Ойын Жасырын санды тап

Сынып: 3 Қайталау сабағы Математика

Сабақтың тақырыбы

Екі және үш таңбалы сандарды көбейту мен бөлуді қайталау.

Сабақтың мақсаты

  • 1

    Көбейту және бөлу тақырыптары бойынша алған білімді пысықтау.

  • 2

    Логикалық ойлауды, шапшаңдық пен жылдамдықты дамыту.

  • 3

    Әртүрлі жағдайларда адамдарға көмектесуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Сызбалар
  • Қима қағаздар
  • Презентация

Пәнаралық байланыс

  • Дүниетану
  • Қазақ тілі

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Тақтадағы әріптерден А және У әріптерінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаймыз.

Берілген қатар:

О И Қ Е Ө А Ә І Й
О И Т І Е А Ә Л
О И Е А Ы О У

Нәтиже: ҚАЙТАЛАУ

Бүгінгі сабақта көп таңбалы сандарды көбейту мен бөлуді қайталаймыз.

2) Ауызша есептеу

Тақтаға назар аударып, бөлуді қайталаймыз.

3) Үй тапсырмасын тексеру

277-бет №2 №4

Балалар, кемедегі амалдарды дұрыс орындапсыңдар. Бүгін тапсырмаларды орындау арқылы адамдардың өмірін сақтауға көмектесетін көліктер мен жедел қызметтер туралы да білеміз.

Нәтиже:

714 сарбаз артық.

4) Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық.

Сұрақ

210 сандарынан неше сан құрастыруға болады?

Жауап

102, 120, 201, 210

Жедел байланыс: 104 — газ қызметі

5) Математикалық диктант

Ең үлкен үш таңбалы сан

999

2 кг неше грамм?

2000

10 сағат неше минут?

600

Азайғыш 74, азайтқыш 32. Айырманы тап

42

1-көбейткіш 70, 2-көбейткіш 4. Көбейтіндіні тап

280

118 санында неше жүздік бар?

1 жүздік

Анықтама: 118 — телефон анықтамасы

6) Есеп шығару

Келесі тапсырманы орындау арқылы тағы бір жедел қызметпен танысамыз.

Мәтіндік есеп

Қалалық ауруханада 49 медбике бар. Дәрігерлер саны медбикелерден 3 есе көп. Сонымен қатар бірнеше тазалыққа жауап беруші жұмыс істейді. Егер ауруханада барлығы 250 адам жұмыс істесе, тазалыққа жауап берушілер саны қанша?

Медбике

49

Дәрігер

49 × 3 = 147

Тазалық қызметі

250 − (49 + 147) = 54

Жауабы: 54 адам.

Жедел жәрдем: 103

7) Математикалық эстафета

Әр қатардағы оқушыларға тапсырмалар жазылған парақтар үлестіріледі. Парақтар тізбек бойымен бір-біріне беріледі, әр оқушы өз шешуін жазады.

Қосындыны тап:

40 + 30 + 10 + 20 + 10 + 2 = 112

Төтенше жағдай: 112

8) Сергіту сәті

Көзге арналған жаттығу жасаймыз: тақтадағы қызыл дөңгелекті көзбен ілестіріп отырамыз.

9) Өздік жұмыс

№1. Теңдеулерді шеш

  1. x · 2 = 408 : 2
  2. x · 4 = 162 + 250
  3. 832 : x = 72 : 9
Полиция: 102

№2. Периметр мен ауданды табу

Екі нұсқа бойынша жұмыс жасаймыз: 1-нұсқа — периметр, 2-нұсқа — аудан.

1-нұсқа: Периметр

a = 200 м, b = 31 м

P = (a + b) · 2

P = (200 + 31) · 2 = 462 м

Жауабы: P = 462 м

2-нұсқа: Аудан

a = 11 м, b = 7 м

S = a · b

S = 11 · 7 = 77 м²

Жауабы: S = 77 м²

Бақылау сұрағы

Не көріп тұрмыз? Мектеп. Неліктен мектептің суреті шықты? Себебі сандарды біріктірсек, мектептің телефон нөмірі шығады: 4-62-77.

10) Ойын: «Жасырын санды тап»

505 : … = …

… · 101 = …

… · … = …

Жауабы

101, 5, 505

Өрт сөндіру: 101

Қорытынды

Бүгін танысқан жедел байланыс қызметтерін жинақтайық:

Газ қызметі

104

Жедел жәрдем

103

Төтенше жағдай

112

Полиция

102

Өрт сөндіру

101

Телефон анықтамасы

118

№5 мектептің нөмірі

46277

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы беріледі.

Бағалау

Оқушылардың жұмысы бағаланады.