Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы
М–С. Бабажанов атындағы ЖОББ мектебі • Қыдырсихова Балбөпе Өтеуғалиқызы
Тақырып
«Білімді мыңды жығар»
Түрі
Сайыс сабақ
Әдістері
Топтық жұмыс, ой қозғау, сұрақ-жауап
Мақсаты
- 1 Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін байқау.
- 2 Тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
- 3 Топпен жұмыс істей білу дағдысын дамыту.
- 4 Байқау мәдениетін қалыптастыру: тыңдау, жауап беру, дәлелдеу.
Көрнекіліктер
Топ аттары, сайыс түрлері, қима қағаздар.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар асық арқылы топқа бөлінеді. Әр топ өз ұранын айтып, таныстырады.
1-топ
Алғырлар
2-топ
Білімділер
3-топ
Ойшылдар
2) Психологиялық дайындық
Кіріспе сөз: бүгін «Білімді мыңды жығар» атты интеллектуалды ойынды өткіземіз.
I. «Қызықты пәндер» (сұрақ-жауап)
Әр топқа жылдам сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап — ұпай.
1-топ: Алғырлар
- Мәтін нешеге бөлінеді?3
- Адам немен тыныс алады?Ауа
- Санды өрнек неден құралады?Саннан
- Қойдың төлі?Қозы
- 9 бен 5-тің көбейтіндісі?45
- «Қара алтын» деген не?Көмір
- Ұлттық аспап?Домбыра
- Көкжиектің негізгі тұсы нешеу?4
- Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді?3
- Қандай тауықтың етін жеуге болмайды?Піспеген
2-топ: Білімділер
- 3 сағат 2 минутта неше минут бар?182
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?2
- Өсімдіктің жер асты мүшесі?Тамыр
- Ешкінің төлі?Лақ
- Дауысты дыбыстардың түрлері?2
- 8 бен 7-нің көбейтіндісі?56
- Тас көмір қайда көп?Қарағандыда
- Үш биді ата.Төле, Әйтеке, Қазыбек
- Есту мүшесі?Құлақ
- Ең үлкен үш таңбалы сан?999
3-топ: Ойшылдар
- 1 сағатта неше минут бар?60
- Аяқталған ойды не білдіреді?Сөйлем
- Адамға ең қажетті жағдайлар?Ауа, су, жарық
- 3 дм неше см?30 см
- Сиырдың төлі?Бұзау
- Адам денесінің тірегі?Қаңқа
- 7 мен 6-ның көбейтіндісі?42
- Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?2
- Күй атасы кім?Құрманғазы
- Екі адам 4 сағат жол жүрді. Әрқайсысы неше сағат жүрді?4 сағат
II. «Ой толғаныс»
Тапсырма
Берілген суреттерден айырмашылықтарды 3 минут ішінде табу. Әр топтың тапқанына қарай қазылар алқасы ұпай береді.
Назарға
Бұл кезең жылдамдық пен байқампаздықты бағалайды: бір-біріңді тыңдап, ортақ шешім шығару маңызды.
1-топ: Жұмбақ-мақалдар
- Піл күшті, піл күшті емес — тіл күшті.
- 100-ден 1-еуі — шешен, 1000-нан 1-еуі — көсем.
- Өнерлінің қолы — алтын.
2-топ: Жұмбақ-мақалдар
- 50 жылда ел жаңа, 100 жылда — қазан.
- Ер жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.
- Ел құлағы — елу.
3-топ: Жұмбақ-мақалдар
- Ер жігіт бірде — бір кісілік, бірде — мың кісілік.
- Ер қаруы — бес қару.
- Он рет өлшеп, бір рет кес.
III. «Мақалдар сайысы»
Жалғасын тап
Әр топ мақалдың жалғасын дұрыс әрі жылдам айтуы керек.
Бағалау өлшемі
- Дәлдік (мәтіннің дұрыс берілуі)
- Жылдамдық
- Топтық келісім
1-топ: Жалғасын тап
- Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық.
- Ел іші — береке, көп ісі — мереке.
- Ер туған жеріне келер, ат тұрған жеріне келер.
- Еңбек етпей елге өкпелеме, теріңді төкпей жерге өкпелеме.
- Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп.
2-топ: Жалғасын тап
- Өнер — ағып жатқан бұлақ, білім — жанып жатқан шырақ.
- Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
- Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа.
- Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады.
- Еңбегіне қарай — құрмет, жасына қарай — ізет.
3-топ: Жалғасын тап
- Отан үшін күрес, елге тиген үлес.
- Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп.
- Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені, еменнің иілгені — сынғаны.
- Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады.
- Ақылдыға жан қымбат, ақылсызға мал қымбат.
Мақалмен жауап (1-топ)
- Қар жанады ма? — Қалауын тапса, қар жанады.
- Етікті қонышынан басып киюге бола ма? — Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас.
- Оттан не ыстық? — Отан оттан да ыстық.
- Отқа түсіп күймеуге бола ма? — Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Мақалмен жауап (2-топ)
- Ең тәтті не? — Ананың сүті тәтті.
- Инемен құдық қазуға бола ма? — Білім инемен құдық қазғандай.
- Шошқа үре ме? — Қорада ит жоқта шошқа үреді.
- Білгенің қанша, білмегенің қанша? — Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
Мақалмен жауап (3-топ)
- Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? — Көз қорқақ, қол батыр.
- Тауық түс көре ме? — Тауықтың түсіне тары кіреді.
- Ер қаруы нешеу? — Ер қаруы — бес қару.
- Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі? — Батыр бір рет, қорқақ мың рет өледі.
Мақал-мәтел тесті
Әр сұрақта дұрыс нұсқаны таңдаңыз.
1-топ
-
Туған жердің .... күйесіз.
A) үйі Ә) түтіні Б) ары
-
Кәсібі бардың ..... бар.
A) нәсібі Ә) ақшасы Б) бағы
-
Ерінбеген ..... су ішеді.
A) електен Ә) құдықтан Б) шелектен
-
Кітап ......, білім тоқығандікі.
A) алғандікі Ә) оқығандікі Б) сатқандікі
-
Кісі аты тершіл, кісі киімі ..... .
A) ақшыл Ә) қалың Б) кіршіл
2-топ
-
Ата-анаң отырған .... төбесіне шықпа.
A) үйдің Ә) дөңнің Б) төбенің
-
Әкенің қадірін ..... болғанда білерсің.
A) қарт Ә) бастық Б) балалы
-
Жығылып жатып ..... күлме.
A) сүрінгенге Ә) жүгіргенге Б) тұрғызғанға
-
....... уақыт соққан желдей тез өтер.
A) тығыз Ә) жақсы Б) бақытты
-
Шын жолдас .... берік, ерге серік.
A) болаттай Ә) жауға Б) сөзге
3-топ
-
Сәуір болмай ..... болмас.
A) тәуір Ә) күн Б) жаңбыр
-
Жасыңда қылжың болсаң, өскенде .... боларсың.
A) ақылды Ә) суық Б) мылжың
-
Бір аштықтың, бір .... бар.
A) тоқтығы Ә) тамағы Б) берері
-
Анасын сүйгеннің .... сүй.
A) өзін Ә) баласын Б) анасын
-
Отан .... басталады.
A) үйден Ә) қаладан Б) отбасынан
Көрермендермен жұмыс
Тапсырма 1
Көрсетілген суреттерге байланысты мақал айту: гүл, қыз, ана, кітап, батыр.
Тапсырма 2: «Кім тапқыр?»
Мақалды қимылмен, ым-ишарамен түсіндіреді. Топтар мақалдың өзін табуы керек.
1)
Қолы қимылдағанның, аузы қимылдайды.
2)
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
3)
Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер.
4)
Таспен атқанды аспен ат.
5)
Отан оттан да ыстық.
Қорытынды
Мұғалім: «Міне, “Білімді мыңды жығар” атты сайыста сайыскерлерімізді анықтайтын кезге жеттік. Алдағы уақытта да білімнің биігінен көріне беріңдер!» — деген тілекпен сайыс сабағымызды аяқтаймыз.
Марапаттау
Сайысқа қатысқан оқушылар мадақталып, марапатталады.