіреді
-
Жаю
Терезені толық экранға кеңейтеді
Windows 98-ден шығу (жұмысты аяқтау)
Командаларды осы ретпен орындау арқылы жүйенің жұмысын дұрыс аяқтаймыз.
Қорытынды және бекіту
Ребус арқылы қорытынды
Сабақ ребус (бейнесөз) арқылы қорытындыланады. Ребустың шешімі ретінде «Жұмыс үстелі» сөзі шығады.
Сұрақ-жауап
Мұғалім: Жұмыс үстелінің элементтерін атаңдар.
Оқушылар: қапшықтар (бумалар), файлдар, есептер тақтасы, белгішелер.
Жедел тест
Оқушылар қысқа тест тапсырмаларын орындайды. Мұғалім жауаптарды талдап, негізгі ұғымдарды нақтылайды.
Үй тапсырмасы
Бүгінгі өткен тақырыпты оқып келу: Windows 98, жұмыс үстелі, объектілер және басқару элементтері.
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан, үйден сөзжұмбақты орындап келген және тестке дұрыс жауап берген оқушылар бағаланады.