Түйінді идеялар Келтіру формулалары

Топтамадағы сабақтар тізімі

  1. Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану.
  2. Көрсеткіштік теңдеулер және теңдеулер жүйесін шешуге арналған есептер.
  3. Келтіру формулалары бойынша есептер шығару.

Алгебра • 9-сынып

Сабақ тақырыбы

Келтіру формулаларына есеп шығару

Түйінді идеялар

  • Келтіру формулалары
  • Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

Дереккөздер

  • Оқулықпен жұмыс
  • Қосымша мәліметтер
  • Электронды оқулық

Жалпы мақсат

Оқушылардың келтіру формулаларын қолданып, есептерді әртүрлі тәсілмен шешуі арқылы білім-білік дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау және нығайту.

I. Білімділік

Толықтауыш бұрыштар және ұқсас тригонометриялық функциялар ұғымдарын түсіндіру. Ұқсас функциялардың толықтауыш бұрыштардағы мәндері өзара тең болатынын негіздеу және алынған білімді есеп шығаруда қолдану.

II. Дамытушылық

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, есептеу дағдыларын жетілдіру; белсенділігін арттыру және пәнге қызығушылығын күшейту.

III. Тәрбиелік

Оқушыларды саналы тәртіпке, шапшаңдыққа, жауапкершілікке және өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

  • Есеп шығарудың тиімді тәсілдерін меңгереді және топпен жұмыс істейді.
  • Есептің шығару жолдарын бір-біріне түсіндіреді, өзгенің қателігін анықтап түзетеді.
  • Жеке, жұптық және топтық жұмыста идея бөліседі; талдайды, жинақтайды, қорытынды жасайды және бағалайды.

Сабақтың басы: көңіл күйді анықтау

Тақтаға «Көңіл күй» плакаты ілінеді. Оқушыларға өз көңіл күйін білдіретін суретті таңдап белгілеу тапсырмасы беріледі. Сабақ соңына дейін көңіл күйді көтеріңкі деңгейде сақтаудың маңызы ескертіледі.

Бастапқы белгі

Сабақ басындағы көңіл күй

Мақсат

Көтеріңкі күйді сақтау

Әрекет

Өзін-өзі бақылау

Нәтиже

Жұмысқа дайындық

Математика пәні мұғалімі

Әлжанова Бақыт Қонысбайқызы