Қазір жаз

Қазақ тілі · 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жазғы демалыс

Бұл сабақ оқушылардың жазғы демалыс тақырыбы аясында сөйлесу дағдыларын дамытуға, сөз тіркестерін сөйлем ішінде дұрыс қолдануға және өткен материалды бекітуге бағытталған.

1) Білімділік мақсаты

  • Жазғы демалыс туралы еркін сөйлей білуге үйрету.
  • Сөз тіркестерін сөйлемде орынды қолдануға машықтандыру.
  • Алушы білімді нығайту және өткен тақырыптарды қайталау арқылы білімді жетілдіру.

2) Дамытушылық мақсаты

  • Сөздік қорды молайту арқылы тілдесімге ынталандыру.
  • Сауатты оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру.

3) Тәрбиелік мақсаты

  • Әдемі, таза киінуге және дәптерді ұқыпты ұстауға баулу.
  • Өзіне деген сенімділікті тәрбиелеу.

Сабақ туралы деректер

Әдіс-тәсілдері
Түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі
Көрнекіліктер, тірек сызба, мазмұнды суреттер.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа даярлықты тексеру.
  • Өткен сабақты қайталау.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың үй тапсырмасын тыңдау, сұрақ-жауап арқылы түсінгенін анықтау, қажет жағдайда түзету енгізу.

3) Жаңа білімді қалыптастыру

Мұғалім оқушылармен жылы қарым-қатынас орнатып, олардың белсенді әрекет етуіне қолайлы көңіл күй қалыптастырады.

Тапсырмалар топтамасы

1-тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құра

Ауызша жұмыс
  • Жазда күн қандай болады?
  • Балалар қайда ойнап жүр?
  • Қыздарда доп бар ма?

2-тапсырма: Диалогті досыңмен оқы

Жұптық жұмыс

Тимур: Сәлеметсің бе, Саша!

Саша: Сәлеметсің бе, Тимур!

Тимур: Қазір қай жыл мезгілі?

Саша: Қазір жаз.

Тимур: Жаз айлары қай айлар?

Саша: Маусым, шілде, тамыз.

Тимур: Жазда сен қайда барасың?

Саша: Жазда мен лагерьге барамын.

Тимур: Лагерь қайда?

Саша: Лагерь тауда, орманның ішінде.

Тимур: Саған лагерь ұнай ма?

Саша: Иә, ұнайды.

3-тапсырма: Сөйлемдерді аударып, ауызша айт

Тілдік дағды
  • Айша говорила о школе.
  • Сара рассказала о книге.
  • Диас говорил о друге.
  • Загадка была о животных.
  • Наташа говорила о мультфильме.
  • Книга была о временах года.

4-тапсырма: Үш сөйлем жаз

Жазба жұмысы
  1. Жазда күн жылы болады.
  2. Жазда каникул болады.
  3. Жазда жемістер көп болады.

Қорытынды тапсырмалар

Бекіту

6-тапсырма: Гүлдердің атауын жаз

Мазмұнды сурет бойынша гүлдердің атауларын жазып, сөздікпен тексер.

Сөйлем үлгілері

  1. Мен жазда лагерьге барамын.
  2. Сен жазда ауылға барасың.
  3. Ол жазда Астанаға барады.
  4. Сен дүйсенбі күні мектепке барасың.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

201-бет, 5-тапсырма: мәтінді оқы, мазмұндап әңгімеле.

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының дәлдігі және жазба жұмысының сауаттылығы ескеріледі. Жақсы нәтижелер мадақталады.