Түбірден біріккен сөз құрау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Біріккен сөз туралы ұғымды меңгерту, жаттығулар арқылы бекіту. Кейбір сөздердің бірнеше түбірден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдармен түсіндіру.

Дамытушылық

Ауызша және жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуін және шығармашылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа, сауаттылыққа және көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын қалыптастыру, көңіл күйін бақылау.
  • Ой жаттығуы: ойды ширатып, сабаққа жұмылдыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

«Қыс» тақырыбына шығарма. Мәтін ішінде кемінде бір күрделі сөз болуы тиіс.

III. Жаңа сабақ

Ерте, ерте, ертеде Сөзстан деген елде бір ақсақал өмір сүріпті. Ақсақалдың аты — Күрделі сөз екен. Оның үш ұлы болыпты: Біріккен сөз, Қос сөз, Қысқарған сөз. Біріккен сөз бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, балалары да тату-тәтті, ұйымшыл болыпты.

Ереже

Екі (немесе одан да көп) түбірден жасалып, бірге жазылатын сөздер біріккен сөздер деп аталады. Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.

Саяхат сабағының идеясы

Алда келе жатқан мереке — 16 желтоқсан, Тәуелсіздік күні. Қазақстан Республикасы 1991 жылы егемендігін алып, тәуелсіз ел болды. Тәуелсіздіктің айқын көріністерінің бірі — елорда Астана.

5 аялдама

Сұрақтар:

  • Астанаға барып көрдіңдер ме?
  • Қандай таңғажайып орындарын білесіңдер?

Ендеше, Астанаға саяхатымызды бастаймыз. Әр аялдамада біріккен сөздерді тануға арналған тапсырма бар.

Астанаға саяхат: 5 аялдама

1-аялдама: Ақ орда

Билет: 226-жаттығу

226-жаттығу (ауызша): сөздерді оқып, сөз құрамына талдаңдар.

Сөздер:

Айнабұлақ, Қосаяқ, Итмұрын, Тескенсу, Алакөл, Ботагөз, Есдәулет, Ақбөкен.

Ақ орда — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Президент сарайының ресми ашылу рәсімі 2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті. Мұнда ел басшысы түрлі елдердің жетекшілерімен кездесулер мен жиындар өткізеді.

2-аялдама: Парламент

227-жаттығу

16 желтоқсанға байланысты еліміздің тәуелсіздігі жолындағы азаматтардың еңбегі туралы қысқаша түсінік беріледі. Сондай-ақ жерлесіміз, аудан депутаты Н. Сабилянов білімді ұрпаққа сенім артып, тапсырма жолдайды.

227-жаттығу (тақтамен жұмыс): сөйлемдерді оқып, біріккен сөзді табыңдар. Біріккен сөз құрамындағы түбірлердің арасына қосу белгісін қойып жазыңдар.

Қос+құдық, Қара+жал, Ақ+теңіз, Көк+жиек, Ай+дос, Ақ+қу, Бір+жан.

Парламент — заң шығаратын орын. Мұнда депутаттар жұмыс істейді.

3-аялдама: Думан

228-жаттығу

228-жаттығу: мәтіннен аң, құс, жәндік атауы болып келетін біріккен сөздерді тауып жазыңдар.

Ақбөкен, Тауешкі, Қарсақ, Көпқанат, Есектұмсық, Мүйізтас, Көксерке.

«Думан» ойын-сауық орталығы өз жұмысын 2003 жылдың мамыр айында бастады. Орталықта мұхитариум, кинотеатр, кең күмбезді кеңістік, тамақтану орындары және сауда нысандары бар. Аквариумдерде теңіз балықтарының көптеген түрі мекендейді.

4-аялдама: Хан шатыры

229-жаттығу

229-жаттығу: қандай өсімдік атауларын білесіңдер? Мысалдар келтіріңдер.

Түймедақ, Итмұрын, Қойбүлдірген, Қарамық, …

Хан шатыры — Есілдің сол жағалауында орналасқан ерекше сәулет нысаны. Шатырдың биіктігі 150 метр. Сауда алаңы 6 мың шаршы метрден асады және бұл — Астананың ең көрікті орындарының бірі.

5-аялдама: Бәйтерек

Шығармашылық тапсырма

Шығармашылық тапсырма: берілген түбірлерден біріккен сөз құраңдар.

Түбірлер (1)

Жан, Қара, Бөрі, Ер, Дос, Кемпір, Тас.

Түбірлер (2)

Басар, Қосақ, Дос, Шаш, Бақа, Тіс, Жан.

Бәйтерек — мемлекетіміздің рәміздерінің бірі. Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан бұл әсем ғимарат Астана келбетінің айрықша белгісі. Монументтің биіктігі 97 метр.

Қорытындылау

Негізгі ой

Біріккен сөздің ережесін қорытып, мысалдар арқылы дәлелдеу.

Бағалау

Оқушылардың тапсырмаларды орындауы мен белсенділігіне қарай бағалау.

Үй тапсырмасы

230-жаттығу. Ережені жаттау.