Отан қорғаушы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беру орта мектебі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Уймаганбетова Жания Муратовна
Тақырыбы
«Біз — Жеңіс мұрагерлеріміз»
Мақсаты
- Оқушыларды отансүйгіштік пен адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерге баулу.
- Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен батырларын құрметтеуге, қастерлеуге үйрету.
- Отан алдындағы азаматтық парызды түсінуге, үлкен қиындықпен келген Жеңісті қадірлеуге тәрбиелеу.
Жүргізушінің құттықтау сөзі
Армысыздар, құрметті қонақтар мен ұстаздар!
Отан қорғаушы — қандай қасиетті, қандай құдіретті сөз! Өзін ер-азаматпын деп санайтын, кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз да, ең басты азаматтық міндет те — Отанды қорғау.
Елімізде Отан қорғаушы күні жыл сайын 7 мамырда аталып өтеді. Қазақ елі жақында бірлік мерекесін тойлады. Енді ерліктің, Жеңістің мерекесі — 9 мамырды бүгінгі Отан қорғаушылар мерекесімен бірге атап өтпекпіз.
Құрметті қауым! Баршаңызды мемлекеттік мереке — Отан қорғаушылар күнімен, сондай-ақ Жеңістің 70 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
«Біз — Жеңіс мұрагерлеріміз» тақырыбындағы бұл шара еліміздің Жеңісі үшін жанын қиған батыр аталарымыз бен ағаларымыздың, апаларымыздың рухына арналады.
Ендеше, сөз кезегін мектебіміздің директоры Дүйсенова Қалампыр Қаражақызына береміз.
Әскерге құрмет, елге қорған
Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметі ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.
Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Шығармашылық сәт
Кішкентай бүлдіршіндерімізді «Шекарашы сарбаздар» биімен қарсы алайық (флешмоб).
Поэзиялық үзінді
Құбылтып әнге басатын, бұлбұлдай емес базарлы.
Ақ құсым дейтін жас ақын, аққудай емес ажарлы.
Қулық та сұмдық білмеген, қаққы мен соққы ісі жоқ.
Қадірлер халық бұл деген — өмірдің бейбіт құсы деп.
Ұша бер, құсым көгілдір, биік тауды бетке алып,
Қолыңда сенің өмір — гүл, қаншама жұлдыз кетті ағып!
Елдікке үндеу және үлгі
Қазақ елін қорғаушы Қарулы Күштердің Жоғары Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елге арнаған сөзінде халық мүддесі жолында күш-қуатты, білім мен ойды аянбай жұмсауға дайын екенін айтып, қайсар қазақ халқы мен батырлары алдында тағзым еткен.
Біз де келешекте Отан алдында адал қызмет ететін, ел қорғаны болатын жас ұрпақ өсіп келе жатқанына сенеміз.
Осы орайда мектебіміздің мұғалімі, Ауған соғысының ардагері Ертилеуов Салават Бикесович ағайға құрмет білдірейік.
Ән
Төлегенова Жазираның орындауында «Сарбаздар әні».
Тәрбиелік ой
«Ер — елінің қорғаны». Ерлікке тағзым ету — ұрпақ парызы.
Тағзым сәті
Отан үшін жанын қиған ерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Естелік — мәңгі, ерлік — өлмес
Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.
Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін —
Ардагерлер — естелігі соғыстың.
Аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы-мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенге — 70 жыл.
70 жыл — бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы еліміздің үстінен ұшпағалы. Ендеше, сол ауыр кезеңді көз алдымызға елестетіп, бейбіт күнге қалай жеткеніміз туралы көріністерді тамашалайық.
Көріністер легі (сценарий)
- Сахнада мектеп бітіруші түлектер (1-көрініс).
- Левитанның хабарламасы.
- «Священная война» — халық ер азаматтарын соғысқа шығарып салады (2-көрініс).
- Солдаттар. Кайыпов Қайрат — «Ауылым» әні (3-көрініс).
- «Катюша» биі.
- Сахна сыртындағы мәтін: жауынгерлер оқ пен от арасында жүрсе де, рухын түсірмей ән айтқан.
- «Ана туралы баллада» (4-көрініс).
- «Хат биі» / «Смуглянка».
- «Жанарыс» (5-көрініс).
- Солдаттар соғыстан оралады (6-көрініс, әнмен).
Өнер — рухтың тірегі
Музыкалық нөмірлер
- Кайыпов Қайрат — «Солдат» әні.
- Бактыбаев Мұхтар — «Соғысқа барып қайтқан домбыра» (монолог).
- 4 «А» сынып оқушысы Шапағат Айнара — «Домбыраның күмбірі».
- 4 «А» сынып оқушысы Есетова Шынар — «Жойылсын соғыс» әні.
Тілек
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен-аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел,
Шайқалмасын асқар бел,
Шайқалмасын шалқар көл!
Жеңіс туралы ой
Төрт жылға созылған қанды қырғыннан кейін, 1945 жылдың көктемінде дүние жүзі халқы бостандықтың лебін сезінді. Халық «Отан» ұғымын тереңірек ұғынды. Ерлік пен еңбек жеңіске жеткізді.
«Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалмайды» — бұл сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады әрі боздақтарға қойылған ескерткіштерге қашалып жазылған мәңгілік аманат.
«День Победы» — естелік пен үміттің әні.
Қорытынды бөлім
Хор
Кішкентай бүлдіршіндеріміз «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен өнер көрсетеді.
Хорлық орындау
5 «Г» сынып оқушысы Уткелбай Жасұланның орындауында «Жаса, Қазақстан!» (хор).
Мәні
Бейбіт өмір — ең үлкен құндылық. Оны сақтау — әр ұрпақтың қасиетті борышы.