Майшам жаттығуы

Сабақтың тақырыбы: Іңкәр көңіл, нәзік сезім

Мақсаты

Махаббаттың адам өміріндегі шынайы сезім ретіндегі құдіретін түсіну, құштарлық ұғымымен салыстыра отырып ажырата білу.

Міндеттері

  • Жастар арасындағы қарым-қатынаста сезім құдіретінің маңызын сезіне білу.
  • Алғашқы сезім, құштарлық, сүйіспеншілік ұғымдарын ажырата білу.
  • Оқушыларды Отанын, туған жерін, ата-анасын сүюге тәрбиелеу.

Әдістері

Сұрақ–жауап, әңгімелесу, пікірлесу, топтық жұмыс, тест.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

1) «Амандасу» тренингі: Бумба–Юмба тайпасы

Ереже бойынша мынадай қимылдар орындалады:

  • Алақанды 1 рет соққанда — қасыңыздағы адаммен бір-біріңіздің мұрындарыңызды ұстайсыздар.
  • Алақанды 2 рет соққанда — бір-біріңізге арқаларыңызды түйістіресіздер.

Рефлексия сұрақтары

  • Қазір қандай көңіл күйдесіздер?
  • Қандай әсер алдыңыздар?

Оқушылар жыл мезгілдері бойынша топқа бөлінеді. Әр топ өз көшбасшысын сайлайды.

2) «Шаттық шеңбері»

М. Шахановтың «Гүлдәурен» әні (әні мен сөзі).

II. Ойланайық, пікірлесейік

Төмендегі сұрақтар арқылы пікір алмасып, өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз:

  • Алғашқы сезім, балауса махаббат дегенді қалай түсінеміз?

  • Сезім әркез екіжақты бола ма?

  • Қыз баланың бірінші болып өз сезімін білдіруіне қалай қарайсыз?

  • Егер біреуді ұнатсаңыз, сезіміңізді ашық айтуға дайынсыз ба?

  • Сырыңызды кіммен бөліскен дұрыс деп ойлайсыз?

  • Махаббат адамның лауазымына, байлығына, жасына байланысты өзгеруі мүмкін бе?

III. Оқу ақпараты

Жасөспірімдер арасындағы достық кейде үлкен сезімге айналады. Ұл мен қыздың қарым-қатынасында балауса махаббат ұяласа, адам ерекше күйге бөленеді. Ол ұнатқан адамына айрықша ілтипатпен қарап, нәзік сезімін білдіруге ұмтылады.

Негізгі ой: достық пен сүйіспеншілік бір-біріне жақын, бірақ мәні мен жауапкершілігі бөлек ұғымдар.

IV. Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды шоғырландыру және көңіл күйді көтеру.

V. Жаттығу: ойланып көр

Оқушы дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

Талқылау сұрағы

Достық қарым-қатынасты тез түсінесіз бе?

VI. Ойлан, тап

Үзіндіні оқып, сұрақтарға жауап беріңіз:

Жігіттің қызды жақсы көруінің себептері көп қой. Мен болсам, самғап келіп, бір курста мөлдіреп отырған отыз қызға тап болдым — отыз торға шырмалдым. Алғашқы күнгі мен партаға құлатып алған кішкентай сиясауыттың әлсіз сылдыры бірте-бірте сол кісен шынжырының шылдырына айналған тәрізді. Осы оқиға сұлу әйелдің бетіндегі менмұндалап, мөлдіреп тұратын меңдей болып, өмір бойы көкейімде, көз алдымда қалды. Меңтайды шын жақсы көруімнің ұшы осы оқиғадан басталды-ау деймін.

Сұрақ 1

Бұл үзінді қай романнан алынған?

Сұрақ 2

Романның авторы кім?

VII. Пантомима (этюд)

Әр топ берілген образды қимыл мен мимика арқылы бейнелейді.

I топ: «Күнге қыздырынған мысық»

Шарты: күнге қыздырынған мысықты бейнелеп көрсету.

II топ: «Ұйқыдағы мысық»

Шарты: ұйықтап жатқан мысықты бейнелеу.

III топ: «Тәтті кәмпит» (қуанышты бейнелеу)

Шарты: бір оқушы шеңбер бойынша кәмпит үлестіреді. Кәмпит алған оқушылар мимика арқылы ауыз қимылын келтіріп, жымиып, кәмпиттің тәттілігін бейнелейді.

VIII. Шығармашылық жұмыс: «Махаббатсыз дүние бос…»

Тақырып бойынша зерттеу жасап, талдау ұсыныңыз. Төмендегі кезеңдерді ретімен орындаңыз.

1-кезең: Ұғымның мәнін анықтау

«Махаббат» ұғымын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

2-кезең: Ұқсас ұғымдарды іріктеу

Махаббатқа қатысты синонимдерді жазыңыз.

3-кезең: Қарсы ұғымдарды іріктеу

Махаббатқа қатысты антонимдерді жазыңыз.

4-кезең: Ұғымның өмірдегі мәнін ашу

  • Махаббаттың құндылығы неде?
  • Адамға махаббат қаншалықты қажет?
  • Махаббат жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектесе ала ма?

5-кезең: Кемшіліктерін талдау

  • Махаббатта кемшіліктер бола ма?
  • Адам өз махаббатынан зиян шегуі мүмкін бе?

6-кезең: Тұжырым

Сөйлемді аяқтаңыз: «Махаббат — бұл …»

IX. Түйіндеме (ой-толғаныс)

  1. Біреуді жақсы көру және сол адам үшін барыңды аямау — әрқайсымыздың қолымыздан келетін ерлік.
  2. Махаббат — адам жанына ерекше өзгеріс енгізетін, сөзбен айтып жеткізу қиын ұлы сезім.
  3. Махаббат — адам көңіліндегі тазалық пен сұлулықтың көрінісі, қасиетті құндылық.
  4. Махаббат — шуақты да шұғылалы, нәзік те көркем, тіл жеткісіз ғажайып сезім.

X. Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар қысқа жазбаша рефлексия жазады: бүгін не түсінді, қандай ой түйді, қандай сұрақ қалды.

XI. «Жүректен жүрекке»: майшам жаттығуы

Сабақ аяқталуға жақын. Мұғалім майшам жағып, шеңбер бойынша береді. Әр оқушы майшамды алған кезде, бірлесіп жұмыс жасағаны үшін келесі адамға бір жылы сөз айтады.

Майшам — жарық пен жақсылықтың символы: алдарыңыз әрдайым ашық, жолдарыңыз жарқын болсын деген тілек.

Соңында төменнен жоғары қарай шапалақтау арқылы сабақ қорытындыланады.