Сандар мен амалдарға есептер құрастыру
Батыс Қазақстан облысы • Бөрлі ауданы • Березов мектеп–балабақша кешені
Математика пәні мұғалімі: Киясова Канслу Нуртазаевна
Сабақтың тақырыбы
Сандар сыры
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың бойында ұлттық дүниетанымды қалыптастыру.
- Экономикалық-саяси және ұлттық тарих туралы білімін, жалпы таным деңгейін арттыру.
- Жан-жақты ізденуге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға үйрету.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар сандардың өмірде қолданылуын және математикамен байланысын түсінеді, сондай-ақ сандардың басқа пәндерде де қолданылатынын біледі.
Негізгі идея: сан — тек есептің құралы емес, мәдениет пен білім салаларының ортақ тілі.
I. Ұйымдастыру бөлімі
Сабақтың жұмыс ырғағын қалыптастыру, оқушыларды тақырыпқа бағыттау.
II. Жұмбақ шешу
Атадан 10 боламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейтіп те аламыз.
III. Ой қозғау
Сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыз:
- (2*1) 3 = 4
- (3*2) 1 = 2
- (7*4) 2 = 5
- (4*3) 5 = ?
Жауабы
6
Оқушыдан логикалық байланысын түсіндіріп беру сұралады.
IV. Математикалық және пәнаралық байланыстар
Математика тапсырмаларын тіл, тарих, музыка және өмірлік жағдаяттармен байланыстыра отырып орындау.
1) Квадраттың қабырғалар санын 100-ге көбейтіңіз.
4 × 100 = 400
2) «Дөңгелек» сөзіндегі әріптер санын 2-ге бөліп, 5-ке көбейтіңіз.
… = 20
3) «Шашбау» сөзінің жартысына «-ка» жалғауын қосыңыз.
шаш + ка = шашка
4) Бір жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі?
4 минут
5) Кібісе жылдың ақпан айының соңғы күнінен 4 пен 5-тің көбейтіндісін азайтыңыз.
29 − (4 × 5) = 9
6) Тәуелсіздік күнін халықаралық әйелдер күніне көбейтіңіз.
16 × 8 = 128
7) Шоқан Уәлихановтың өмір сүрген жасына 25-ті қосыңыз.
30 + 25 = 55
8) Ұлы Отан соғысының басталған жылы цифрларының қосындысын табыңыз.
1+9+4+1 = 15
9) Ең үлкен материк атауындағы әріптер санынан 4-ті шегеріңіз.
… − 4 = 3
10) «Ля» нотасының реттік санын квартет мүшелерінің санына көбейтіңіз.
6 × 4 = 24
Ескерту: Кейбір тапсырмаларда тілдік-танымдық қадамдар бар, сондықтан жауаптан бөлек дәлелдеу/түсіндіру де маңызды.
V. Шығармашылық байланыстар: сандардың сырын ашу
Сандардың өмірдегі қолданысын ұлттық таныммен байланыстыра отырып қарастыру.
3 санының мәні
Ұлттық ұғымдарҮш бәйтерек
І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, Б. Майлин
Үш би
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
Үш жұрт
Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт
Үш қуат
Ақыл, жүрек, тіл
Үш асыл
Көз, тіл, көңіл
Үш биік
Билік, дәулет, даналық
Математикамен байланысы
- Үшбұрыштарды шешу әдістері
- Үш перпендикуляр туралы теорема
- 3 санына бөлінгіштік белгілері
- Үшбұрыштың тамаша нүктелері
5 санының мәні
Ұлттық ұғымдарБес арыс
Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов
Бес ақыл
Талап, еңбек, ақыл-ой, қанағат, рақым
Бес қару
Мылтық, найза, айбалта, қылыш, садақ
Математикамен байланысы
- Евклидтің V постулаты (параллельдер туралы)
VI. Сандар мен амалдар
№1
- 4●(5●2)=40
- 1●(7●10)=70
- 8●(4●0)=0
- 7●(3●2)=?
Жауабы: 42
№2
- (7▲3)=21
- (5▲2)=10
- (15■5)=3
- (10■2)=5
- 40■(4▲2)=?
Жауабы: 5
№3
- 5 (3 9)=17
- (8 3) 6=17
- (6 5) (7 1)=19
- (5 2) (10 3)=?
Жауабы: 20
VII. Үй жұмысы
- «Жеті ата», «Жеті қазына», «Жеті ғалам» туралы мәлімет жинақтау.
- «Сандар мен амалдар» тақырыбы бойынша өз есептеріңді құрастыру.
VIII. Қорытынды
Сабақта сандардың математикалық мәнімен қатар, олардың тіл, тарих, мәдениет және күнделікті өмірмен байланысы қарастырылды. Оқушылар логикалық ойлау, дәлелдеу және шығармашылық тұрғыдан пайымдау дағдыларын нығайтады.