Барлық екі орынды тақ сандардың көбейтіндісінің соңғы цифрын ата

Кіріспе және жүргізушілер сөзі

1 жүргізуші

Қайырлы күн, құрметті достар! Ұлы Абай атамыз: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім…» деп, білімнің қадірін уақытында түсінудің маңызын еске салады. Математика сырын дер кезінде меңгермей, кейін өкініп қалмас үшін бүгін біз математика әлемімен тілдесіп, ойымызды сынайтын сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2 жүргізуші

Бүгінгі сайысымыздың ұраны: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.» Терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек ұрпақ тәрбиелеу — уақыт талабы. Ауданымызда болашағынан үлкен үміт күттіретін оқушылар аз емес. Ендеше, сайыскерлерімізді ортаға шақырайық!

Екі жүргізуші

Ортаға назар аударайық: сайыскерлер шықпақ ортаға — қол соғып қарсы алайық!

2 жүргізуші

Саламатсыздар ма, қатысушылар — нақты ғылымға қызығушылар! Естігенін есте сақтап, оқығанын ойға түйетіндер, қош келдіңіздер!

1 жүргізуші

Саламатсыздар ма, ұстаздар! Сіздер оқытқан оқушылардың білімін сыналар сәт те келді.

Әділқазылар алқасы

Ойынымызды бастамас бұрын әр топтың білімін әділ бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлаймыз. Бүгінгі сайыс шарттары әр әділқазының алдына алдын ала дайындалып қойылған.

Әділқазылар тізімі

  1. 1________________________________
  2. 2________________________________
  3. 3________________________________

I бөлім — «Бәйге»

Ереже

  • Әр қатысушыға 5 сұрақтан беріледі.
  • Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
  • Мақсат — мүмкіндігінше көп ұпай жинап, топ ішінде алға шығу.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығар бәйгеде, жас қырандар — бастайық!

Сұрақтар (жауап нұсқаларымен)

Төмендегі «+» белгісі — дұрыс жауап.

  1. 1) Бір мың сомның 1%-ы

    • A) 100
    • B) 1000
    • C) 10 +
  2. 2) 1 пұт неге тең?

    • A) 16 кг +
    • B) 6 кг
    • C) 10 кг
  3. 3) Сандарды көбейту арқылы нөлді алуға бола ма?

    • A) Жоқ
    • B) Білмеймін
    • C) Иә +
  4. 4) Теріс сан қай елде пайда болды?

    • A) Ежелгі Египет
    • B) Ежелгі Қытай +
    • C) Үндістан
  5. 5) Квадрат теңдеудің коэффициенттері арасындағы байланысты анықтаған (теорема атымен аталған) математик

    • A) Пифагор
    • B) Әл-Фараби
    • C) Виет +
  6. 6) Ең кіші натурал сан

    • A) 0
    • B) 1 +
    • C) 2
  7. 7) Кеңістіктегі фигуралардың қасиетін оқытатын геометрия бөлімі

    • A) Стереометрия +
    • B) Планиметрия
    • C) Арифметика
  8. 8) 10 тонна суды 10 насоспен 10 минутта сорады. 25 тонна суды 25 насоспен неше минутта сорады?

    • A) 5
    • B) 10 +
    • C) 25
  9. 9) Нүктенің екінші координатасы қалай аталады?

    • A) Абцисса
    • B) Жазықтық
    • C) Ордината +
  10. 10) 60-тың үштен бір бөлігі

    • A) 30
    • B) 10
    • C) 20 +
  11. 11) y = kx + b түріндегі теңдеу

    • A) Сызықтық +
    • B) Квадраттық
    • C) Кубтық
  12. 12) Тік төртбұрыштың диагональдары өзара перпендикуляр бола ма?

    • A) Иә
    • B) Білмеймін
    • C) Жоқ +
  13. 13) Егер 1 қараша — дүйсенбі болса, осы жылдың 1 желтоқсаны аптаның қай күні болады?

    • A) Сәрсенбі +
    • B) Сейсенбі
    • C) Бейсенбі
  14. 14) Ең үлкен екі таңбалы сан

    • A) 10
    • B) 90
    • C) 99 +
  15. 15) Текшенің неше төбесі бар?

    • A) 4
    • B) 8 +
    • C) 12
  16. 16) Сегізінші баспалдағы ортасы болатын сатыда неше баспалдақ бар?

    • A) 16
    • B) 12
    • C) 15 +
  17. 17) Ұзындығы 2 м, ені 2 м, тереңдігі 2 м шұңқырда қанша жер бар?

    • A) 4
    • B) 8
    • C) Ешқандай +
  18. 18) Метрдің жүзден бір бөлігі

    • A) Дециметр
    • B) Километр
    • C) Сантиметр +
  19. 19) Текшенің қабырғасын екі есе үлкейтсек, көлемі неше есе өседі?

    • A) 4 есе
    • B) 8 есе +
    • C) 12 есе
  20. 20) Материктер саны мен мұхиттар санының көбейтіндісі

    • A) 20
    • B) 22
    • C) 24 +
  21. 21) Төртбұрышқа неше диагональ жүргізуге болады?

    • A) 4
    • B) 3
    • C) 2 +
  22. 22) Дәлелдеусіз қабылданатын тұжырым

    • A) Лемма
    • B) Теорема
    • C) Аксиома +
  23. 23) Бірінші математик әйел

    • A) Т. Абылқасымова
    • B) А. Г. Досмағамбетова
    • C) С. Ковалевская +
  24. 24) 80 жолаушыны тасымалдау үшін қанша 7 орындық қайық керек?

    • A) 10
    • B) 12 +
    • C) 11
  25. 25) Барлық екі таңбалы тақ сандардың көбейтіндісінің соңғы цифры

    • A) 7
    • B) 6
    • C) 5 +
  26. 26) Қай теореманы ертеде «Қалыңдық» теоремасы деп атаған?

    • A) Фалес теоремасы
    • B) Виет теоремасы
    • C) Пифагор теоремасы
  27. 27) Текшенің неше жағы бар?

    • A) 4
    • B) 8
    • C) 6 +
  28. 28) 1 кг темір ауыр ма, әлде 1 кг мақта ауыр ма?

    • A) Темір
    • B) Мақта
    • C) Бірдей +
  29. 29) Кім жылына 4 рет «киінеді»?

    • A) Ай +
    • B) Күн
    • C) Жер
  30. 30) Көлемі 1000 см³ текшенің барлық жақтарының ауданы

    • A) 400 см²
    • B) 300 см²
    • C) 600 см² +
  31. 31) Үшбұрыштар теңдігі белгісі саны мен «ля» нотасының реттік санының көбейтіндісі

    • A) 9
    • B) 12
    • C) 18 +
  32. 32) Әкенің 6 ұлы бар. Әр ұлының 1 қарындасы бар. Отбасында неше бала?

    • A) 6
    • B) 12
    • C) 7 +
  33. 33) 4 ойыншы 4 сағат домино ойнады. Әр ойыншы неше сағат ойнаған?

    • A) 8
    • B) 1
    • C) 4 +
  34. 34) Әтеш бір аяғымен тұрса 3 кг. Екі аяғымен тұрса неше кг?

    • A) 3 +
    • B) 6
    • C) 12
  35. 35) «Конус» грек сөзінен аударғанда қандай мағына береді?

    • A) Жақ
    • B) Оқтау
    • C) Қарағай бүршігі +
  36. 36) Қай гүлдің атауы математик әйелдің құрметіне қойылған?

    • A) Хризантема
    • B) Роза
    • C) Гортензия +
  37. 37) Ардақ, Кәрім, Айгүл үшеуі дойбы ойнады. Әрқайсысы екі партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналды?

    • A) 2
    • B) 3 +
    • C) 4
  38. 38) Үшбұрышқа неше диагональ жүргізуге болады?

    • A) 1
    • B) 3
    • C) Ешқандай +
  39. 39) 9-сыныпқа арналған «Геометрия» оқулығының авторы

    • A) Г. Досмағамбетова
    • B) А. Абылқасымова
    • C) И. Бекбоев +

Бұл бөлім аяқталған соң, ұпайы ең аз болған 2 сайыскер ойыннан шығарылады.

II бөлім — «Полиглот»

Бағалау

  • 3 тілде — 30 ұпай
  • 2 тілде — 20 ұпай
  • 1 тілде — 10 ұпай

Гете айтқандай: «Біліп қана қою аз — сол білгенді өмірде қолдана білу керек.» Ендеше, тіл білімін сынайық.

Тапсырмалар

Жауапты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуға болады.

  1. 1) Күнде таңертең мектепке өзіңмен бірге алып баратын білімнің «куәгері»

    Күнделік / Дневник / Diary

  2. 2) «Шанаңды жазда, арбаңды ... күні дайында»

    Қыста / Зимой / In winter

  3. 3) «Көз қорқақ, ал ... батыр»

    Қол / Рука / Hand

  4. 4) Тік бұрыштан кіші бұрыш қалай аталады?

    Сүйір / Острый / Acute

  5. 5) «Керек ... бақытсыздық кезінде есіне алынады»

    Дос / Друг / Friend

  6. 6) 7 мен 8 санының арасына қандай белгі қойса, 7-ден үлкен, бірақ 8-ден кіші сан шығады?

    Үтір / Запятая / Comma

  7. 7) «Отыз тістен шыққан сөз, ... рулы елге тарар»

    Отыз / Тридцать / Thirty

  8. 8) Оң сандарға «қолшатырдай қалпақ» болатын ұғым

    Квадрат түбір / Квадратный корень / Square root

  9. 9) Бірдей санды бірнеше рет көбейтуден тұрады. Ықшамдасаң, қалай аталады?

    Дәреже / Степень / Power

  10. 10) «Жеті қауіпке — бір ...»

    Жауап / Ответ / Answer

III бөлім — «Көкпар»

Бұл кезеңде күрделірек сұрақтар беріледі. Көп ұпай жинаған сайыскер бастайды. Жеңіс жақын — бірақ асықпай, дәл жауап бер!

Физика

Қозғалыс, энергия, қуат, күш — бәрі есеппен ұштасады. Платонның сөзімен айтсақ, білімді біреуден біреуге «құйып» бере салу мүмкін емес — әркім өзі ізденуі керек.

20 ұпай

Қай шай тез суиды: байдікі ме, әлде Алдардың шайы ма?

Жауап: Алдардың шайы. Шекерді бірден салса, шайдың температурасы бірден төмендейді.

30 ұпай

Бауырсақ тез суымасын деп темір ыдысқа салу дұрыс па?

Жауап: Жоқ. Ағаш ыдыс дұрыс, өйткені ағаштың жылу өткізгіштігі металға қарағанда төмен.

40 ұпай

Алдар дала суық екенін қайдан білді?

Жауап: Мысықтың жүні үрпиіп тұрғанынан. Жүн арасындағы ауа қабаты жылуды нашар өткізеді.

Математика тарихы

Математика — ең көне ғылымдардың бірі. Оның тарихын білу ұғымдарды терең түсінуге, идеялардың қайдан шыққанын көруге көмектеседі.

20 ұпай

Ондық бөлшекті алғаш енгізген XV ғасырдағы өзбек математигі

Жауап: Әл-Каши

30 ұпай

Б.з.д. 624–547 жж. өмір сүрген грек ойшылы, су стихиясын алғашқы негіз деп санаған, теоремасы белгілі

Жауап: Фалес

40 ұпай

1540–1603 жж. француз математигі, коэффициенттерді әріппен белгілеуді енгізген

Жауап: Франсуа Виет

Логикалық есептер

Логика мен күлкі кейде қатар жүреді: дұрыс ойлау — күтпеген шешімге әкелуі мүмкін.

20 ұпай

Екі қолда 10 саусақ. Он қолда неше саусақ?

Жауап: 50

30 ұпай

Табада екі котлет қуырылады. 3 котлетті ең аз уақытта қуыру

Жауап: 6 минут

40 ұпай

3 тауық 3 күнде 3 жұмыртқа туады. 12 тауық 12 күнде неше жұмыртқа туады?

Жауап: 48

Информатика

20 ұпай

Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды?

Жауап: 1946 жылы

30 ұпай

Ең алғашқы электронды есептеуіш машинаны кім ойлап тапты?

Жауап: Джон Нейман

40 ұпай

Ақпараттың үлкен көлемін сақтауға және қайта шығаруға арналған құрылғы

Жауап: Дискжетек

IV кезең — «Жеңіс таяу, қозғалма баяу»

Ең қиыны жақындады.

Мықтылар қалды — енді шапшаңдық пен дәлдік сыналады. Ойлан да, кідірме!

1-оқушыға сұрақтар

  1. 1Компьютердің «миы» — процессор.
  2. 2Ток көзіндегі кернеуді өлшейтін құрал — вольтметр.
  3. 3Үш түйеқұс «ұшып» келе жатты… (Түйеқұс ұшпайды.)
  4. 4Принтердің түрі — 3.
  5. 51 жұмыртқа 4 минут қайнаса, 5 жұмыртқа да — 4 минут.
  6. 6Шаршы периметрі 44 см болса, қабырғасы — 11 см.
  7. 7Графикалық редактор — Paint.
  8. 8Төрт қойдың аяғы — 16.
  9. 9Компьютерлер мен желілердің ғаламдық жиынтығы — Интернет.
  10. 10Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы 4 бала жолықса да, мектепке барғаны — 5 бала.

2-оқушыға сұрақтар

  1. 1Ойлау заңдары туралы ғылым — логика.
  2. 2Ақиқат не жалған болуы мүмкін пайымдау — пікір.
  3. 31 т мақта мен 10 ц темір — тең.
  4. 4Төрт бұрыштың бір бұрышын кессе, 5 бұрыш қалады.
  5. 5100 кг пияздан 3 есе артық картоп — 300 кг.
  6. 6Екі адам 4 сағат шахмат ойнаса, әрқайсысы — 4 сағат.
  7. 75 ұл және бір ортақ қарындасы — 6 бала.
  8. 8Сағат тілі тәулігіне тік бұрышты — 4 рет жасайды.
  9. 94 ұлда (20 саусақтан) — 80 саусақ.
  10. 10Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы — модем.

3-оқушыға сұрақтар

  1. 1Ең кіші үш таңбалы сан — 100.
  2. 2Әкесі баласымен, атасы немересімен отырса — 3 адам.
  3. 3Көпбұрыштың қабырғасында жатпайтын екі төбесін қосатын кесінді — диагональ.
  4. 4Гаусс пен Пифагор — математик, Герцен — математик емес.
  5. 5Биллион — миллиард.
  6. 6cos 180° = −1.
  7. 7Жай сан — 1-ден үлкен, 1 мен өзінен басқа бөлгіші жоқ сан.
  8. 85 алманы 8 балаға тең бөлу: 4 алманы екіге бөліп (8 жарты), 1 алманы 8 бөлікке бөлу.
  9. 9sin 180° = 0.
  10. 10Әжей құлап, жұмыртқалардың бәрі жарылса — бірде-бірі қалмайды.

Қорытынды

Сайысымыз мәресіне жетті. Ендігі сөз — әділқазылар алқасында: олар жеңімпаздарды анықтап, мақтау қағаздары мен сыйлықтарын табыстайды.

Көңіл бөліп, осы кешке келгендеріңізге көп рақмет!

Бүгін біз білмегенімізді үйрендік. Білімге ұмтылсақ — шыңымыз биік болады. Өмір өнермен де үйлеседі: жанымыз жадырасын, ән тыңдайық.