Қазақстанның физикалық географиясы жайлы түсініктерін жүйелеуге және кеңейтуге жағдай жасау

8-сыныптың «Қазақстанның физикалық географиясы» пәні бойынша қайталау сабағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталады. Яғни оқушылар алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуі тиіс. Осы мақсатқа сай топтық жұмыстарда сыни тұрғыдан ойлауға негізделген тапсырмалар ұсынылады.

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның физикалық географиясы бойынша қайталау сабағы

Сілтеме

8-сынып оқулығы, атлас, карта, интернет ресурстары

Сабақ типі

Қайталау сабағы (өткенді жүйелеу және бекіту)

Негізгі тәсілдер мен стратегиялар

Сабақ барысында сыни тұрғыдан ойлау (СТО) стратегиялары қолданылады:

  • Екі жақты презентация

    Жұппен танысу және бірін-бірі таныстыру арқылы коммуникацияны дамыту.

  • Екі жұлдыз, бір тілек

    Кері байланыс: екі ұнаған тұс, бір жақсартуға ұсыныс.

  • Галерея

    Постерлерді айнала қарап, талдау жасап, дәлел келтіру.

  • Эссе жазу

    Ойды құрылымдап жеткізу, дәлелдеу, қорытынды жасау.

  • Портрет салу

    Қиял мен бейнелеу арқылы географиялық түсінікті тереңдету.

  • Синквейн

    Тақырыпты қысқа әрі нұсқа түйіндеу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Жалпы мақсат

Қазақстанның физикалық географиясы туралы түсініктерді жүйелеу және кеңейту; тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Білімділік

Функционалдық сауаттылықты дамыту арқылы Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеудің әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Дамытушылық

Ойлау, есте сақтау және бақылау дағдыларын дамыту; топпен және жұппен жұмыс істеуге, өзін-өзі бағалауға, шығармашылыққа ынталандыру.

Тәрбиелілік

Уақытты тиімді пайдалануға, бірін-бірі құрметтеуге, өзіне сенімді болуға, жүйелі ойлауға, ұқыптылық пен шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Негізгі идея

Оқушыларды өз елінің және туған өлкесінің жер бедері мен табиғатына сүйіспеншілікке баулу, кең байтақ жеріміздің табиғи байлығын бағалауға үйрету.

Күтілетін нәтижелер

  • Қазақстанның физикалық географиясының жалпы жағдайын біледі.
  • Функционалдық сауаттылықты қандай жағдайда қолдану тиімді екенін түсінеді.
  • Карталармен және атласпен сенімді жұмыс жасай алады.

Сабақтың құрылымы (уақыт мөлшерімен)

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    2 минут

  2. 2

    Өткенді қайталау (картамен жұмыс)

    4 минут

  3. 3

    Кіріспе әңгіме: тақырып пен мақсатты анықтау

    3 минут

  4. 4

    Негізгі тақырып пен мақсатты нақтылау

    1 минут

  5. 5

    Тапсырмаларды меңгеру

    5 минут

  6. 6

    Теориялық білімді тексеру

    5–8 минут

  1. 7

    Шығармашылық жұмыс

    2 минут

  2. 8

    Бекіту: практикалық жұмыс

    12 минут

  3. 9

    Сергіту жаттығуы

    3 минут

  4. 10

    Рефлексия (кері байланыс)

    2 минут

  5. 11

    Сабақты қорытындылау

    5 минут

Жұмыс түрлері

  • Жұптық жұмыс
  • Топтық жұмыс
  • Бағалау және өзін-өзі бағалау

Дереккөздер мен жабдықтар

Дәптер, оқулық, интерактивті тақта, презентация, таратпа материалдар, карточкалар, постерлер, стикерлер, маркерлер.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру және сергіту: «Екі жақты презентация»

Жүргізуші нұсқауы

Қазір жұпқа бөлінеміз. Бір-біріңізге өзіңіз туралы толық айтуға 3 минут беріледі, себебі кейін серіктесіңізді топ алдында таныстырасыз. Әріптесіңіз туралы мүмкіндігінше жан-жақты мәлімет жинаңыз.

  • Бүгінгі сабақтан не күтемін?
  • Өзімнің қандай қасиетімді бағалаймын?
  • Менің мақтанышым
  • Қолымнан келетін ең жақсы іс

Барлығыңызға бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.

Оқушының әрекеті

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірінің жақсы қасиеттерін атап өтеді. Кейін жұппен танысып, серіктесін қысқаша таныстырады.

2) Топқа бөлу: «Молекула–атом» ойыны

Оқушылар еркін қозғалып жүреді. Мұғалім «молекула – 3» дегенде 3 оқушы қол ұстасып бірігеді (осылай топтар құрылады). Топ мүшелері орындарына отырып, топ басшысын таңдайды.

Топ басшысы бағалау парағын алады және топ мүшелерінің аты-жөнін тіркейді.

Бағалау парағы (үлгі)

Критерий Максимум
Карта бойынша тапсырма 5 ұпай
Теориялық білім (бағалау) 2 ұпай
Эссе 2 ұпай
Синквейн 3 ұпай
Шығармашылық жұмыс (портрет салу) 5 ұпай

3) Кіріспе: табиғат пен туған жер туралы ой қозғау

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Көшіп-қону дегенді құмнан алған секілді.
Мыңқ етпейтін мінезді жаннан алған секілді.

— Қадыр Мырза Әли

Бұл жолдар қазақ халқының өмірі табиғатпен тығыз байланысты екенін меңзейді. Қазақстан табиғаты — кең дала, асқар таулар, мөлдір бұлақтар мен жайқалған шалғындар. Туған жердің әрбір тасы қадірлі. Табиғат — тіршіліктің құтты қонысы, алтын бесігі.

Бейнематериал

«Қазақстан табиғаты» тақырыбындағы бейнефильмді көру және талқылау.

Жедел сұрақтар

  • Осы әсем табиғат неше аймаққа бөлінді?
  • Картадағы нөмірленген объектілерді тез анықтап, жазу.

4) Топтық тапсырмалар (постер + «Галерея»)

Әр топ берілген тапсырма бойынша постер дайындайды. «Галерея» стратегиясы бойынша топтар сағат тілімен жылжып, өзге топтың жұмысымен танысады. Әр постерге «Екі жұлдыз, бір тілек» түрінде кері байланыс қалдырылады.

Тапсырма 1: Екі жолаушының маршруты

Әуе көлігін қолданбай Қазақстанның шеткі нүктелерінен қарама-қарсы бағыттағы нүктелерге кім жылдам жетеді? Бірінші жолаушы солтүстік шеткі нүктеден оңтүстікке қарай, екіншісі батыс шеткі нүктеден шығысқа қарай жүреді.

  • Қайсысы жеңеді? Дәлелдеңдер.
  • Маршрут бойындағы табиғи объектілерді атаңдар.

Тапсырма 2: Тауларды салыстыру және түсіндіру

Алтай мен Мұғалжар таулары геологиялық уақыттың бір кезеңінде қалыптасқан. Неге Алтай — биік таулы, ал Мұғалжар — аласа таулы өлке?

  • «Тянь-Шань» атауы нені білдіреді?
  • «Алтай» және «Сауыр–Тарбағатай» атауларының мәнін түсіндіріңдер.
  • Ең биік нүктелерін және биіктік белдеулерін сызба/суретпен көрсетіңдер.

Тапсырма 3: Еуропа мен Азия шекарасы

Қазақстан дүниенің екі бөлігінде орналасқан. Шекара қай жерден өтеді? Қай облыстар мен қалалар Еуропада, қайсысы Азияда?

  • Қазақстан еуропалық ел ме, әлде азиялық ел ме? Неге?

Бағалау

Оқушылар ұнаған постерлерге смайлик-стикерлер жапсырады. Топтар берілген баға мен ұсыныстарды талқылап, қорытынды шығарады.

5) Бекіту: «Эссе» тапсырмасы

Тақырыптық сұрақ

«Қазақстанның қай аймағын “Рекордтар кітабына” енгізуге болады? Неліктен?»

Мақсаты

Сабақ материалын қабылдау деңгейін және оқу әрекетіне қызығушылықты байқау; дәлелді ой айтуға үйрету.

6) Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары (би элементтері): серпіліс беру, көңіл-күйді көтеру, жаңа ақпаратты қабылдауға дайындау.

7) Қорытынды: «Синквейн» стратегиясы

Синквейн — бес жолды өлең құрастыру әдісі (француз тіліндегі cinq — «бес» сөзінен).

  1. 1Тақырып — 1 сөз (зат есім)
  2. 2Сипаттау — 2 сөз (сын есім)
  3. 3Қимыл — 3 сөз (етістік)
  4. 4Тақырып мәнін ашатын 1 синоним сөз
  5. 54 сөзден тұратын 1 сөйлем

Оқушылар синквейнді стикерге жазады және өз нұсқасын қысқаша оқып береді.

8) Рефлексия және кері байланыс: «Портрет салу»

Асан қайғының Жерұйықты іздеуі сияқты, сен Жерұйықты қандай мекен деп елестетесің?

Оқушылар стикерге сабақтан алған әсерін (көңіл-күйін, қиындық пен жетістігін) қысқаша жазады.

Шығармашылық тапсырма

«Жерұйық» туралы портрет/сурет салу және жұмысына қысқаша талдау жасау: табиғи ерекшелігі, орналасуы, неге дәл осылай бейнеленгені.