Баскетбол ойыны
Толағай спорттық ойын-сайысы
Бұл отбасылық ойын-сайыстың басты бағыты — оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және ата-аналармен бірлескен жұмыс жүргізу.
Мақсаты
Оқушылардың денсаулықты сақтау мәдениетін дамыту, ата-анамен ынтымақтастықты күшейту.
Сабақтың түрі
Кіріктірілген сабақ.
Әдісі
Ойын, сайыс.
Пәнаралық байланыс
Дене шынықтыру, музыка, әдебиет.
Керек құрал-жабдықтар
Қап, секіртпе, баскетбол добы, белгілер/кедергілер, нысанаға арналған құралдар, арқан (арқан тарту үшін), командалық эмблемалар.
І. Кіріспе
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар және команда мүшелері! Бүгінгі шарамыздың өзегі — денсаулықты сақтау және оны күте білу. «Толағай» атты отбасылық ойын-сайысына қош келдіңіздер!
Сайыс басталмас бұрын жарысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырамыз.
Өмір — өзен, ағып жатқан талассыз,
Осы сайыста керек мықты намыс.
Денсаулықсыз қаларсың жол ортада,
Сондықтан да сақта оны жан-жақтаңыз.
Сайыс құрылымы
1) Таныстыру
Әр топ өз атауын, ұранын және эмблемасын таныстырады.
2) Ойын түрлері
- 1 Жылдамдыққа жүгіру
- 2 «Кенгуру»
- 3 «Сүңгіп өт»
- 4 Баскетбол элементтері
- 5 «Арба» ойыны
- 6 «Мергендер»
- 7 «Кім мықты?» (арқан тарту)
3) Өз өнері
Әр команда өз өнерін көрсетеді: ән, би, сурет және т.б.
Қанеки, бір-бірімізді қолдайық,
Бүгінгі жарысымызды бастайық.
Жеңіске жетеміз деп ұрандап,
Бірлікпен алға қадам тастайық.
Өткізу барысы
1) Таныстыру кезеңі
Сайыскерлер кезекпен ортаға шығып, топ атауын, ұранын және эмблемасын таныстырады. Таныстыру аяқталған соң өз орындарына тұрады.
- 1-команда
- 2-команда
- 3-команда
2) Ойын кезеңдері
1-ойын: Жылдамдыққа жүгіру
Ереже: ұйымдастырушы түсіндіредіКомандалар белгіленген қашықтықта эстафета түрінде жарысады.
2-ойын: «Кенгуру»
Сайыскерлер екі аяқтарына қап киіп, кенгуру секілді секіріп залдың соңына дейін жетеді. Сол жерде қабырғадағы мақал-мәтелдерді жалғастырып айтып, командасына қайтады.
1-команда мақалдары
- Денің сау болса — «жарлымын» деме, жолдасың көп болса — «жалғызбын» деме.
- Шынықсаң — шымыр боласың.
- Бірінші байлық — денсаулық.
2-команда мақалдары
- Тазалық — саулық негізі, саулық — байлық негізі.
- Ауырып ем іздегенше — ауырмайтын жол ізде.
- Денсаулық — зор байлық.
3-команда мақалдары
- Дені саудың — жаны сау.
- Көзің ауырса — қолыңды тый, ішің ауырса — аузыңды тый.
- Күш — атасын танымас.
3-ойын: «Сүңгіп өт»
Ойыншы кедергіден (үңгір/тоннель) өтіп, секіртпемен 10 рет секіреді де командасына қайтады. Келесі ойыншы жалғастырады.
4-ойын: Баскетбол элементтері
Ойыншылар қалқанға доп лақтырады. Содан кейін допты командасына беріп, эстафетаны жалғастырады.
5-ойын: «Арба» ойыны
Екі ойыншы жұптасып қозғалады: біреуі «арба» қалпында, екіншісі аяқтан ұстап бағыттайды. Белгіленген қашықтықтан өтіп, келесі жұпқа кезек береді.
6-ойын: «Мергендер»
Ойыншылар орындарынан қозғалмай, нысанаға дәлдікпен лақтырады. Ұпай саны дәлдікке қарай есептеледі.
7-ойын: «Кім мықты?» (арқан тарту)
Командалар арқан тартысып, күш пен ұйымшылдықты сынайды.
3) Өз өнерін көрсету
Әр команда шығармашылық нөмірін ұсынады: ән, би, сурет және басқа да өнер түрлері.
Қорытынды және марапаттау
Сайыс өз мәресіне жеткен соң, шартқа сай қорытынды шығарылып, жеңімпаздар анықталады. Әділқазылар алқасы нәтижені жариялап, марапаттау рәсімі өткізіледі.