Мұрат қарашы мына балаларға бұлар күнде жуынады тап таза балалар
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Мақсаты
- Балаларды тазалыққа баулу, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.
- Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
- Сюжетті-рөлдік ойынды өз бетінше ұйымдастырып, түсініктерін ойын барысында әсерлі қолдана білуге үйрету.
Шаттық шеңбер
Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз тыныш болсын.
Деніміз сау болсын,
Достарымыз көп болсын.
Мақсаты: балалардың көңіл күйін көтеріп, ортақ әрекетке жұмылдыру.
Әңгіме: «Денсаулық — тазалық кепілі»
Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды: деніміз сау болып, ауырмау үшін не істеуіміз керек?
- Жаттығу жасау.
- Күнде жуыну, жеке тазалықты сақтау.
- Тісті тазалау.
- Тамақтың алдында қолды жуу.
Тәрбиеші балаларды мадақтап, тері тазалығы туралы түсіндіреді және «тазалықтың 5 ережесін» суреттер арқылы таныстырады.
Кейіпкердің келуі: кір-қожалақ Мұрат
Есік қағылады. Топқа кір-қожалақ бала — Мұрат келеді. Ол өзін «тазамын» деп ойлайды, бірақ жуынудың дұрыс жолын білмейді.
Мұрат қолына түкіріп, бетін сүрте салады. Тәрбиеші оның бұл әрекетінің дұрыс еместігін түсіндіреді.
Өлең жолдары
Мына бала — беті қара,
Кір-қожалақ, қап-қара.
Тырнағы өскен, шашы да көптен
Алынбапты-ау, масқара!
Әдеті бар жаман-ақ,
Киімі кір-қожалақ,
Көрген емес тазалап.
Тәрбиеші Мұратқа басқа балалардың күнде жуынатынын айтып, тазалықтың маңызын түсіндіреді.
Сергіту сәті
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолды жу.
Тазалықтың досы — су,
Дегенің осы.
Тазалықтың достары: су, сабын, сүлгі, щетка
Сабын
Мұрат: «Кетпейді ғой…»
Тәрбиеші: «Су кетірмесе, сабын кетіреді».
Інжу:
«Сабындаған кезінде ашытады көзіңді,
Бола білсең төзімді — тап-таза етер өзіңді.
Тазалықтың досы — сабын деген осы.»
Сүлгі (орамал)
Азиз:
«Сүлгі ақ мамықтай түгі бар,
Қызыл-жасыл түрі бар.
Жұмсақтығы мақтадай,
Сүртінесің жалықпай.
Тазалықтың досы — сүлгі деген осы.»
Щетка
Арайлым щетканы таныстырады және сөздерді үш тілде айтуға жаттықтырады:
- су
- сабын
- орамал
- щетка
Балалар Мұратқа көмектесіп, оны жуындырады, тазаландырады және шашын реттеу үшін шаштаразға апарады.
Сюжетті-рөлдік ойын: «Шаштараз»
Шаштараз рөліндегі Айару Мұратты балалармен бірге отырғызып, өз гигиенасы туралы әңгіме жүргізеді: тазалыққа қандай құралдар көмектеседі?
- Сабынмен қолды сабындау.
- Орамалмен (сүлгімен) сүртіну.
- Тісті тазалау.
- Шашты тарау, қажет болса шаштаразға бару.
- Мачалкамен ысқылану, сусабынмен жуыну.
Қонақ: дәрігер Айболит
Тәрбиеші сұрайды: «Ауырып қалсақ, кімді шақырамыз?» Сол сәтте балаларға қонаққа дәрігер Айболит келеді.
Айболит: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен аңдарды емдеймін. Енді сендердің де денсаулықтарыңды тексеруге келдім. Қазір күлімдеген көздеріңді, қызғылт беттеріңді, әдемі күлкілеріңді және тістеріңді көргім келіп тұр».
Балалар қуана қарсы алып, дәрігер жақындап әрқайсысының хал-жағдайын сұрайды.
Дидактикалық ойын: «Өз орнына сал»
Айболитке көмектесу үшін ойын ойналады: орманда бір маймыл барлық заттарды араластырып жіберген екен. Балалар заттарды тиісті маманға/адамға бөлуі керек: дәрігер, аспазшы, ана.
Дәрігер
Емдеу құралдары, тексеру заттары.
Аспазшы
Ас әзірлеуге арналған құралдар.
Ана
Үй күтімі мен бала күтіміне қажетті заттар.
Балалар заттарды дұрыс орналастырып, Айболиттен алғыс алады.
Нүктелі жаттығу
Айболит: «Аңдармен күнде нүктелі жаттығу жасаймыз. Ал сендер жасайсыңдар ма?»
Балалар: «Әрине, дәрігер! Біз күнде жасаймыз».
- 1 Мұрнымызды саусақ ұшымен айналдырамыз.
- 2 Қасымызды бармақпен жеңіл айналдырамыз.
- 3 Құлағымызды саусақ ұшымен айналдырамыз.
- 4 Маңдайымызды саусақ ұшымен айналдырамыз.
Айболит балаларды мақтап, тазалық сақтауға арналған құралдарды сыйға тартады және: «Өздеріңді таза ұстаңдар, ауырмайық, әрдайым көтеріңкі көңіл күйде болыңдар!» — деп қоштасады.
Қорытынды сұрақтар
- Бізге қонаққа кім келді?
- Дәрігер Айболит орманда кімді емдейді?
- Денсаулыққа қажетті құралдарды атаңдар.
- Біз қандай жаттығу жасадық?
Күтілетін нәтиже
Біледі
Дәрігер Айболит — орман дәрігері екенін, тазалық құралдарының түрлері мен олардың пайдасын.
Игерді
Нүктелі жаттығуды орындауды, мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, тазалық құралдарын дұрыс қолдануды.
Меңгерді
Денсаулықты сақтау жолдарын және күнделікті гигиенаның маңызын.
Мәлімет
- Өңір
- Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
- Ұйым
- №33 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы КМҚК
- Тәрбиеші
- Байдешева Күлімхан Жақсылықовна